Шыққан рисала



бет7/18
Дата01.05.2023
өлшемі0,78 Mb.
#88665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Өлең


Қатқанымен көлдегі мұз жер болмайды, Жатқанмен алтын жерде кір болмайды, Ағалар көп ойла да соны ойлашы, Алтынмен жер бағасы бір болмайды.


Сиырға кілем жабып түйе болмас, Құлындап шіркін есек бие болмас,


Бір жақсы бір жаманмен душар болса, Екеуі өздеріне ие болмас.

Жақсыға жаман адам дос болмайды, Болса да көңілі бек хош болмайды, Ол жаман дос болдым деп айтса-дағы, Көңілі хәсәдліктен88 бос болмайды.




Мухтәрәм89 Нұржан ақынның сөзі


Тағдырдан кім құтылар қашқанменен, Кетер ме бір тосылмай тасқанменен, Ауасы тым жоғары болмасын деп, Қорқыныш берген пілге тышқанменен.





88 іштарлықтан
89 құрметті
Ер жігіт жалақтамас жоқ болса да, Сескенбес жанып тұрған шоқ болса да, Ажалсыз жан шықпас деп қарсы шабар, Жасалған зеңбіректе оқ болса да.

Еш іске уақыт жетсе, ая болмас, Қаншама пысықсынған сақ болса да.


Біреудің көңілі зор, қолы қысқа, Жіберер қыран құсша көзді алысқа, Орнына бар қаруын жұмсай алмай, Біреулер шалдығып жүр, жүрмей босқа.


Біреудің қолы ұзын, көңілі төмен, Еш істе хабары жоқ білмегеннен, Шукрана90 жоқ бәріне қанағатсыз, Айтшылап өтер күні өлмегеннен.




Жігіттікте мінез һәм сипат


Бозбала құлағың сал біздің сөзге, Хат жазып, аз насихат айтам сізге, Тіршілік өміріңізге душар болдым, Майдан ғып, базар құрған кезіңізде.


Әрқайсың сөзім тисе шамданарсыз, Мінезің тауып айтсам таң қаларсыз, Он бестен он алтыға жеткен шақта, Баршаңыз жігіттікке қамданарсыз.


Біреуің біреуіңнен әлкем болса,


Менде сондай болсам деп ойланарсыз, Көңіліңде таудай талап болса-дағы, Болады ерге бөгет шіркін малсыз.



90 шүкіршілік

2


Жігіттің дәл жиырма жасы дейміз, Ақылға, ойға зерек басы дейміз, Мінез, білім, сабырлық, ұят, әдеп, Табылса бір жігіттен осы дейміз.

Ақылың бойыңменен өссін бірдей, Ажарың жылы жұмсақ десін гүлдей, Жауабың тістен шығып таратқанда, Жақыннан біреу білсін басқа білмей.


Жүзіңді төмен қарат, жоғары аспа, Ер жігіт жамандықтың жолын баспа, Мінезің күнде көрсе көрмегендей, Табылсын онша құмар құбыласқа.


Есіктен кіріп келсең, әдеппен тұр, Өз орның табылғанша жоғары аспа, Бойыңа мін тағылар абзал құрбым,


Жаманмен құрбы ғой деп ақылдаспа.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет