«Шетелдіктердің еңбек жағдайын Қазақстанда құқықтық реттеу»


Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастарындағы шетел азаматтарының құқықтық субектілігі



бет12/18
Дата06.01.2022
өлшемі131,11 Kb.
#12789
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
ДР 21 05 2019

2.3 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастарындағы шетел азаматтарының құқықтық субектілігі
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы, құқықтық субъектілігі Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 4-тармағымен анықталған: «Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады».

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабы:



  • Еңбек ету бостандығына,

  • Қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға,

  • Қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына,

  • Еңбегі үшін нендей бір кемсітушіліксіз сыйақы алуына,

  • Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға,

  • Жеке және ұжымдық дауларды шешуге,

  • Тынығуға құқық береді.

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 28 қазандағы N 6/2 қаулысы «құқықтар мен бостанықтарды абсолютті ретінде тану олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы әр адамға, оның Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығына қарамастан, таралатындығын» бекітті.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабымен кепілдендірілген құқықтар шетел азаматтарына да қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» № 2337 жарлығы Қазақстан Республикасындағы шетел азаматы мәртебесінің 2 (екі) қосалқы мәртебесін орнатты: тұрақты тұратын шетел азаматы, уақытша жүрген шетел азаматы. «Тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдiктер... Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша жәбірленуші, куә, күдікті немесе айыпталушы деп танылған шетелдіктер соттың үкімі күшіне енгенге дейін немесе уәкілетті органдар өзге процестік шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында уақытша болатындар деп есептеледі».

Осылайша, нақты түрде еңбек етуші мигранттар Қазақстан аумағында уақытша жүрген шетел азаматтары заңды мәртебесінде жүреді.

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V Заңының 32-бабына сәйкес, ішкi еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлейдi.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» № 2337 жарлығының 6-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актiлерiмен шетелдiктердiң Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөнiндегi шектеулер белгiленуi мүмкiн». Бапта «шетелдiктердің жекелеген қызмет орындарына тағайындала алмайтындығы немесе еңбек қызметiнiң белгiлi бiр түрiмен, егер бұл қызмет орындарына тағайындау немесе осындай қызмет түрiмен шұғылдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығына байланысты болса, шұғылдана алмайтындығы» айтылған.

Жоғарыда аталған бап сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтары мен тұрақты тұратын шетел азаматтары арасындағы еңбек қатынастарындағы құқықтар мен міндеттердің теңдігін анықтайды: «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және сол сияқты мiндеткерлiкте болады».



Осылайша, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота тұрақты тұратын шетелдік азаматтарға қолданылмайды, Қазақстан аумағында уақытша жүретін шетелдік жұмысшыларды тартуға орнатылады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке, оның ішінде халықаралық еңбек нарығына интеграциялануы халықаралық еңбек көші-қонын реттеу процесіне белсенді қатысуды білдіреді. Мұндай жағдайларда Қазақстан Республикасында жұмыс күшін пайдалану және тарту проблемалары айрықша өзектілікке ие. Бір жағынан бұл процесс отандық еңбек нарығындағы жұмыссыздықтың өсуіне байланысты қазірдің өзінде қиын жағдайды қиындатып отыр. Мысалы, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика агенттігінің деректері бойынша бүгінгі күні 204,4 мың жұмыссыз адам тіркелген [1]. Екінші жағынан, әлемдік отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, белгілі бір көлемде шетелдік жұмыс күшін тартпай ұлттық еңбек нарығын қалыптастыру оның дамуын айтарлықтай төмендетеді.

Заңнама шетел тұлғаларының әр түрлі топтары үшін шетелдіктермен еңбек келісім-шарттарын жасасу ерекшеліктеріне және шетел тұлғаларымен жекелеген жұмыс түрлерін жүзеге асырудағы белгілі бір шектеулерге қатысты арнайы ережелерді қарастырады.

Сонымен қатар барлық шетел азаматтарының құқықтық мәртебесін реттейтін жалпы құқықтық нормалар да бар. Бұл, бірінші кезекте, ҚР Конституциясының ережелері, онда шетелдіктердің Қазақстан Республикасында құқықтар мен еркіндіктерді пайдаланатындығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген міндеттерді сақтайтындығы бекітілген. Еңбек қатынастары бойынша шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты бірдей құқықтарға ие және бірдей міндеттерді атқарады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде жұмыс істейтін шетелдік жұмысшыларға қатысты еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу көзделген. Әркімнің еңбек құқықтарын жүзеге асыруда тең мүмкіндіктері бар. Ешкім еңбек құқықтарымен шектеле алмайды немесе жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, тұрғылықты жеріне, азаматтығына, сондай-ақ қызметкердің іскерлік дағдысы мен нәтижелеріне қатысы жоқ өзге де жағдайларға байланысты оларды жүзеге асыруда ешқандай артықшылықтарды ала алмайды [2].

Жоғарыда айтылғандай, біздің заңнама еңбек қатынастары саласындағы ұлттық режим қағидасын қолдануға негізделген. Демек, шетел азаматтарына белгілі бір ерекшеліктерді ескере отырып, отандық еңбек заңнамасының жалпы ережелері қолданылады.

Қазіргі қолданыстағы қазақстандық заңнамада шетелдіктер үшін ұлттық режимнен босату орын алған. Осылайша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандай да бір лауазымға тағайындау немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысу Қазақстан Республикасының азаматтығымен байланысты болса, олар жекелеген лауазымдарға тағайындала немесе белгілі бір қызмет түрімен айналыса алмайды. Шетел азаматтары сот, прокурор, тергеуші, нотариус, адвокат, кеден органдарының лауазымды тұлғасы лауазымына тағайындала алмайды, мемлекеттік қызметші бола алмайды, өкілетті органға, басқа да сайланбалы мемлекеттік органдардың құрамына сайлана алмайды.

Бұл шектеулер көптеген басқа елдердің де құқығында да белгілі. Бұған қоса, көптеген мемлекеттер импортталған еңбекті квоталаумен, лицензиялаумен, елге кіруге қатаң шектеулермен, тұруға арналған рұқсат алумен және т.б. байланысты басқа шектеулерді қарастырады.

Мысалы, Франция дәстүрінің бірі болып табылатын шетелдіктерге қатысты қонақжайлылық 40-шы және 50-шы жылдары олардың санының көбеюіне байланысты шетелдіктердің құқықтық қабілетін айтарлықтай шектеулермен ауыстырылды. Францияда шетелдіктер дәрігер, тіс дәрігері, мал дәрігері, адвокат, сенімді уәкіл, маклер, жерге орналастыру инспекциясы, фармацевт, нотариус, қазылар алқасы, есепші және т.б. бола алмайды. Ол оқытушы және жеке меншік оқу мекемесінің, мерзімді басылымның, театрдың, кинокомпанияның және т.б. басшысы бола алмайды [32].

Жалпы ережелерден басқа, шетел азаматының ерекше құқықтық субъектілігі бар, ол төмендегі санаттардың біріне сәйкес анықталады.

1 санат - Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты бар тұрақты тұратын және ішкі істер органдарымен тұрақты тұруға рұқсаты бар шетел азаматтары.

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктерге қарағанда Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтарына біздің заңнамаға сәйкес еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей қорғаныс қамтамасыз етіледі. Бірінші санатқа жататын тұлғалар қазақстандық азаматтар үшін белгіленген негізде және тәртіпте еңбек қызметін жүзеге асыра алады. Осы санатқа қатысты ұлттық режимнен туындайтын жалғыз ерекшелік жоғарыда аталған шектеулер болып табылады, онда қазақстандық заңнамаға сәйкес белгілі бір мамандықтармен ҚР азаматтары ғана айналыса алады. Шетел азаматтары саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда, қоғамдық бірлестіктерге, атап айтқанда, кәсіподақтарда қатысуға құқылы.

Шетелдіктердің осы санатымен жұмыс берушілер жасаған еңбек шарттары, егер Қазақстан Республикасы мен шетелдіктің шыққан елі арасындағы халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына толығымен бағынады. Тек қана Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының шетелдік азаматтарының қатысуымен еңбек шарттарын жасасу кезінде шетелдік инвестициялары бар жұмыс беруші-кәсіпорындарға белгілі бір шектерде қазақстандық еңбек құқығының нормаларынан ауытқуға жол беріледі. Олар осы кәсіпорынның жұмысшыларының жағдайын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттармен салыстырғанда нашарлатпайды.

2 санат - бұл белгіленген тәртіппен босқындар деп танылған немесе Қазақстанда саяси баспана берілген шетелдіктер. Жалпы алғанда, олардың еңбек құқықтары ҚР-да тұрақты тұратын шетелдіктердің құқықтарына ұқсас. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, олар Қазақстан Республикасының азаматтарына берілген құқықтарды пайдаланады. Оларды жұмысқа алу үшін жұмыс берушіге арнайы рұқсат қажет емес. Бұдан басқа, 1999 жылы 1951 жылғы «Босқындардың мәртебесі туралы» конвенцияға және 1967 жылғы босқындардың мәртебесі туралы хаттамаға қол қоюға байланысты мемлекеттік органдар босқындарға жұмысқа орналасуға және қажет болған жағдайда кәсіптік даярлау мен қайта даярлауға көмектесуге міндетті [33]. Бұл тұлғалардың жұмыспен қамтылуы саясат және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік міндет болып табылады.

3 санат – Қазақстан Республикасында уақытша болатын, басқа заңдық негізде Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтар. Олар оқуға шақырту бойынша, келісімшарттар мен шарттар бойынша, қызметтік істер бойынша келушілер, сондай-ақ шетелдік туристер. Олар белгіленген тәртіпте тіркелуге және Қазақстан Республикасынан белгіленген мерзім өткеннен кейін кетуге міндетті.

Олардың ішінде жұмысқа орналасу мақсатымен Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктерді ажырата білу қажет. Шетелдіктердің осы санатына ортақ нәрсе, егер олардың елге келу және болу мақсаттарына сәйкес келсетін болса, олар Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыра алады. Оларды жұмысқа алудың осы талаптарын орындаудан басқа, жұмыс берушіден Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу талап етіледі. Жұмысшылардың бұл санатына барынша назар аудару керек, себебі Қазақстанның ұлттық мүдделерін және еңбек нарығын қорғау шетелдік жұмыс күші ағымына адекватты түрде әрекет етуіне және осы процестерді тиімді құқықтық реттеуіне байланысты.

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктердің еңбегін реттеу механизмі құқықтық актілердің кешенін қамтиды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жалпы Рреспублика аумағында және кәсіптік топтарда жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жалданған шетелдік азаматтарды тартуға квота белгілейді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (Орталық атқарушы орган) белгіленген квоталар шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты рұқсат береді, шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты қызметті лицензиялайды.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдардағы шетелдік мамандар мен жұмысшылардың жұмыс орындарын ауыстыру үшін жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес әлеуметтік салық төлейді. Жұмыс беруші кепілдікті және кепілді жарналарды салу арқылы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін шетелдік жұмыс күшін шығаруға кепілдік береді. Шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер қосымша жұмыс орындарын құруға, Орталық атқарушы органмен келісім бойынша шетелдік жұмысшылар мен мамандарды ауыстыру үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіби даярлауға міндетті.

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер еңбек шарты негізінде Қазақстан Республикасында еңбек және кәсіптік қызметті жүзеге асыра алады. Шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасында жұмыс істеу тәртібі жұмыс беруші мен шетелдік азамат арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттың (еңбек шартының, келісімнің) талаптарымен айқындалады. Келісім-шарт (еңбек шарты, келісім) міндетті түрде жұмыс беруші мен жұмысшы туралы негізгі мәліметтерді, шарттың пәні туралы шартты, еңбек ақы төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс, өмір мен денсаулықты сақтандыру, жұмыстағы жазатайым оқиғалардан сақтандыру, тараптардың жауапкершілігі, еңбек дауларын шешу жолдары туралы, қызметкерді жұмыс берушінің есебінен тұрақты тұрғылықты жерге қайтару туралы, қолданылу мерзімі және тоқтату туралы шарттарды қамтуы тиіс. Келісімшарттың өзге де шарттары тараптармен анықталады. Бұл ережеден туындайтын ерекшелікті шетелдіктердің қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындарда жұмыс істейтін шетелдіктермен еңбек шарты құрайды. «Шетелдік инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тараптар өздерінің еңбек қатынастарының мазмұнын өзара келісім бойынша ғана анықтай алады немесе Қазақстан заңнамасының тиісті нормаларына сілтеме жасай алады немесе шетелдік заңнамаға, ең алдымен, жұмысшының шыққан еліне сілтеме жасай алады [34]. Бірақ ол қазақстандық заңнамаға қарағанда қызметкердің жағдайын нашарлатып, Қазақстан Республикасының еңбек құқығының императивтік нормаларын бұзбауы керек.

Қазақстанда уақытша болатын кез келген шетелдіктермен еңбек шарттарының қыры олардың өзекті сипаттамасы олып табылады. Шарттың мерзімі еңбек қызметін жүзеге асыру үшін рұқсаттың қолданылу мерзімінен аспауы тиіс. Сонымен қатар, рұқсатта шетелдік жұмыскерлердің жалпы санына ғана емес, сондай-ақ кәсіптер топтарына да квота белгіленетін болғандықтан, келісімде, рұқсатта көрсетілген кәсіптердің тізіміне сәйкес келетін қызметкердің жұмыс орнын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл екі тараптың келісімімен де, бұл еңбек функциясын рұқсатта көрсетілген кәсіптік квоталар шеңберінде мұндай өзгеріс белгіленбесе, өзгертуге болмайды.

Шетел азаматтарының ерекше тобына Қазақстан Республикасының шет елдермен халықаралық келісімдеріне сәйкес жұмыс істеуге шақырылған Қазақстан Республикасында уақытша жұмыс істейтін шетелдіктер жатады. Бұл жағдайда шетелдіктерді Қазақстан Республикасында жұмысқа қабылдаудың жалпы рұқсат ету тәртібі қолданылмайды. Мұндай халықаралық шарттар нақты жағдайға байланысты шетелдік жұмыс күшін тартудың тәртібін анықтайды. Шарттар Қазақстанға жұмысшыларды жіберген елдің заңнамасын немесе екі құқықтық жүйені үйлесімділікте қолдануды қарастырады. Соңғы жағдайда, әдетте, жұмыс орны заңы өндірістік процеске (жұмыс уақыты, демалу уақыты, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері) тығыз байланысты еңбек жағдайлары үшін қолданылады. Басқа жағдайларға қатысты (еңбекақыны төлеу, еңбек демалысы, жұмыстан босату негіздері, жәрдемақы төлеу және т.б.) қазақстандық құқық (жұмыс елінің құқығы) пен шетелдік құқықты (қызметкерді жіберген елдің заңы) қолдану арақатынасы өзгеше болуы мүмкін. Бұл ретте шетелдік қызметкерлерге берілген құқықтардың көлемі мен кепілдіктері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгеннен кем болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың қызметкерлерінің еңбек жағдайлары мен еңбек шарттары оларды құру туралы халықаралық келісімдермен және осы ұйымдардың ішкі еңбек тәртібімен айқындалады. Мұндай жағдайларда қазақстандық заңнама шет мемлекеттің заңнамасымен бірге қолданылады.

Қазақстан аумағында жұмыс істейтін шетел азаматтарының ерекше санаты Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге тағайындалған шетелдік кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері болып табылады.

Бұл жағдайда еңбек шарттары шетелде жасалады және шетелдік жұмысшылар мен шетелдік жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынастар тұтастай алғанда шетел құқығына бағынады.

Арнайы құқықтық режим шетелдік, мемлекеттік және заңды тұлғалармен ҚР-мен құрылыс, табиғи ресурстарды игеру, мұнай құбырларын салу және т.б. бойынша бірлескен келісімшарттарды жүзеге асыру үшін Қазақстанға жіберілген шетелдік азаматтарға қолданылады. Олардың еңбек шарттары тікелей шартта немесе шетелдік немесе Қазақстан заңнамаға сілтеме жасау арқылы анықталады.

Қазақстан Республикасындағы еңбек жағдайларының ерекшеліктеріне өндірістік тәжірибеден және өндірістік-техникалық дайындықтан өтетін шетелдіктер ие. Мұндай жағдайларда шетелдіктерді іссапармен жолдау ең алдымен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер негізінде, сондай-ақ тиісті шетелдік ұйымдар тарапынан түрлі қазақстандық ұйымдармен жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады. Осындай келісімдер бойынша Қазақстанға жіберілген шетелдіктердің еңбек жағдайлары негізінен осы келісімдермен, сондай-ақ қазақстандық еңбек заңнамасының жалпы ережелерімен анықталады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет