11-тақырып. Тарихи жырлар Қазақ халқы өз өмірінде талай тар кезеңдерді бастан кешіргені мәлім. Мәселен, орыс әскерлерінің ілгері жылжып, бекіністі шеп бойларына қоныстар салу ісінде өзіндік қарсылықтар болды, жоңғарлардың қазақ жерін басып алу мақсатымен Қазақстанға енуі – үлкен қантөгіс қақтығыстарға, көптеген елді-мекен, қоныстарды ойрандап, қазақтардың көп бөлігінің ата жерінен босуына әкеп тірегендігі тарихтан белгілі. Осы тарихи оқиғаларды халық өз ұрпағына жыр етіп жеткізген. Шығыс Қазақстанда кең тарлған тарихи жырлар - "Базар батыр", "Мырзаш батыр", "Барақ батыр, Абылай", "Тобағұл" жырлары. Шығыс Қазақстан өңіріндегі тарихи жырлар – қазақ фольклорының арналы бір саласы. Бұл туындылар жергілікті халықтың дүниекөзқарасын, сана- сезімін, таным-түсінігін және өзі өмір сүріп отырған қоғамы туралы пікірін, өлкесі, оның тарихы, мғдениеті, табиғаты, тұрмыс-салты туралы ойын танытады және оны халықтық көзқараспен бағалайды, сол арқылы қара халықтың тарихи шындықты терең түсіне алатынын көрсетеді, яғни жырлар - халықтың тарихқа берген бағасы. Бұл жырларда халықтың тарихы, өмірі жазулы, сол арқылы біз халықтың өткенін танимыз жғне болашағын бағамдаймыз, өйткені жырлардың басты тақырыбының өзі - халықтың тғуелсіздігі мен бақыты үшін күрес, сол себепті бұл туындылар бақытты болашақ, тәуелсіздік үшін күресе білу керек деген идея көтереді. Жырларда халық біртұтас күш ретінде суреттеледі, оның жағымды қасиеттері саралана отырып, батырлығы, патриоттық жғне биік адамгершілік қасиеттері мадақталады. Бұл жырларда халықтың болашаққа ұмтылысы бейнеленеді. Және оның ұзақ жылдар бойғы шайқастар кезіндегі мықты рухы, тәуелсіздік үшін күресі, сол шайқастарда өздерінің жеңіп шығатынына жғне әділетттіліктің орнайтынына деген сенімі суреттеледі.Енді осы жырлардың жиналу, зерттелу жайына келейік. Базар батыр жырын жинастыру ісі XX ғасырдың 1935-1940 жылдары қолға алынған. Жинаушысы – күршімдік ақын, жазушы Бәделқожа Тұрсынбаев. Ақын жырды Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қарасты Батбақ бұлақ селосының тұрғыны Жангөдей қарттың айтуы бойынша жазып алып, 1941- 42 жылдары ҚР ҰА ОҰК - ның қолжазба қорына тапсырған. Дастан 7-8 буынды жыр үлгісімен араб ғрпінде қағазға түсірілген. Аталмыш жыр үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Базардың Алтай еліндегі қазақтарды қалмақ басқыншыларынан қорғауы айтылады.