КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс шетелдіктердің еңбек жағдайын Қазақстанда құқықтық реттеуге арналған. Зерттеу жұмысы шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстанда еңбек етуін құқықтық реттеуге қатысты жазылған еңбектер мен зерттеулерді қарастырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, көші-қон саласындаңы заңнамасын, нормативтік-құқықық актілерді негізге алды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Халықаралық құқықтың дамуы мен Қазақстан дамуының қазіргі кезеңінде халықаралық құқықтың субъектісі ретінде ұлттық заңнамада халықаралық құқық принциптері мен нормаларын іске асыру және одан әрі практикалық іске асыру мәселесі өте маңызды болып табылады. Осы нормалар мен қағидалардың әрекет ету салаларының бірі әлеуметтік және еңбек қатынастары саласы болып табылады. Әрбір мемлекет пен әлемдік қоғамдастық халықаралық құқық нормалары мен стандарттарын әзірлеу мен қабылдау және оларды кейінгі міндетті орындау арқылы еңбек қатынастарын тиімді құқықтық реттеу міндеттерін алға қойды.
Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке, оның ішінде халықаралық еңбек нарығына интеграциялануы халықаралық еңбек көші-қонын реттеу процесіне белсенді қатысуды білдіреді. Мұндай жағдайларда Қазақстан Республикасында жұмыс күшін пайдалану және тарту проблемалары айрықша өзектілікке ие. Бір жағынан бұл процесс отандық еңбек нарығындағы жұмыссыздықтың өсуіне байланысты қазірдің өзінде қиын жағдайды қиындатып отыр. Мысалы, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика агенттігінің деректері бойынша бүгінгі күні 204,4 мың жұмыссыз адам тіркелген [1]. Екінші жағынан, әлемдік отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, белгілі бір көлемде шетелдік жұмыс күшін тартпай ұлттық еңбек нарығын қалыптастыру оның дамуын айтарлықтай төмендетеді. Осыған байланысты бұл тақырып бүгінгі күні де өзінің өзектілігін жоғалтқан емес және де әрі қарай зерттеуді қажет етеді.
Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарымен реттеледі.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен бостандықтарға ие, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және халықаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттемелерге ие болады.
Көрсетілген нормативтік актілерден Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша болатын шетел азаматтарының екі санаты бар екендігін көруге болады, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Тұрақты тұрушылар ретінде оған рұқсат және Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат немесе ішкі істер органдары берген азаматтықсыз тұлға куәлігін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар саналады. Шетелдік азаматтардың бұл санаты еңбек қатынастарында қазақстандық азаматтар сияқты бірдей құқықтарға ие және міндеттерді атқарады. Оларға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі - ҚР ЕК) нормалары сөзсіз қолданылады.
Сонымен қатар барлық шетел азаматтарының құқықтық мәртебесін реттейтін жалпы құқықтық нормалар да бар. Бұл, бірінші кезекте, ҚР Конституциясының ережелері, онда шетелдіктердің Қазақстан Республикасында құқықтар мен еркіндіктерді пайдаланатындығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген міндеттерді сақтайтындығы бекітілген. Еңбек қатынастары бойынша шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты бірдей құқықтарға ие және бірдей міндеттерді атқарады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде жұмыс істейтін шетелдік жұмысшыларға қатысты еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу көзделген. Әркімнің еңбек құқықтарын жүзеге асыруда тең мүмкіндіктері бар. Ешкім еңбек құқықтарымен шектеле алмайды немесе жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, тұрғылықты жеріне, азаматтығына, сондай-ақ қызметкердің іскерлік дағдысы мен нәтижелеріне қатысы жоқ өзге де жағдайларға байланысты оларды жүзеге асыруда ешқандай артықшылықтарды ала алмайды [2].
Достарыңызбен бөлісу: |