Шыққан рисала



бет8/18
Дата01.05.2023
өлшемі0,78 Mb.
#88665
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

3


Киім ки, сипатланып91 бойға шақтап, Білім ұқ, ақылымнан ойға шақтап, Көзге көрінгенмен еріп кетсең, Ойлаусыз жоғаларсыз қалбалақтап.

Елірмеңдер, өзіңнің ісіңмен бол, Басыңды жұлқындырса біреу мақтап, Өзімді мынау асып, жеңді деме,


Бір ақымақ топ ішінде тұрса боқтап.

Халыққа басың жолды сыйлы болса, Кегіңді жұрт әперер еңді ақтап, Ағайын-аймағың мен әрбір іске, Отырсын тез көрмесе орның жоқтап.





91 яғни, сәнденіп
4
Жігіттің келді екінші мәртебесі, Жиырма-жиырма бір көркем жасы, Барға батыр, жоғына жомарттық қып, Құрбыға түзу тұрсын ықыласы.

Ақылды артық, ашуды қысқа ұстаса, Сайланар халыққа мәшһүр, білім, нашы, Білгенін ішке сақтап ақылдасса,


Наданға бұ да ғалым пір молдасы.

5


Үшінші бір жігіт бар мінез күткен, Асықпай әрбір іске сабыр еткен, Ақылы ішке сақтап, қарауылдап, Ілгергі бағын сынап, үміт еткен.

Арғыдан ақсақалдар сөз сөйлесе, Тыңдайды жігіт абзал, бойға жеткен, Әуелгі сөз, ойын сөзбен тең бе екен деп, Сынатып ақылына хисап еткен.


Құдайым, талабына кез келтірсе, Бақыты зор жігіт болмас онан өткен, Жасқа жуас, үлкенге мақұл болып, Бір күнде бақ айналып дәулет біткен.


Нұр жауар деген сөз бар талапты ерге, Жетеді мұратына бұл құрметпен.




6


Төртінші бір жігіт бар шапқан аттай, Талпынар көңілімен үйде жатпай, Көзіне көрінгеннен үміт қылып, Ұмтылар көңілімен сабыр таппай.

Желіккен көңіл шіркін сол мысалды, Зырылдар желге қойса жұқа тақтай,


Бұларға білім ұстаз үйретпесең, Адасып лағады ақыл таппай.

Не пайда, не залалын ойламайды, Әр істің ащы-тұщы дәмін татпай.




7


Бесінші бір жігіт бар тұйықтанған, Алар көз, жұқа кірпік миықтанған, Мирәт, мерез, мейрімсіз сидаланып, Сөйлесе сөзі дәмсіз сұйықтанған.

Өзіне өз білгенін жөн демесең, Мінезі іркес-тіркес қияқтанған, Мінезі мүшесіне дұрыс келсе, Шормақты бүкір ағаш сияқтанған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет