Сибирская государственная геодезическая академия


Кеңістіктік мәліметтердің аумақтық банкі –



бет17/59
Дата26.12.2023
өлшемі5,82 Mb.
#143786
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59
Байланысты:
¦Ы¦¬TБ¦¬TЖ¦¦¦¬¦¦ ¦¦¦-¦¬

Кеңістіктік мәліметтердің аумақтық банкі – мәліметтер базасы (ББ), мәліметтер базасын басқару жүйесі (БББЖ) және қолданбалы бағдарламалар кешені болып табылатын, аумақ жайлы геокеңістіктік мәліметтерді орталықтанған сақтау және ұжымдық пайдаланудың ақпараттық жүйесі.



Аумақтық мәліметтер базасы (ББ)


ББ – нақты аумақты, заттық облысты бейнелейтін және әр түрлі пайдаланушылармен бірлесіп пайдалануға арналған, белгілі ретпен ұйымдастырылған, бірі бірімен баланысқан геокеңістіктік мәліметтердің жиынтығы.


Мәліметтер базасының маңызды ерекшелігі, пайдаланушының қолданбалы бағдарламаларынан тәуелсіздігі болып табылады.
Мәліметтер базасы жергілікті (бір компьютерде орнатылған) және таратылған (желінің бірнеше компьютерінде орнатылған) болуы мүмкін.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі (БББЖ)


БББЖ – мәліметтер базасын құру, басқару және пайдалануға арналған бағдарламалар және тілдік құралдар кешені. Ол мәліметтерді енгізуді, сақтауды, манипуляциялауды, сұраныстарды өңдеуді, мәліметтерді іздеуді, таңдауды, іріктеуді, жаңартуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар бүтіндікті сақтау және мәліметтерді санкциясыз рұқсат алуынан, бұрмалануынан және жоғалып кетуінен қорғайды.


БББЖ сипаттамасының маңызды ерекшелігі, мәліметтер базасында мәліметтер құрылымы (ұйымдастыру) болып табылады.

Мәліметтердің аумақтық банктерінің ерекшеліктері, төмендегі аталғандар болып табылады:





  1. семантикалық (атрибутивті) мәліметтерді ұйымдастыруда қолданылатын коммерциялық жалпы техникалық БББЖ және ГАЖ бағдарламалық қамсыздануына кіретін, позициялы (координаттық) мәліметтерді ұйымдастыруда қолданылатын арнаулы БББЖ үйлесімі;

  2. мәліметтер базасын аумақтық бірліктер (облыс, қала, аудан), масштабтар, заттық облыстары бойынша құру және құрылымдау;

  3. аумақ бойынша навигация жүйесінің бар болуы.

Аумақтық банктердегі кеңістіктік мәліметтердің мәліметтер құрылымы


Кеңістіктік мәліметтердің аумақтық банктерінде осы кезге дейін қолданылып келген, өзінің артықшылықтарымен кемшіліктері бар мәліметтердің алуан түрлі құрылымдары қазіргі уақытта қолданылып жүр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет