«Шетелдіктердің еңбек жағдайын Қазақстанда құқықтық реттеу»


Замануидағы құқықтық қатынастар теориясындағы құқық субектілік категориясы



бет11/18
Дата06.01.2022
өлшемі131,11 Kb.
#12789
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
ДР 21 05 2019

Замануидағы құқықтық қатынастар теориясындағы құқық субектілік категориясы


Еңбектегі құқықтық субъектілік дегеніміз еңбек құқығы субъектілерінің заңдық міндеттемелер құқылы болу және оларды кетеру қабілеттігі, яғни еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласында нақты құқықтық қатынастарға қатысушы болу мүмкіндігін (қабілетін) иемдену (еңбектегі құқық қабілеті). Сонымен қатар еңбектегі құқықтық субъектілік дегеніміз еңбек құқығы субъектілерінің өз әрекеттерімен субъективтік құқық иемдену және заңдық міндеттерді көтеру қабілеті (еңбек әрекеттілігі). Ал еңбек құқығының субъектілері үшін оларда еңбектік құқық қабілеттілігі мен әрекеттілігінің екеуінің де бірдей болуы тән. Басқаша айтқанда, еңбектік құқық әрекеттілігі ерекше қасиет, ол тек еңбек құқығының субъектілерінде ғана болады. Еңбек құқығы субъектілерінің субъективтік құқықтары мен заңдық міндеггерінің көлемі мен сипатына байланысты жалпы және арнайы құқықтық мәртебелер болады. Жалпы құқықтық мәртебе Қазақстан Республикасының Конституциясынан және еңбек туралы заң актілерінен тікелей туындайтын және еңбек құқығы субъектілерінің әрбір түрі үшін бірдей болып табылатын субъективтік құқықтар мен міндеттерді қамтиды [2].

Заңнан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді мәртебелілік деп атау қабылданған (нақты еңбектік құқық қатынастарының мазмұнынан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерден өзгеше), себебі олар еңбек құқығы субъектісінің құқықтық статусының негізін құрайды.

Арнайы құқықтық статус еңбек құқығы субъектілерінің кейбір түрлерінің ерекшеліктерін сипаттайды. Статустық деңгейдегі жалпы субъективтік құқықтар мен міндеттер азаматтардың, кесіпорындардың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және еңбек құқығының басқа субъектілерінің арнайы құқықтық мәртебесінде көрініс тауып нақтыланады. Еңбек туралы арнайы заңнамада бекітілген субъективтік құқықтар мен міндеттер еңбек құқығы субъектілерінің еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласында туындаған нақты құқықтық қатынастарға қатысуы үшін алғы шарт болып табылады. Жалпы және арнайы құқықтық мәртебенің тұтастығы мен ара қатынасы еңбек құқығының тұтастық және бөлшектік принципінің көрініс тапқаны.

Азаматтар өздерінің материалдық және рухани қажетгілігін қанағаттандыру мақсатыңда әртүрлі қоғамдық қатынастарға қатысуы мүмкін. Азаматтар, өздерін құқық субъектісі ретінде кәсіби қызметгің қандай да бір түрінде өзін керсете алатын, қабілетін жүзеге асыра алатын мүмкіндік тудырушы құқықтық қатынасарды ерекше бөліп алуы керек. Еңбектік құқық субъектілігі бар азаматтар белгілі бір ұйымдық-құқықтық формадағы еңбекке, кәсіпкерлік қызметке қабілетін жүзеге асырады. Жалданатын еңбек адамдарында (жұмыскерлерде), жеке кәсіпкерлерде, шетел азаматтарында өз құқықтық мәртебесі болады.

Субъективтік құқықтар мен міндеттердің көлеміне және қарай еңбек құқығының субъектісі ретінде кейбір санаттағы азаматтардың құқықтық мәртебесі жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы құқықтық мәртебе Қазақстан Республикасының Конституциясынан және еңбек туралы заң актілерінен тікелей туындайтын және барлық азаматтар үшін бірдей болып табылатын құқықтар мен міндеттерді қамтиды. Қазақстан Республикасының Конституциясы (24 бап) азаматтардың еркін еңбекке, қызмет түрі мен кәсіпті еркін таңдауға құқын көздейді. Сонымен қатар, азаматгардың қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайына, ешқандай кемсітусіз еңбек ақы алуға, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметгік қорғалуға; жеке және ұжымдық дауларды, тіптен ереуілге шығып, заңда белгіленген тәсілмен шешуге құқықтары бар. Ал, мәжбүрлеп жұмыс жасатуға тек сот үкімі бойынша не төтенше немесе әскери жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

Қазіргі күшіндегі еңбек заңнамасы азаматтардың еркін еңбекке құқығын нақтылайды, оған кәсіптің, жұмыстың түрін таңдау, қабілетіне, мүмкіндігіне, кәсіби дайындығына, біліміне қарай және қоғамның мұқтаждығына сай жұмыс жасау құқығы кіреді.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жұмыскерлер демалуға, жыл сайын төленетін демалыс алуға құқылы, қолайлы және қауіпсіз жұмыс жағдайына, кәсіподақ бірігуге, т.б. құқылы.

Еңбек туралы заңнама жұмыскердің жалпы міндеттерін де көздейді. Оларға жататындар: адал еңбек, еңбек тәртібін бұзбау, мүлікті ұқыптылықпен сақтау, еңбек нормаларын орындау, еңбек өнімділігін арттыру, кәсби шеберлігін ұштау, жұмыстың және шығаратын өнімнің сапасын жақсарту.

Еңбек құқығында арнайы еңбектік құқық қабілеттілік деген ұғым бар, оның мағнасын құқықтық қатынастардың кейбір түрлеріне (тобына) кірудін, заңдық мүмкіншіліктерінің жиынтығы құрайды. Мұндай құқықтык, қатынастар субъектісі тек азамат ғана болады, ол қандай да бір лауазым, кәсіп, мамандық иесі үшін заңда белгіленген арнайы біліктілік талаптарын қанағаттандыруы тиіс.' Еңбек құқығының субъектілері ретінде жұмыскерлерге еңбектік құқық субъектіліктің жалпы критерийлері: жастық, жігерлік және әлеуметгік критерийлер таралады. Бұл жағдайда адамның нақты еңбек ету қабілеті, яғни заңнамада және жақтардың келісімінде белгіленген жағдайдағы жүйелі, жолға қойылған жұмысқа қабілеті [30].

Жас өлшемі критерийі адамның еңбектік құқық субъектілігін белгілі бір жас мөлшерімен байланыстырады. Төменгі және жоғары шегі Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген жас еңбекке қабілетгі жас деп саналады. Еңбек заңнамасында жұмысқа қабылданатын ең кіші жас 16 жас деп белгіленген. Орта білім алса немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастап кетсе, 15 жасқа ж өткен адам ата-анасының, қамқоршысының келісімімен жеке еңбек шартына отыра алады. Жастарды өндірістік еңбекке дайындау үшін 14 жасқа толған оқушыны, сабақтан бос уақытында, ата-анасының біреуінің (қамқоршысының) рұқсатымен, денсаулыққа зиян келтірмейтін жұмысқа тартуға болады. Келісім жазбаша формада (арыз) беріледі. Жеке еңбек шартына кәмелетке толмағанмен бірге ата-ана (қамқор-шы) да қол қояды.

Мемлекеттік қызметке тұратын адам 18 жастан кіші болмауға тиіс, егер мемлекеттік қызметкерлердің тиісті санатына қатысты Республика заңында басқадай көрсетілмеген болса (1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13 б. 2 т.). 1998 жылғы 7 қа заңдағы "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік қызметте болудың еңжоғарғы шегін алып тастады [2].

Ерік критерийі адамның еңбекке деген жігеріне байланысты. Психикасы бұзылған және жігері шағылған адам еңбек міндеттерін ұғынып орындай алмайды және өз іс-әрекетін бақылай алмайды. Психикасы бұзылғандықтан және ақылы ауысқандықтан сот арқылы жұмысқа қабілеті жоқ деп танылған адам еңбек құқығының субъектісі бола алмайды.

Еңбек жағдайына қатысты кейбір жеңілдіктер екі қабат әйелдер мен бір жарым жасқа толмаған баласы бар әйелдер үшін де заңда қарастырылған.



Жалпы ереже бойынша 18 жасқа толмаған жұмыскер еңбектік құқық қатынастарында кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ол еңбекті, жұмыс уақытын, демалыстарды және басқа бірқатар еңбек жағдайын қорғау саласында еңбек заңнамасында белгіленген жеңілдіктерді пайдаланады.

Еңбек туралы жаңа заңға сәйкес, жалданған жұмыскерге, бірнеше жұмыс берушімен жеке еңбек шартын жасасуға құқық берілген. Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа және нарықтық қатынастың калыптасуы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтардың еңбектік құқық субъектілігін заң тәртібінде анықтау қажеттігін тудырды. Кәсіпкерлік дегеніміз азаматтардың және олардың бірлестіктерінің тауарларға деген сұранымды қанағаттандыру (жұмыс, қызмет керсету) жолымен таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке негізделген, күшіндегі заңдар шеңберіндегі ынталы шаруашылық және басқа қызметі. Азаматтық кодексте және басқа заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде азаматгар заңды тұлға құрмайақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеуде жасырын сипат бар, оның мәні жеке кәсіпкерлерді есепке алу болып табылады. Мына жеке кәсіпкер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтеді: а) жалдамалы жұмыскерлер еңбегін тұрақты негізде пайдаланатывдар; б) кәсіпкерлік қызметтен тұсірген жылдық табысының жиынтығы, салық заңдарына сәйкес есептегенде, Қазақстан Республикасының заң актілерінде жеке тұлға үшін белгіленген, салық салынбайтын жылдық табыс жиынтығынан артық мөлшерде табыс алғандар. Бұл жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік тіркеуден өтпей қызметпен айналысуға тыйым салынған. Егер жеке кәсіпкер лицензия алуға жататын қызметті жүзеге асыратын болса, ол мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензия алуы тиіс.

Кейбір жағдайларда азаматтардың еңбектік құқық субъектілігі белгілі бір мерзімге шектелуі мүмкін. Атап айтқанда, жұмыскерді белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру сот шешімі арқылы негізгі немесе қосымша жаза ретінде белгіленуі мүмкін (5 жылға дейінгі мерзімге). Мұндай заңы сот адамның сол лауазым немесе айналысқан қызметі бойынша жасаған қылмысының сипаты, оның ондай лауазымда болуына немесе ондай қызметпен айналысуына болмайды деп таныған жағдайда белгіленеді. Еңбектік құқық субъектілік жарымжартылай және белгілі бір мерзімге ғана шектелуі мүмкін.

Еңбек құқығының субъектісі шетел азаматтары да бола алады. Шетел азаматтарын келісімшарт бойынша жұмысқа тарту практикасы бірлескен кәсіпорындар ашуға, республика экономикасына шет ел капиталын тартуға, т.б. байланысты кең өріс алуда. Бұлар басқа елдердің республика аумағында уақытша тұратын, елшілік пен миссияларды қамтамасыз етумен байланысты емес жұмыс атқаратьш адамдары болуы мүмкін. 1994 жылғы 24 желтоқсандагы "Шетел инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасы заңының 25 бабына сәйкес шетел қатысқан кәсіпорын қызметкерінің, оның әкімшілігінің, бақылау кеңесі мүшелерінің құрамына шетел азаматтары да кіруі мүмкін, шетел қатысқан кәсіпорынның шетелдік жұмыскеріне еңбек ақы төлеу, демалыс беру, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері олардың әрқайсымен жасалған жеке еңбек шартында шешімін табады. Бұл жұмыскерлер шетел валютасымен алған өз еңбек ақыларын, тиісті салықтар мен басқа міндетгі телемдерді төлегеннен кейін шетелге аудара алады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын шетел жұмыскерлерімен еңбек қатынастарына Қазақстан Республикасының заңдары таралады, егер еңбек шартын жасаушылар оны жасағанда немесе ары қарайғы келісім негізінде еңбек қатынастарының кейбір элементтерін реттейтін заңдар тандаған болмаса. Бұл жағдайда шетелдік заңнама Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының императивтік нормаларының күші жүретін мәселелерге қолданылмайды.

Заңдық кепілдіктер азаматтардың еңбек қатынастары саласындағы құқықтық мәртебесінің сипаттамасын толықтырады. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтардың құқықтарын жүзеге асырудың кепіддігіне мыналарды жатқызуға болады: жұмыс түрін таңдауға және басқа жұмысқа тұру саласындағы жеңілдіктерге еркіндік, кәсіппен және жұмыспен айналысу үшін барлық азаматтарға бірдей мүмкіндік туғызу, еңбек жөніндегі мемлекеттік органдардың өкілдері арқылы біліктілікті көтеру, басқа жердегі жұмысқа жіберуге байланысты материалдық шығынның орның толтыру, т.б. Заңнамада жұмысқа алудан орынсыз бас тартудан, орынсыз жұмыстан шығарудан, жұмысқа тұрарда кемсітудің к өзкелген формасынан қорғайтын нормалар белгіленген. Мысалы, мүгедектігіне байланысты адаммен еңбек шартын жасаудан бас тарту, жұмыс берушінің ынтасымен жеке еңбек шартын бұзу, оның келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстыру, мұндай жағдай дәрігерлік-әлеуметгік сараптаманың қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді орындауға кедергі келтірсе немесе басқа адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төндірсе ғана орын алады ("Қазақ КСР-да мүгедектердің әлеуметтік қорғалымы туралы" Заңның 29 бабы); жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның еңбек туралы заңнаманы және басқа нормативтік актілерді бұзуы (жалақы төлеуді кешіктірген жағдайдан басқа), олардың еңбекті қорғау туралы заңнаманы не еңбекті қорғау туралы ережені бұзуы (жазатайым жағдайға алып келмеген, мемлекеттік қызметке тұру құқығына кедергі келтірмеген ретте) (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 87-97, 396 баптары), белгіленген мелшерде айыппұл салуға әкеп тірейді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және тиісті әкімшілік жаза тағайындауға еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция органдарының құқығы бар (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 224-1 бабы); жұмыскерді жеке араздыққа байланысты жұмыстан шығарған, жұмысқа қайтып алу жөніндегі сот шешімін орындамаған, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің елеулі бұзылуына алып келген басқа құқық бұзушылық жасаған; жүкті болғандықтан әйелді жұмысқа алудан жөнсіз бас тарту немесе орынсыз жұмыстан шығару немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелді осы себепті жұмысқа алудан бас тарту немесе жұмыстан шығару немесе кәмелетке толмаганда осы себепті жұмысқа алудан бас тарту немесе жұмыстан шығару; ақша қаражатын басқа мақсатқа жұмсап қойғандықтан басқару жұмысындағы адамның еңбск ақы төлеуді неше қайтара кешіктіріп және оны толық төлемеуі лауазымды адамды қылмыстық жауаптылыққа тартады.



Орталық атқарушы орындардағы мемлекетгік қызметгің өкімшілік оргапдарына тұру үшін конкурсқа қатысқан Қазақстан Республикасының азаматы конкурстық комиссияның шешімдеріне шағым кслтіруге құқылы. Мұндай жағдайларда конкурсқа қатысқандар мен теріс шешім шыгарылған кандидаттар мемлекетгік қызмет жөніндегі өкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот арқылы шағымдануға құқылы. Өкілетті орган (оның аумақтық бөлімшесі) шағым түскен теріс шешімді қарап, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, конкурс өткізу ережесінің, мемлекеттік қызмет туралы басқа заңдардың бұзылғандығын анықтаса, конкурс комиссиясына аз шешімнің кейбір тұстарын немесе оны толықтай бұзу жөнінде ұсыныс жасайды (Әкімшілік мемлекетгік бос қызметтерде конкурс жүргізу ережесінің 11 тарауы).

Кәсіпкерлік қызметпен еркін айналысуға мемлекет кепілдік береді, оны қолдайды ері қорғайды. Мысалы, кәсіпкерлердің құқығы кәсіпкерлік қызметпен қандай да бір рұқсат алмайақ (лицензия керек қызметтерден басқалары) айналысуға болатындығымен, экономиканың барлық саласындағы кәсіпкерліктің барлық түрін бір тіркеуші органда мүмкіндігінше қарапайым жасырын тіркеу тәртібімен; мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметті тексеруін заң актілерімен шектеу арқылы; кәсіпкерлік қызметті заңда көзделген негіздер бойынша тек сот шешімімен мәжбүрлеп тоқтату тәртібімен; жеке кәсіпкерліктің айналысуына тыйым салынған жұмыстардың, қызметтердің, тауарлардың түрлерін заң актілерінде белгілеумен; оның қызметіне заңсыз кедергі келтірген мемлекеттік органдарды, лауазымды адамдарды, сондай-ақ басқа адамдар мен ұйымдарды кәсіпкер алдында заңда белгіленген тәртіпте материалдық жауапқа тартумен; заңда көзделген өзге де амалдармен қамтамасыз етіледі (ҚР АК-нің 10 бабы).

Өзінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау, сондай-ақ басқа жеке және заңды тұлғалардың, қоғамның немесе мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтар өздерінің ұсыныстарымен, арыз-шағымдарымен, пікір-сұраныстарымен мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға жүгінуге құқылы [31].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет