Шыққан рисала



бет9/18
Дата01.05.2023
өлшемі0,78 Mb.
#88665
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

8


Алтыншы бір жігіт бар тықылдаған, Тең құрбы өз көңілімен жоқ деп маған, Өзіне кезекті сөз келмес бұрын, Аптығып асау тайдай сықылдаған.

Шапшаң мінез, шақылдақ, өткір тілді, Жігіт көп өзін-өзі тия алмаған.




9


Жетінші бір жігіт бар таудан асқан, Зор кеуде, үлкен мінез әуел бастан, Бейпіл сөйлеп, бетімен өсірген соң, Тыюсыз ата-анадан бала жастан.

Жүрсе де жалғыз атпен жан теңелмес, Өзіне ұлы бай жоқ қатарласқан, Есіктен кіріп келсе отыра алмас,


Таба алмай өзіне орын жоғары асқан.
Сыйымсыз, артық мінез сол мысалды, Секілді асау мәстек жағаласқан.


10


Жігіттің сегізінші келді сөзі,
Тоң мінез, тоңырайған болады өзі, Дөкір балта, топыраш ат мысалды, Ұқсайды жұптасақ соңғы кезі.

Қалың қабақ, қанды бет, қысқа мойын, Қорс етер жақтырмаса бір мінезді, Ызғарлы жел терісінен суық бұлттай, Құрбыға қоңыр салқын болады өзі.


Қалың қабақ, дөңкіл бел, дөңгелек жүз, Адамның болар сондай ала көзі.




11


Жігіттің тоғызыншы сөзі келген, Әртүрлі әр адамға мінез берген,
Қой жайып, қоңыз-оңыз мұрнын тесіп, Қурап сап, құрт қайнатып тезек терген.

Құрбының қосағына ере алмайды, Дәуренін жігітшілік қоя берген, Екі істің әйел-еркек жөнін білмес,


Аңсырап жем іздемес, жүріп елден.

Қолына тиген жары нұр қызындай, Уа, шіркін, жігіт осы жалғыз мерген, Қатынның қызметкері бұл себептен, Отынын қазан асып сақтай берген.


Қотанда қора, сайман, отын, сумен, Жігіттен қатын артық қабын буған, Құрбыма ғибрат үшін жаздым мұны, Байбатыр менің атым ибн92 Ержан.





92 баласы, яғни Ержан ұлы Байбатыр дегені

Жігіттер, иттифақ93!




12
Бәрәкалла94, бозбала бәріңізге, Байқап қарап жүре көр халіңізге. Батыр жүрек, балуан ер боламын деп, Мін болар келіссіз кербез сәніңізге.

Біреуге ақыл айтып, бос қалармыз, Жүрейік біз де байқап жөнімізге,


«Тозған қазды топтанған қарға алады», Біріміз көз болайық бірімізге.

Жарасып, ынтымақпен тату жүрсең, Қандай жан хәсәдлікпен95 тиер бізге, Харам пиғыл, алакөз, ала болсақ, Үкімнен сөзден шоқпар тиер бізге.


Ағаға тағзым, ініге мәрхәмет96 қып, Тұрсақ біз сол дәрежеде жетер бізге, Дүниені ұстаймыз деп қуып жүрміз, Уақыт болса жарар еді жетерімізге.


Жігіттер, сізге жазған бұл өлеңім, Аяйды қолдан келсе кім өнерін? Қайырып, баптап алып салсам-дағы, Көңілге бір жетпеді көк дөненім.


Сайран ғып гүл-бақшада әлі жүрміз, Біледі тәубе қылып кім өлерін,


Бақ етіп көрге бір-ақ түскеннен соң, Біледі жылаған боп сонда өлгенін.



93 бірлік, яғни бірігіңдер
94 Алланың берекесі
95 іштарлықпен
96 ілтипат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет