ЖЖСҮ– топографиялық пландар мен карталардың объектілік құрамына сәйкес жергілікті жердің объектілерін сандық ұсыну.
ГАҮ – кеңістіктік объектілердің жиынтығы түрінде ұсынылған, геокеңістіктің ақпараттық үйлестірілген компьютерлік үлгісі. Сол себепті, ГАҮ анықтамасы ЖЖСҮ ұғымының одан арғы дамуы мен өрістеуі болып табылады.
Кез келген ақпараттық үлгі сияқты ГАҮ үш аспектіде сипатталады: мазмұны, құрылымы және параметрлері.
Бұдан басқа, ГАҮ «жергілікті жерді геоақпараттық үлгілеу» деп аталатын арнайы ақпараттық процесс нәтижесінде құрылады.
ГАҮ мазмұны
ГАҮ мазмұны геометриялық элементтердің пішінінің өрескел өзгеру дәрежесін анықтайтын тағайындалуы және масштабымен анықталады. ГАҮ кеңістіктік, жиірек топографиялық немесе тақырыптық (экологиялық, кадастрлық, топырақтық және т.б.), сондай-ақ жергілікті жердің кеңістіктік объектілеріне қатысты, басқа да ақпаратты құрайды. Әрбір кеңістіктік объект бойынша ГАҮ құрамында геометриялық бөлім, семантикалық бөлім, топологиялық бөлім болады және объектілерді сандық сипаттау ережелеріне сәйкес жазылады.
Ақпарат көлемі мен құрылымы сәйкес карталардың (масштабы және арналуы бойынша ұқсастығы) объектілік құрылымы мен сипаттамаларының жинағына сай болады.
ГАҮ құрылымы
Жергілікті жерді кеңістіктік объектілердің ситуациясының, жер бедері пішінінің және олар орналасқан жабынды жазықтықтың жиынтығы түрінде елестетуге болады. Егер де әрбір объектіні сәйкес үлгімен бейнелесек, онда бұл үлгілердің жиынтығы ГАҮ өзі болып саналады. Әрбір объект үлгісі кеңістіктік шектелудің белгілі принципі негізінде құрылады, яғни нүктелік және аудандық объектілер сияқты болады да, жер бетінің үлгісі бөлек құрылады.
Объект үлгілерінің құрамы
Нүктелік объектінің құрамына төменгі аталғандар кіреді:
идентификатор (И), координаталар жұптары (немесе 3 координата), семантикалық код (СК), топологиялық код (ТК), метаақпарат (МА), яғни <И;X,Y (илиX,Y,H);СК;ТК;МА >
Достарыңызбен бөлісу: |