Шыққан рисала



бет18/18
Дата01.05.2023
өлшемі0,78 Mb.
#88665
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Қайран қоныс


Кеттің ғой, жылай-жылай қайран қоныс, Мекен ғып қонып жатыр оған орыс, Жиырмасыншы ғасырдың тап кезінде, Хал кетіп, нашарланды біздің тұрыс.


Мысалы қара шыбын қаптаған соң, Қысқарды мал жаятын және өріс, Жерді алып осындай таптап кетті, Қалайша жөн болады қарап тұрыс.


Әй, қазақ, дау-шарменен жүремін деп, Ақырында өз жеріңнен тимеді ұлыс, Мекен ғып қара шыбын қонып жатыр, Етсеңші қайрат жиып біраз жұмыс.


Қор қалған садақадан қарап тұрып, Болады қай жиһәтпен183 бізге жөн іс, Не керек ынтымақсыз халықпыз ғой, Кететін түзу болған жолдан бұрыс.





179 болмысқа, тұрмысқа
180 тіл
181 барша
182 адам
183 себеппен
Өнерсіз, ынтымақсыз білінген соң, Жапырақтап жерді тіліп қылды қолыс, Қазағым, өз пайдаңды ойламасаң, Көрерсің бара-бара мұнан зор іс.

Мал бағып, мекен қылған қайран жерің, Қолыңда секілді еді алтын-күміс, Тиынсыз алтыныңды беріп қойдың, Өзіңмен болғандай-ақ бірге туыс.


Оны да оңайлықпен бермес едің, Тұлыптай шөпті аққан ішің қуыс, Қазағым, осыныңыз жөн бола ма, Әншейін ынтымақсыз қарап жүріс.


Арада тағы да бар зор оқиға, Ағайында басылмайтын ұрыс-керіс, Халықтың берекесін алатұғын, Әсіресе ел ішінде сайлау болыс.


Әуелі сол фитнәнің184 аты құрыса, Жанжалсыз тынар еді әрбір жұмыс, Не керек ол фитнә басылмайды, Өзара жақ-жақ болып қылар соғыс.


Бәрі де соғыспен алданып жүр, Алар емес көңіліне түзу бір іс, Жазған сөзің кетеді айдалаға, Сөзіңе құлақ тұтып етпес жұғыс.


Әрдайым ішім жалын қапалықта, Осындай халді көріп мен бір байғұс, Осындай халімізден бердім хабар, Осынымыз болады деп қалай дұрыс?!





184 бүліктің


МАЗМҰНЫ


Сөз бастар 86
Ояну 87
Сахрауи қазақ халқының халі 88
Сахрауи қазақ халқына насихат 91
Болыстық һәм сайлау 95
Болысқа 97
Мешіт пен медресе хақында 98
Үлгі 100
Тәсірлі мәктуб 103
Хаты үшбу-дүр 103
Өлең 105
Мухтәрәм Нұржан ақынның сөзі 106
Жігіттікте мінез һәм сипат 106
Жігіттер, иттифақ! 111
Кәрілер 112
Жақсы қыз 114
Хитаб 117
Жаман қыз 118
Нұржанға жіберген хатым 120
Мудәррис Зейн Әл-Әбидин әпенді хәзіретлеріне ойлаған бір мәктубім 123
Оян, қазақ! 124
Жол көріп оқығандарымыз – жиырмасыншы
ғасыр жастарына 126
Жетімдер 128
Қаламға хитаб 129
Қайран қоныс 130


93




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет