57.Бизнес ортада жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру.
Осы және тағы басқа өзекті мәселелер туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Н.С. Жахин Кәсіпкерлер палатасында өткен аймақтық кеңестің кезекті отырысында айтып берді.Жемқорлықтың мысы басым ортада, бизнестің дамуы екі талай екендігі баршаға мәлім. Осыған орай, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың сатылы жүзеге асырылуы нәтижесінде, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған заңнамалық құжаттардың талаптары күшейтілді. Мәселен, Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін бұдан былай заңды тұлғалар да жауапқа тартылатын болады. Ал лауазымды тұлғаларға материалдық сыйақы берген заңды тұлғаларға қарастырылған айыппұлдардың мөлшері 1500 АЕК-ке дейін өсті.«Кәсіпкерлік қызметте сыбайластықтың кең тарағандығын ескерсек, бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру күрделі үрдіс, дегенмен оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Жұмысшылар арасында жемқорлыққа деген «нөлдік төзімділікті» тәрбилеу үшін компания жетекшілері өздері үлгі болулары тиіс. Егер басшылық мәселенің түйінін пара берумен шешу тиімді санаса, қызметкерлері де бұдан бас тартпайтындықтары айдан анық», - деді Нұрлан Жахин.Өз мүддесін іске асыруда компания ресурстарын пайдаланған жұмысшының әрекетін жемқорлыққа балауға бола ма деген мәселелер де туындады. Өйткені мұндай жағдай лауазымын асыра пайлану болып есептеледі.Сондықтан, бизнес-ортада жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін кәсіпорындар кадрлық құраммен, олардың адамгершілігі мен сана-сезімін арттыру жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жүргізулері тиіс. Ұжымдағы жемқорлық мәселелерді басшылық немес меншік иелері іштей шеше алады. Әрине, ішкі ресімдер мен шешімдерді қабылдау регламенттерін жетілдіру үшін біраз уақыт қажет.Кездесу соңында жер қатынастары, құрылыс және өзге де салаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл уәкілетті органының қызметіне қатысты, бизнес субъектілері тарапынан туындаған сұрақтардың барлығына баяндамашы тиісті жауаптарын берді.
Достарыңызбен бөлісу: |