ТВ шоdоs)у
ТВ шоу көбінесе айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытуға негізделеді. Ол теледидарда жиі жүргізілетін пікірталастар
желісі бойынша ұйымдастырылады. Танымал телехабар айдарын бере отырып, соның жүргізілу барысы, реті бойынша ұйымдастыруға болады (мысалы,
«Айтуға оңай», «Парасат майданы», «Кім? Қайда? Қашан?» т.б.) Оның барысында жүргізуші түрлі кейіпкерлермен тақырыпты талқылайды. Кейіпкерлердің рөлі алдын ала айқындалады.
4-6 студент бүкіл аудиторияның алдына шығып, ұсынылған мәселе бойынша өз ойларын жария қылады. Ал жүргізуші үнемі олардың көзқарастарының қарама-қарсы жақтарына назар аударып, пікірледің қақтығысуына әкеліп отыратындай, күрделі, проблемалық сұрақтар қойып отыруы тиіс. Қатысушылардың әрқайсысы өз ойларын дәлелдеуге тырысып, қарсы пікірлерге дау айтады. Аудитория тыңдайды. Соңында жүргізуші талқыны қорытындылап, ортақ шешім табуға тырысады. Бұл әдіс қатысушылардан ұтқырлықты, тақырыпты терең меңгеруді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |