Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасында шетелдіктердің еңбек жағдайын құқықтық реттеуді зерттеу зерттеу жұмысының мақсаты болып табылады. Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау алға қойылды:
Еңбек құқығы институтының тұжырымдамасын және оның құқық жүйесіндегі орнын анықтау;
КРСО-да шетел азаматтарының еңбек қызметінің ерекшеліктерін зерттеу;
Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында шетелдіктердің қатысуымен орын алатын еңбек қатынастарының құқықтық реттелуін зерттеу;
ҚР аумағындағы шетелдік жұмысшылардың құқықтық мәртебесі мен қағидаларын анықтау;
Құқық субъектілік категориясын талдау;
ҚР заңнамасына сәйкес шетелдіктердің құқықтық жағдайын зерделеу;
ҚР-дағы шетелдік азаматтардың еңбек қызметін, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін сараптау,
Шетелдіктермен еңбек шарттарының құқықтық қырларын талдау.