Консерві ыдыстары
Консервіге арналған ыдыстар келесідегідей талаптарды қанағаттандыруы шарт: олар герметикалы, берік, салмағы аз, жылу өткізгіштігі жақсы және қыздыру мен салқындатудың алмасу әсеріне тұрақты болуы; ыдыстың материалы қымбат емес және банкалардың ішіндегі заттардың химиялық әсерге және сыртқы ортаның әсеріне тұрақты болуы тиіс. Қаңылтыр және шыны банкалар осы талаптарға сай болуы қажет.
Қаңылтыр ыдыс. Қаңылытр ыдыс – жеңіл, оның салмағы көлемі бірдей шыны ыдысқа қарағанда 3 есе аз. Ет консервілеріне араналған қаңылтыр ыдысты ақ қаңылтыр парағынан (лист) немесе орамынан (рулон) дайындайды. Қаңылтырдың екі жағындағы қалайы жабыны, оны таттанудан сақтайды. Консервіге арналған ыдыстардың жарамдылығы оның беткі қабатына байланысты. Қаңылтыр бетінде тесіктің болуы, оның әртүрлі сыртқы факторлардың әсеріне тұрақтылығын төмендететін бірден-бір себеп болып табылады. Әрбір кішкене тесікте гальваникалық жұп – темір – қалайы туындайды. Сумен немесе ерітіндімен байланыс кезінде электрохимиялық коррозияның пайда болуы мүмкін. Оның екі мәні бар: ыдыстың ішкі және сыртқы беткі қабатының бұзылуы және металл иондарының өнімге өтіп кетуіне әкеліп соғуы. Соңғысы ұзақ уақыт сақтау кезінде өнімнің бұзылуының себебі болуы мүмкін.
Электрохимиялық коррозия мына схема бойынша жүреді:
2Fe – 4e = 2Fe2+;
O2 + 4e + 2H2O = 4OH;
Fe2+ + 4OH = 2Fe (OH2).
Еківалентті темір ауа оттегісімен үшваленттіге дейін тотығып, тат пайда болады. Темірдің таттануы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70-80% кезінде ұлғая түседі. Температураның ауытқуы, қаңылтырда ылғал конденсациясының пайда болуына әкеліп соғады. Қаңылтырда «кеуектілік» (пористость) неғұрлым көп болса, таттану соғұрлым жылдам жүреді.
Қаңылтырды пассиваторлардың көмегімен таттанудан қорғауға болады; олар поляризаторлар немесе қорғаныс жамылғысы болуы мүмкін. Консерві ыдыстары үшін қорғаныс жамылғысы ретінде органикалық лактар кеңінен қолданылады. Олар диэлектриктер болып табылады және сыртқы ортадан металдарды аластайды. Мұндай қорғаныс амалдарының ең қарапайым тәсілі – ыдыстың сыртқы жамылғысына техникалық вазелин жағу.
Консерві лактарын мәні (ішкі және сыртқы беткі қабатын қорғау үшін) мен негізгі құрамы (майлы-смолалы, смолалы), қату сипаты (ыстық және суық кептіру) бойынша жіктейді. Консерві өндірісінде қолданылатын лак бояуы үшін мынадай талаптар қойылады: олар адам ағзасына зиянды болмауы, қаңылтырды бүтіндей жабуы, химиялық тұрақты болуы керек. Бұдан басқа, олар стерилизациялау жағдайына шыдамды, өнімге бөгде дәм келтірмейтін, металға жақсы жабысатын, аязға төзімді, мөр соғу мен банкаларды жабу кезінде, жеткілікті дәрежеде қатты, әрі берік болуы шарт.
Қаңылыр банкаларды стандартты өлшем мен пішін бойынша даярлайды. Ет консервілері үшін қаңылтыр банкаларының екі түрі қолданылады: құрама және тұтас. Құрама банкалар цилиндрлі немесе басқа пішінде болып келеді (овал, тік төртбұрышты) және ол үш бөліктен тұрады: корпусы, түбі және қақпағы. Неғұрлым кеңінен тараған түрі цилиндрлі құрама банка. Әрбір банканың бекітілген шартты нөмірі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |