Шқму е ү 027-13-03- студенттерге арналған пән силлабусы


-тақырып. Ғашықтық жырлар



бет10/23
Дата04.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#78991
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
10-тақырып. Ғашықтық жырлар
Халықтың ғасырлар бойында жаратқан эпикалық мұрасының бір саласы-ғашықтық эпос. Ғашықтық эпоста ерлік, отан қорғау емес, адамның жеке бастық мүддесі махаббат еркіндігі мәселесі алғашқы кезекке шығады. Ғашықтық жырлар архаикалық, қаһармандық эпостардан соңғы мезгіл туындысы. Бұл кезге дейінгі қазақтың лиро-эпосы ретінде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» секілді санаулы жырлар ғана ауызға аланып келді. Лиро-эпостық жырлардың қазынасы тек осы тәрізді бірен-саран жырлармен сарқылмайды. Сюжеттік негізі шығыстан келген ғашықтық эпостар «Жүсіп-Зылиха», «Ләйлі-Мәжнүн», «Құсырау-Шырын», «Сейфүлмәлік», «Таһир-Зуһра» т.б. дастандарды қазақ эпосының дәстүрі мен тарихынан айырып қарауға болмайды. Оқиғалардың өрбу, шиеленісу, шешілу жүйесіндегі негізгі сарын ғашықтық, бас бостандығы, айнымас махаббат болуы ғашықтық эпостың негізгі белгісі. Ғашықтық эпоста архаикалық, қаһармандық жырлардың, ертегілердің элементтері де қатыстырылады. Ғашықтық дастандардың қаһармандық жырлардан тағы бір айырмашылығы – мұнда драмалық-лирикалық ағынның күрделі орын алатындығы. Ғашықтық жырларда ауыз әдебиетінің түрлі жанрларының бас қосуы жиірек ұшырайды. Әсіресе, айтыс формасы жиірек кездеседі. «Бозжігіт» жырында жар-жар, көңіл айту, естірту, жұбату, қоштасу, жоқтау кездеседі. Ғашықтық тақырыпта жазылған жырларды 3 топқа бөлуге болады: 1. ел арасына көп тараған, ерте кезде қағаз бетіне түсіп, азды-көпті баспа жүзін көрген шығармалар («Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш», «Айман-Шолпан»); 2. халық арасында біраз тараса да баспа жүзін көре алмаған нұсқалар («Күлше қыз», «Мақта қыз» т.б.); 3. шығыс әдебиетінен келген нұсқалар. М.Әуезов б.ж. мен ғ. ж. арасындағы ерекшеліктерді былай атап көрсетеді: А) Б.ж. тақырыбы ерлік болса, ғ.ж. тақырыбы сүйіспеншілік; Б) Б. ж-ң образдарында әсірелеу, гипербола басым болса, ғ. жырларда реалистік арна үстем; Б.жырларда көбінесе сыртқы коллизиялық тартыс суреттелсе, лиро-эпостық жырларда қазақ қоғамының ішкі қайшылықтары, халық өмірінің шынайы суреттері көрсетіледі. В) Батырлар жырымен салыстырғанда ғ. жырларында жеке айтушының авторлық санасының таңбасы басымдау.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет