Шыққан рисала



бет12/18
Дата01.05.2023
өлшемі0,78 Mb.
#88665
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
Тұр қазақ (копия)

2


Он алты, он жетіде жасы да дәл, Тағы да лайық болған көркем жамал, Қатесіз осы айтқандай болып тұрса, Өнерімен бозбала шашады мал.
Мінезі мен сипаты тура келген, Бозбала сондай қызға көзіңді сал, Бұртиған, қысқа мойын, бықырайған, Қыз болса қырын қарап, көзіңді ал.


3


Жақсы қыз ұят сақтар әдебінен, Болады мақсат жерде себебінен, Мұндай қыз жеті-сегіз жасқа келсе, Болады ісі оның сабақпенен.

Жақсы қыз он бір жасқа тағы келсе, Қалған күнін көреді талаппенен, Сұлу қыз уәдеге дәл тұрады, Кескендей бір нәрсені садақпенен.


Бозбала үлкен-кіші үйіне келсе, Тұрады бойұсынып қынаппенен, Мәхбуб101 жан ұжмақ иісін иіскегендей, Тұрады асап-ашып қадақпенен.


Адамға із білдірмей жылысады, Болғандай бір мысалды сынаппенен, Ақыл, ілім, салтанат бәрі бірдей, Өседі мұндай көркем суретпенен.




4


Болмайды бұ жаһанда мұндай бір жан, Тізіліп тұрған тісі інжу-маржан, Кісілер піскен алма жегеніндей,
Ләззәт алар шағында бір мазлұм102 жан.

Он алты, он жетіде жасы да бар, Қап-қара төгіліп тұрған қасы да бар,







99 сүйікті
100 сүйікті, сұлу
101 сүйікті
102 жәбірленуші

Жарқырап жарықтары күндей түсіп, Гауһар тас шолпы таққан шашы да бар.

Жүргені дәл секілді сызған қадам, Көз салған жүрісіне барша ғалам, Өзіне келген ісін тексереді,


Шет шығып, өсек бағып, баспас қадам.

Кетеді түзге отырса екі-үш қырға, Қолына пәктелуге алып құман, Көреді ертеменен түндік ашып, Жылы су атасына құйып қойған.


Атасы жылы сумен таһарат103 алып,


«Рахмет» деп баласына көңілі тойған, Шәй қойса шыны-аяғы таза болып, Ләззәтті ұжмақ иісі келіп тұрған.

Қолында алтын баулы сақинасы, Жуғанда шыны-аяқпен шықырлаған, Атасы ғазизаның малға сатып,


Тең қылып бір жаманға бере салған.

Өмірі қорлықпен өтіп кетіп,


Тең емес бір жаманға қосақталған, Сайраған бақшадағы бұлбұл құсы, Ғашық болған қызыл гүлін ала алмаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет