Сімдіктер экологиясы



Pdf көрінісі
бет25/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   83
жер асты сулары
деп атайды. Құм-
ды және майда тастақты қабаттарда аталған сулар – ӛте жылжы-
малы болады. Жер асты суларының минерализациялануы ӛсім-
діктердің ӛсіп дамуына әсері күшті. Минерализацияланудың 
ӛсімдіктер үшін оптимальды концентрациясы 0,5-1,02 г/л, жоға-


40 
ры деңгейі – 3-5 г/л, ӛте жоғары концентрациясы – 10-12 г/л. 
Мұндай концентрацияда тек галофит ӛсімдіктері ӛсе алады. 
Аридті климат жағдайында топырақ бетінен ылғалдың кӛп 
мӛлшерде және ұзақ уақыт бойы булануы нәтижесінде жер асты 
суларында тұздар жинақталады. Мұндай жағдайлар шӛлейт ай-
маққа жататын Арал ӛңіріндегі суармалы жерлерде байқалады. 
Гидрогеологиялық тұрғыдан алғанда Сыр ӛңіріндегі суармалы 
жерлер алқабының жер асты сулары ақпайтын, тұйықталған 
бассейн. Олардың циркуляциялануы (айналуы) тӛрттік дәуірлік 
құмды шӛгінділерінде жүреді. Жер асты суларын коллекторлы-
дренажды жүйе тартпағандықтан, әкетпегендіктен тұздар жи-
нақталып, минерализациялануы жылдан-жылға күшейе түсуде. 
Атап айтқанда Арал ӛңірі жағдайында жер асты суларының ми-
нерализациялануы 5 г/л және одан жоғары суармалы жерлер кӛ-
лемі 2000 ж. – 105,5 мың гектар, 2002 ж. – 127,7 мың га, 2003 ж. 
– 137,4 мың гектар болды.
Бақылау сҧрақтары 
1. Судың ӛсімдіктер организміне тікелей және жанама әсері. 
2. Ӛсімдіктер денесіндегі су мӛлшері. 
3. Аридті және гумидті аймақтар туралы. 
4. Топырақта судың “ұсталып” тұруына байланысты негізгі 
түрлері және олардың ӛсімдіктерге сіңімділігі. 
5. Жер асты сулары, олардың орналасу тереңдігі мен мине-
рализациялануы және ӛсімдіктерге әсері. 
6. Арал ӛңіріндегі суармалы жерлердегі жер асты сулары 
жағдайы және оның топырақтың тұздану процесіне әсері. 


41 
7 – Тақырып. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет