Шыққан рисала



бет11/18
Дата01.05.2023
өлшемі0,78 Mb.
#88665
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

6


Міне, келді сабырлы бүкір шалың, Аз ашса да қанағат, шүкір шалың,



97 дәретпен
Сақтанып топ ішінде отырады, Шамалап өз ақылын байқап әлін.

Табақтан балам бар деп ет әпермес, Белгілі қарт сақтайды ұят-арын, Кейінгі бозбалаға алып берер,


Жал-жая сыбағалы жамбастарын.

Елде көп және қисық бір ұрыс шал, Өзі арам, жақсылықтан көңілі бос шал, Үйінің маңайынан жүріп кетсең,


Зыр жүгіріп, таяқпен сабайды мал.

Қыржиып, қыңырайып жөнін айтпас, Кім мұқар соныменен әдірем қал, Той болса ақсақал деп алдарына, Табақ-табақ тартады жая мен жал.


Ауыз тимей береді баласына, Бозбала, жұлып алып аузыңа сал. Шалдарды өлең қылып сағынбайын, Шалға тимей жәй жүріп қағынбайын.


Әр елде жақсы-жаман ақсақал бар, Бозбала қайдан білген шалдың жайын. Естісе қисық шалдар түзу болар, Аяғын осы сөзбен тоқтатайын.


Кетейін осыларды өлең қылып, Сөзімді шығаруға бұлданбайын, Құрбылар барды-жоқты сөз қылыңдар, Артады мағрифатың98 жазған сайын.





98 ғылым, білім

Жақсы қыз




1
Келеді қыздың айтсақ біріншісі, Оңбайды қыздың болған қырқыншысы, Жастықта дәурен сүрген қыз байғұстың, Сұлулық қолына тиген бір еншісі.

Мінекей, келді сізге қыздың сөзі, Алма бет, қиылған қас, қара көзі, Он бес пен он алтыға жеткенінде, Секілді пісіп тұрған алма өзі.


Бұралып тал шыбықтай бойы иіліп, Созылған жібек мысал бір мінезі, Көрініп ақ мамықтай иек асты, Салбырар тамағынан алтын бізі.


Болғанда мәхбуб99 жаның айдай сұлу, Ешкімге білінбеген басса ізі,


Аузында толы суды балдай қылып, Аузынан сол секілді шыққан лебізі.

Шіркіннің ата-анасы қандай екен, Осындай тәрбиемен өскен қызы, Шықса да, отырса да бір орында, Мәхбуба100 мүләйім боп тұрған кезі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет