Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша шетелдіктердің еңбек жағдайы.
Зерттеу пәні – Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша шетел азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің жалпы теориялық кешені, қарастырылатын тақырыптағы Қазақстан Республикасының негізгі заңнамасы.
Тақырыптың хронологиялық шегі. Зерттеу жұмысы ХХ ғасырдың басынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтиды.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысын жазу барысында деректер көзін төрт топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа автор шетелдіктердің құқықтық жағдайын зерттеген бірнеше қазақстандық және ресейлік ғалым-құқықтанушылардың монографиялық еңбектерін енгізуге болады: Хамзин А.Ш., Абайдельдинов Е.М., Ахметов А., Ахметова Г., Сафонова О.Н., Шайбеков К.А., Сабикенов С.Н., Лазарев Л.В., М.М. Богуславский және т.б.
Деректер көзінің екінші тобына мемлекет басшысының жолдауларын, жарлықтарын жатқызуға болады.
Деректер көзінің үшінші тобына ҚР-дағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайын, еңбек жағдайын реттейтін ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңын, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын және т.б. нормативтік-құқықтық актілерді жатқызуға болады.
Деректер көзінің төртінші тобын жергілікті және шетелдік мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар және ғаламтор желісінен алынған мәліметтер құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |