Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері



бет62/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85
66. Жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері

Құқықтық мәдениет дегеніміз – мемлекеттің құлықтық жүйесіне қатысты білім, негізгі заң нормаларын білу, оларды сақтауға ұмтылу, өз Отанының парасатты азаматтарының бірі болуға ұмтылыс.

Құқықтық мәдениет қалыптастырудың басты міндеттерін төмендегідей анықтауға болады:

- жастар заң және соған сәйкес құқықтық нормалардың бар екенін білуіне шарт түзу;

- мемлекет тарапынан қабылданған заңды бұзған адамның жауапқа тартылатынын білуі;

- заң нормаларын орындау, адамгершіліктің басты ережесін орындаумен бірдей екенін білуі; күнделікті тұрмыста өзін дұрыс ұстауға ұмтылса осының өзі құқықтық мәдениеттіліктің белгісі екенін білуі және соған ұмтылуы.

Бүгінгі жас бала- ертеңгі белгілі бір маман иесі. Осыған орай алдымен өзі және жалпы адамның құқығына байланысты мынадай ауқымды білім, біліктерге ие болу керек:

Қазақстан Республикасы Конституциясының өзіне және басқа да азаматтарға байланысты тұстарын құқықтық нормалармен ұштастыра білуі. Алдымен Қазақстан мемлекетінің азаматы ретінде әр оқушы азаматтық кодекс және азаматтық құқықтың өз басына қатысты тұстарын меңгеруі;

Жастар туралы заң және оның оқушы, студент жастарға қатысты тұстарын мазмұндық жақтан тарата отырып түсінуі;

Құқықтық нормаларды және соған байланысты заңды және оның мазмұнын меңгеруі;

Заң талаптарын орындамаудың салдарын талдай білуі;

Заң талаптарын орындауды үнемі қаперде сақтауы және іс-әрекетінде оны ескеруі.

Құқықтық сананың дамуы- адамның барлық өмірін дерлік қамтитын ұзақ, күрделі және қарама-қайшылықты үрдіс. Бірақ көптеген көзқарастар, өмірлік ұстаным, мінез-құлық мотивтері балалық шақта қалыптасады. Жек тұлғаның қалыптасуы кезеңінде құқықты түсіну және оған қарым-қатынас қалай дамиды, кейін адамның құқықтық ортада өзін ұстауы көбіне осыған байланысты.

Жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесінің алғашқы буыны отбасы болып табылады. Бұл болашақ жек тұлғаның тәрбиесін жанұяның негізгі міндеті етіп көрсететін қазақтың дәстүрлерінен бастау алады. Бұл туралы халық ауыз әдебиеті де айтады, осыған көптеген өткен ғасыр ойшылдары да көңіл бөлген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27- бабының бірінші тармағында: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады», ал екінші тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті» деп атап көрсетілген.

Отбасында баланың мінез-құлықының негіздері, оның қажеттіліктері, қызығушылығы қалыптасады. Сондай-ақ, Отанға, ата-анаға деген махаббат, үлкендерге құрмет, азаматтық, ұжымшылдық, жоғары жауапкершілікті сезім, еңбек етуге құштарлық, адалдық, қайырымдылық, сезімталдық, құқықтық тәрбиенің негізі болып саналатын жамандық пен күштеуге ымырасыздық сияқты рухани құндылықтар дамиды.

Жанұяның жасөспірімге тәрбиелік әсері тікелей және жанама түрдегі сипаттарда болдаы. Балаға құқықтық тәрбие берудегі жанұяның жанама түрдегі әсер етуі мыналардан көрінеді:

Жанұяның сандық құрамы;

Ата-анасының білім және мәдени деңгейі;

Ата-ананың бір-бірімен және жанұяның басқа да мүшелерімен өзара қарым-қатынасының қалыптасу деңгейі;

Ата-ананың жұмысбастылығы.

Құқық бұзушы көптеген жасөспірімдер баласы аз және толық емес жанұяда тәрбиеленген.

Жанұя- бұл ұжым. Жанұя ұжымық белгілерін жоғалтса, өзінің тәрбиелік рөлінің көп бөлігінен айырылады. Үш немесе одан да көп баласы бар жанұяда баланың тәрбиеленуі мен дамуына жақсы жағдай қалыптасады.

Бұл жерде бала өзінің тілегі және жанұяның басқа балалры мен мүшелерінің талаптары, қаж еттіліктерімен ара қатынасын белгілеуге үйренеді.

Үлкен жанұяның өмірі балаға адамдық қатынастардың әр түрінің мүмкіндіктерін көрсетеді. Көп балалы жанұяда өскен балалар қоғамның белсенді мүшелері болып оңай қалыптасады.

Ал бала жалғыз өссе, ол үнемі зейін аударғанға үйреніп, өзімшіл болып өседі.

Жастар арасында заң бұзушы әрекеттердің деңгейі ата-аналардың білімі мен мәдениет деңгейіне тікелей байланысты.

Мәдениеті төмен жанұяларда балалар қылмысы мәдениеті жоғары жанұялармен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Балалар үлкендерге, ең алдымен өз ата-аналарына еліктейді, сондықтан олардың мінез-құлық тәртібі балалардың тәртібін қалыптастыратын маңызды фактор.

Балалардың қараусыз қалуына жеткізетін негізгі сбеп ата-аналардың жұмысбастылығы.

Олар жұмыстарына толықтай берілетіндігі сонша, балалардың тәрбиесіне көңіл бөлмейді, олардың қажеттілігін, қызығушылығын білмейді, үйден тыс немен айналысатынына бақылау жасай алмайды.

Бұндай ата-аналардың балалармен байланысы әлсіз болады.

Жанұяның балалардың жек тұлғасына әсер етуінің маңызды факторы туыстық байланыс, жанұя мүшелерінің бір-бірімен сезімдік байланысы болып табылады. Ең бастысы, баланың ата-анасымен, басқа да жанұя мүшелерімен қарым-қатынасы оның бойында махаббат сияқты сезімінің қалыптасуына әкеледі.

Дегенмен, жанұяның әсері балаға үнемі жағымды бола бермейді. Жанұялық қарым-қатынастары қаталдыққа, ұрыс-керіске құрылған жанұялар да аз емес.

Мейірімді жанұялық қарым-қатынасқа және мәдени, рухани өмірді қалпына келтіруге, ұрпақтар сабақтастығына, жеке тұлғаның және қоғамның үйлесімді дамуына негізделген қазақтың жанұялық тәрбие дәстүрін жандандару ең маңызды міндет болып табылады.

Орта мектеп пен жанұяның құқықтық тәрбие берудегі біріккен іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер қолданылады, оны екі топқа бөлуге болады. Бірінші әдістерге ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы оқушыларға әсер ету әдістері жатады.

Екіншісіне тікелей әсер ету әдістері жатады.

Бірінші топқа ата-аналар жиналысын жатқызуға болады.

Ата-аналардың жалпы жиналысында құқықтық тәрбие беру шараларын өткізудің маңыздылығына тоқталып, балаларға құқықтық тәрбие берудің жолдары айтылады.

Ақпарат мазмұнында мектеп оқушыларының мінез-құлқына қысқаша талдау жасау сипатында болады. Сыныптағы ата-аналар жиналысында балаларға құқықтық тәрбие берудің жас ерекшеліктеріне тоқталуға, сыныпта осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстармен, кейбір заң актілерімен таныстыруға болады.

Ата аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің басқа түрі құқықтық тәрбие мәселелері бойынша дәрістер оқу, әңгімелесу, педагогикалық өзіндік білімін көтеруге арналған нұсқаулар, балаларға адамгершілік- құқықтық тәрбие беру жөнінде нақты тапсырмалар беру, адамгершілік- құқықтық тақырыптардағы әдебиеттерді ата-аналармен талқылау болып табылады.

Жасөспірімді құқықтық тәрбиелеу ойдағыдай жүзеге асуы үшін тек жанұяның әсері аз болатынын ескергеніміз жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет