Шыққан рисала



бет4/18
Дата01.05.2023
өлшемі0,78 Mb.
#88665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Тұр қазақ (копия)

Болысқа


Намыстансаң халыққа болма болыс, Айғырды үйірінен бөлме болыс,


Құр босқа мен баймын деп ақша төгіп, Болысым, Хақ дегенді қылма бұрыс.

Халыққа тым еркінсіп бұтың созба, Жоқ іске құмарланып дінің бұзба, Қызумен мақтан үшін болыс болып, Күркетауық секілді текке қозба.


Әуелден нәсіліміз біздің қазақ, Жұрттарға тәхфифланып65 болдық мазақ, Осындай мазақтықтан құтылар ек, Партия, болысымызды қоя қалсақ.


Болысым, ынсаппенен Хақтан ұял, Адасқанмен адаспа, қайтып орал, Сахарада әділдіктен майдан жасап, Ілім мен мағарифты66 сен қолыңа ал!





65 кемітіп
66 ағартушылық

Мешіт пен медресе хақында


Бек тыныш ел ішінде болу мешіт, Халыққа ол ортадан болса нешік, Салынған бір мешіттің жоқтығы үшін, Ойласақ халқымызға бұл кемшілік.


Халқымыз кемшіліксіз тұра алмайды, Мойынын дін жағына бұра алмайды, Аллаға құлдық тағат есінде жоқ, Жалғыз-ақ мен баймын деп ұрандайды.


Қайтерсің қазағымның сол әдеті, Бойында бүтін жүрмес бір дәреті, Мешіт салып, жиылып намаз оқып, Аллаға онша емес итағаты67.


Әуелі халқы бірігіп мешіт салып,


.........................................................
Тұруға емес пе екен зор міндеті,
........................................................68

Тұрмайды мешіт салып, оқып намаз, Көңілімен насихаттар, тұтып уағыз, Есітіп, ғибадаттарды тоқып алып, Пайда алған сахарада қазақтар аз.


Халқымыз иттифақпен69 мешіт салып, Тағы да имам қылып қойса шаһбаз70, Айтқызып шариғаттан имамына, Имамы әрбір баптан сөйлесе наз.


Қазақтар дін жолында болса мұндай, Пақырға берер едім жеті нияз71,





67 құлшылық
68 бұл жол қолжазбадан түсіп қалған сияқты
69 бірігіп
70 білімді
71 тілек, қажеттілік
Не керек мұндай болу есінде жоқ, Дау десе арқасынан қысады аяз.

........................................................


........................................................72
Қазағым, мұндай істі есіңе алып, Салуға бір мешітті түсті ыхтияж73.

Қазағым, ортаңызда мешіт болсын, Кісілер намаз оқып, онда толсын! Бір ғалым шаһбаздан74 имам сайлап,


Михрабта уағыз айтып, сайрап тұрсын.

Екінші мектеп деген болсын хана75, Сыныпқа толсын және күллі бала. Сыныбына лайық кітаптар боп, Мұғалім абзал жаннан келсін дара.


Оқуға балаларға тиіс мектеп, Жазамын халқымыздан мұны жоқтап, Осындай мектеп түзеп салу керек, Қалуымыз жарамас бекер тоқтап.


Ұстайды біздің қазақ бала молда, Ол өзі дінді бұзар шала молда, Баланы оқытудың жөнін білмей, Көңілі әр нәрседен жара молда.


Баланың табиғатын кетіреді, Көтеріп өз көкірегін семіреді, Майданға қирағатсыз үнін салып, Халықты тамам бұзып бітіреді.





72 бұл жолдар қолжазбадан түсіп қалған сияқты
73 қажеттілік
74 білімдіден
75 үй
.............................................................
.............................................................76
Тақымдап таң ертеңнен кешке шейін, Дүре соғып, су жүрек қып өлтіреді.

Байғұс молда ескі жолмен салар күштеп, Оқытуы сыныппенен емес тәртіп, Жалғыз-ақ әліпбиді екі ай оқып,


Өткізер уақыттарын өз миын жеп.

Болар ма мұғалімдік мұндай ғажап, Балалардың бастарына салар азап, Қазақтан алдап-сулап ақша алу, Тұрады мұратымен сол жалғыз-ақ.


Айтайық, мұны тастап, көп насихат, Кісіден тама77 қылу бізге ұят, Халықтың алға таман кетуіне Жарайды себеп болып ету қайрат.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет