Шыққан рисала



бет13/18
Дата01.05.2023
өлшемі0,78 Mb.
#88665
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

5


Атасы бұл асылды затқа берсе, Жазылып аты шыққан хатқа берсе, Жарасып бір-біріне айтқан әзіл, Құлпырып мәхбубіне104 қасын керсе.



103 яғни, дәрет
Осы бір шариғатқа ұнар еді, Бұл қазақ өз теңіне қызын берсе.
Қала ма қазағымның жаман аты, Сатылып бір қортыққа кетер заты.

Кісісіне қарамай малына қарап, Сұрасаң бұ жаһілдік105 аламаты106.




Хитаб107


Қызыңды лайық болған бер теңіне, Сол жаман лайық па керегіне?


Жаманға қызың риза болмай кетсе, Кінәнің батпайсың ба тереңіне?

Қызыңды риза қылып теңіне берсең, Ұқсаған сауап аларсың дария Нілге.




Жаман қыз


Жазуға, міне келді, бір жаман қыз, Жаманның маңайына жоламаңыз, Бой күтіп, көркем болу есінде жоқ, Секілді рабошнай108 бір қара өгіз.


Болады жаман қыздар кірлі тамақ, Ішкені жегенімен табақ-табақ, Жыбырлап өсек сөзге үйір болар, Өздері жаман атпен алып атақ.


Жоғалып күні бойы кетіп қояр, Келместен көңілі бітпес елді ақсап,





105 надандық
106 нышаны
107 үндеу
Жаман қыз жүргені мен тұрғаны осы, Тұрады қай жиһәтпен109 әдеп сақтап.

Кірлетіп үсті-басын құн-жүн қылып, Жүреді асығыспен ерді аттап, Өрбітіп тектен-текке қоя берер,


Өстірмей сылап-сыйпап, шашты тарап.

Шіркіннің үсті-басы сабалақтай, Дүниеде көрмеңіздер мұндай салақ, Ыржақтап жоқ нәрсеге күле берер, Көзіне көрінгендей айтып сықақ.


Жаман қыз ертеменен тұруға ерініп, Созақша түске дейін жатар ұйықтап, Майсыз арба секілді шаңқылдаған, Сөз айтар ретсіз қылып сандырақтап.




2


Болады беті менен қолы кірлі, Ұялмас үлкендерден беті сырлы, Сөзін бек жұмсақ айту есінде жоқ, Әр сөзді есіп алар әрлі-берлі.

Не керек тәрбиені білмеген соң, Білмейді көзіменен көрмеген соң. Мінезін жаман қыздың мен айтайын, Тыңдаңыз құлақпенен әр мәнісін.


Он түрлі жаман қыздың мінезі бар, Білмейді өз басына келмеген соң.


Жаман қыздың бір мінезі шайтанға ұқсар, Артықша ақылдыға ермеген соң.

Жаман қыздың бір мінезі итке ұқсар, Қанағат халалына қылмаған соң,





Жаман қыздың бір мінезі аюға ұқсар, Ақырып бір қотанда тұрғаннан соң.

Жаман қыздың бір мінезі есекке ұқсар, Жүгенсіз өз бетімен бойлаған соң.


Жаман қыздың бір мінезі суырға ұқсар, Орынды сөзге құлақ қоймаған соң.

Жаман қыздың бір мінезі доңызға ұқсар, Осқырып сөзге жауап бермеген соң.


Жаман қыздың бір мінезі маймылға ұқсар, Ыржақтап әркімдермен бір күлген соң.

Жаман қыздың бір мінезі сауысқандай, Шықылықтап сырттан ғайбат қылғаннан соң. Жаман қыздың бір мінезі торғайға ұқсар, Шошаңдап бір отырып, бір тұрған соң.


Жаман қыздың бір мінезі қара құстай, Көңіліне хәсәдлікті110 жиғаннан соң.


Жаман қыздың мінезін мен таптым ба? Тапсам егер рахмет айт, оқыған соң.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет