3.3 Қазақстан Республикасының аумағына шетелдік жұмыс күшін тартудың негізі мен тәртібі
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатының негіздерінің бірі шетелдік жұмыс күшінің квотасы болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын Қазақстан Республикасындағы еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілейді. Шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шетелдік жұмыс күшінің жыл сайынғы үлесі, республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының үлесі [42].
Облыс әкімдіктері (14), Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктері жыл сайын ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға негізді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі - ҚР Е және ХӘҚМ) ұсынады. Сондай-ақ, мүдделі орталық атқарушы органдар ҚР Е және ХӘҚМ-ге келесі жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу туралы ұсыныстар енгізе алады.
Облыстық және қалалық әкімдіктердің ұсыныстары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мүдделі орталық атқарушы органдарының ұсыныстары бойынша ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін квота белгілеу туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлейді, ол кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына жіберіледі.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі комиссия жұмыс берішілердің алдағы жылға сұратып отырған шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігін қанағаттандыру туралы ұсынымдар шығарадыған кезде, жұмыс беруші рұқсатты алу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары және шарттарында (бұдан әрі - Қағидалар) көзделген құжаттарды қоса тіркеп, уәкілетті органға өтініш жолдайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі квота белгілеу туралы нормативтік құқықтық акті қабылданғаннан кейін ҚР Е және ХӘҚМ 15 күн ішінде оны өңірлерге, Астана және Алматы қалаларына таратады. Квотаны тарату кезінде ҚР Е және ХӘҚМ мынадай факторларды қарастыруы тиіс:
• тиісті облыстың, Астана және Алматы қалаларының еңбек нарығындағы жағдай;
• Өндірісті дамыту және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін тиісті облыстың, Астана және Алматы қалаларының жұмыс күшінің экономикасына қажеттілігі.
2019 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 4,2% мөлшерінде белгіленді.
Облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары арасында шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бөлінгеннен кейін, облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының әкімдіктері мүдделі тұлғаларға квота шегінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға лицензиялар мен рұқсат қағаздарын береді.
Рұқсат беру және (немесе) ұзарту қағидаларының 6 тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы орган мынадай шарттар:
Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бірінші және екінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 70%;
Қазақстан Республикасы азаматтарының саны үшінші және төртінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 90% шарттарын сақтаған кезде рұқсат беру және (немесе) ұзартуды жүзеге асырады.
Қадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу кезінде шетелдік жұмыскерлер қатарында 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Шартымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық қауымдастық туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары есептелмейді.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тартатын жұмыс беруші шетелдік қызметкерлер (менеджерлер және мамандар) санының тиісті санаттағы қазақстандық кадрлар санына пайыздық қатынасының елу пайыздан аспауын қамтамасыз етуі керек.
Рұқсатты беру және (немесе) ұзарту үшін жұмыс берушілерден «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы №459 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері көлемінде салық алымы (бұдан әрі - алым) алынады.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тарту квотадан тыс және ақысыз негізде жүзеге асырылады.
Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат алу үшін белгіленген тәртіпте құжаттар тапсырады:
Қағидаларға 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті.
Тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттарды:
Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармасын (егер құжат мемлекеттік және орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелерін);
оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiнде жазылған қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы қоса берiлген қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпаратты (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс стажы жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттарды;
қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты. Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес, шетелдік қызметкерлерді басым жобаларға тартқан кезде, жұмыс беруші басым жобалар үшін жергілікті қамту туралы ақпаратты ұсынады.
Шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын болса, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге (шетелдік қызметкер Қағидалардың 31-тармағына сәйкес тартылған жағдайда) келісімшарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі және, егер жоғарыда аталған құжаттар қазақ не орыс тілінде толтырылмаған болса нотариалды куәландырылған аудармасы.
Шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін онда мұндай шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің тікелей немесе жанама қатысу акциясы немесе үлесі бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда, шетелдік қызметкер мен одан шетел қызметкерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын (шетелдік қызметкер Қағидалардың 31-тармағына сәйкес тартылған жағдайда) шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші арасында келісілген құжаттың (хаттың немесе ауыстыруға келісімнің) нотариалды куәландырылған көшірмесі және, егер жоғарыда аталған құжаттар қазақ не орыс тілінде толтырылмаған болса нотариалды куәландырылған аудармасы.
Шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Шетелдік жұмыс күшін маусымдық қызметкерлер ретінде тартқан жағдайда, жұмыс ьеруші жергілікті атқару органына тек Қағидаларға 4 –қосымшаға сәйкес өтінішті және шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ғана ұсынады.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсат алу үшін жұмыс беруші мынадай құаттарды ұсынады:
Еңбек шартының (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған) не хаттың немесе жұмыс берушімен (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған), аталған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында құрылған/есептік тіркеуден өткен филиалымен, өкілдігімен, аффилиирленген тұлғасымен жасалған корпоративішілік ауыстыру туралы келісімнің нотариат куәландырған аудармасы (құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмесі).
Өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындау туралы ақпарат
Тартылатын шетелдік жұмыскерлерге олардың біліктілігін растайтын құжаттар:
Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат;
шетелдік заңды тұлға-жұмыс берушінің корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын лаузымға шетелдік жұмыскердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі сәйкес келетіні туралы хаты, сондай-ақ қабылдаушы тараптың жұмыскердің қажетті біліктілігі мен кәсіби жұмыс тәжірибесі бар екенін растайтын хаты.
Қағидалардың 47-тармағында көзделген корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат.
Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді жібергені туралы құжаттың көшірмесі.
Шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Қағидалардың 45-тармағына сәйкес рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай жағдайларда берілмейді және ұзартылмайды:
бөлінген квота мөлшерінен асқан;
жұмыс беруші Қағидалардың 6-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған жағдайда;
жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін рұқсатсыз тарту фактісі анықталған жағдайда. ұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;
шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейінің (кәсіптік даярлығының) және практикалық жұмыс тәжірибесінің (өтілінің) кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес еместігі.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат:
жұмыс беруші осы Қағидалардың 47-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;
жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту фактісі анықталған. Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;
өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындамаған;
шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) осы Қағидалардың 37 және 38 тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген;
кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламада көзделген шараларды (шарттарды) орындамаған жағдайларда берілмейді).
«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі -Заң) 32-бабы 2-тармағына сәйкес шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және жұмыс берушілерге шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру туралы нормалар:
дербес бiлiм беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Қорында» басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн жоғары бiлiмдi;
мемлекеттік органдарда жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртіппен расталған құжаттары бар;
Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан Республикасының ұйымдарында жұмыс істейтін, сондай-ақ, аталған заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздестіру және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге тартатын ұйымдарда басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсiптер тізбесіне және санына сәйкес білікті жұмысшылар ретінде жұмыс істейтін;
«Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының дербес кластерлік қорында басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін жоғары бiлiмді;
Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жұмыс істейтін;
Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар немесе қатысушылардың жұмыскерлері болып табылатын;
құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалары бар, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтар аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде орындаушы ретінде және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мен арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бiрлескен шешiмiмен бекітілген тәртіппен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және мүдделі мемлекеттік орталық орган өкілдері арасынан комиссия айқындайтын санаттар тізбесіне және санына сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін;
экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасуға келген;
Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына 2-қосымшада олардың еңбекі қызметін жүзеге асыру үшін шетел жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсат талап етілмейтін тұлғалар тізбесі көзделген:
оралмандар;
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін келген бизнес көшіп келушілер;
босқын немесе пана іздеп жүрген адам мәртебесiн алғандар;
"Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес гуманитарлық себептермен келген көшіп-қонушылар болып табылатындар;
Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша бас бостандығынан айыруға, шартты, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауға сотталғандар;
адам саудасымен байланысты нақты қылмыстық істі жүргізу кезеңінде сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін адам саудасының құрбандары болып табылатындар;
Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатымен келетін, кәмелеттік жасқа толған, Қазақстан Республикасы азаматының жұбайы (зайыбы) болып табылатын және кемінде үш жыл Қазақстан Республикасы заңнамасында танылған некеде тұратындар;
Қазақстан Республикасының оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын және сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оқудан бос уақытында жұмыс iстейтiндер;
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатындар;
теңіз және өзен кемесінің, әуе және теміржол көлігі экипажының мүшелері болып табылатындар;
әртiс, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, спортшы және жаттықтырушы болып жұмыс iстейтiндер;
"Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары және органдары тартатындар;
Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттары шеңберінде тартылатын, ғарыштық зымыран кешенін құру және жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану жөніндегі мамандар болып табылатындар;
Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беру ұйымдарында ұйым штатының 25 пайызынан аспайтын, ал халықаралық интеграцияланған білім берудің оқыту бағдарламаларын іске асыратындар үшін ұйым штатының 50 пайызынан аспайтын педагогикалық қызметтi жүзеге асыратындар;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ерекше мәртебе берiлген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатарындағы, сондай-ақ жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар басшылар және жоғары білімді оқытушылар лауазымдарында жұмыс істейтіндер және экономика салалары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асырушылар;
шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып жұмыс істейтіндер;
жиынтық мерзімі күнтізбелік бір жыл бойы күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайтын іскерлік мақсаттағы қызметтік іссапарда жүрген адамдар;
Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшаға шаққанда 50 миллион АҚШ долларынан астам сома инвестицияға келісімшарт жасаған ұйымдардың бірінші басшылары және қызметтiң басым түрлерiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын және инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiмшарт жасаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтiндер.
Достарыңызбен бөлісу: |