Үстіңгі бет моделі: Регулярлы
Сурет 9. Жергілікті жердің тұрақты үлгісі
Үстіңгі бет моделі: Жартылай регулярлы
Сурет 10. Жергілікті жердің жартылай тұрақты үлгісі П
ГАҮ параметрлері
Дәлдік – объект жайлы ақпараттың қандай қателікпен анықталатындығы және жазылатындығы туралы сипаттама (бұл сандық сипаттамаларға, ең алдымен координаталарға қатысты).
Масштаб – (ГАҮ) үлгінің және үлгіленуге тиіс (жергілікті жер) объектінің ұқсас параметрлерінің қатынасы. Бұл ГАҮ-де бірнеше масштабтардың болуы мүмкін дегенді білдіреді. Әдетте ГАҮ-ге үлгінің бөлшектілігінің көрсеткіші болып табылатын, жергілікті жердің немесе сандық түрге кетіріліуі тиіс картаның түсіріс масштабының шамасын жатқызады.
Адекваттылық – яғни, үлгінің шындыққа сәйкес келу дәрежесі (мысалы, үлгі көп жыл бұрын салынды және енді өткен жылдарда өзгерістер орын алған жергілікті жерге сәйкес келмейді).
Адекваттылық дәрежесі ықтималдылық жолымен бағалануы мүмкін. Әрбір объектінің жергілікті жерде, ұзақ уақыт бойы сақталуының ықтималдылық дәрежесін, яғни тұрақтылығын айқындауға болады. Мысалы, күрделі үйдің ықтималдылық коэффициенті 0,999, ал жеке тұрған ағаштың ықтималдылық коэффициенті 0,60-қа тең.
Үлгнің өлшемдері:
бір өлшемді – жергілікті жердің профилі (1 координата L –профиль ұзындығы);
екі өлшемді – жергілікті жердің картасы (2 координата X,Y);
үш өлшемді – компьютерлік үлгілер (3 координата X,Y,H).
Үстіңгі бет моделі: геоморфологиялық
Сурет 11. Жер бетінің геоморфологиялық үлгісі
Үстіңгі бет моделі: аналогтык
Сурет 12. Жер бетінің аналогты үлгісі
Үш өлшемді затты үлгілеуде екі өлшемді үлгіні қолдану- жеңілірек, бірақ нақты болмауы мүмкін. Үш өлшемді үлгілер жақсырақ, алайда үш өлшемді үлгілеудегі мәліметтерді жинау өте қиын (лазерлік сканерлеудің аэро және жерден қашықтық әдістері).
Үлгінің өлшемі жайлы айтылмайды, өйткені ГАҮ-ні картаны сандық түрге келтіру әдісімен құрады, ал графикалық карта әрдайым екі өлшемді болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |