VI. Түсінік тексеру.Табиғаттағы бөге заттар қандай? Табиғат ластаушы көздер қандай?
VII.Жаңа сабақты бекіту. 1) «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінеміз?
2) Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
3) Табиғат құбылыстарын ата?
4) Күннің тұтылуын түсіндіру
5) Табиғат туралы қандай ғылымдарды білесіңдер?
6) Айдың тұтылуын қалай түсіндіруге болады?
7) Физиканың негізгі мақсаты неде?
8) Физика заңдары қалай ашылады?
9) Физикалық терминдер, ұғымдар дегеніміз не?
10) Материя, дене, зат ұғымдары дегеніміз не?
11). Әл - Фараби «Екінші Ұстаз» аталуының басты себебі не?
Тексерілді____________
Сабақ № 9
Пәні: Экологиялық проблемалар
Сыныбы:
Күні:
Тақырыбы: Мектеп үлескісіндегі жеміс ағаштар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : балаларға білім беру және оларда танымдық қызмет қалыптастыру.
Дамытушылық : алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана алуы, мектеп үлескісіндегі ағаштар бойынша оқушыда дағды қалыптастыру.
Тәрбиелік: табиғатқа жанашыр салауатты адам тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ көрнекілігі: кестелер, экологиялық суреттер.
I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу. Олардың назарын аудару.
IV.Жаңа сабаққа дайындық кезеңі. Жаңа сабақ тақырыбын тақтаға жазу. Сабақ мақсатын түсіндіру.
V.Жаңа сабақты түсіндіру. Жеміс ағаштарын ең дұрысы учаскенің солтүстік, солтүстік-батыс немесе солтүстік-шығыс бөлігіне орналастырған жөн. Дақылдарды бөлек отырғызу барысында олардың жарық сүйгіштігін ескеру керек және өсімдіктер оңтүстіктен солтүстікке қарай өсуі керек. Учаскенің солтүстік жағына алма және алмұрт ағаштарын, олардың арасына орта бойлы көшеттерді – шиені, алшаны, жидек бұталарын отырғызған дұрыс болады. Жидек бұталарын бақша қатарларының арасына, жүзімді – бақшаның оңтүстік немесе оңтүстік шығыс шекарасына қарай, шарбаққа жақын отырғызу керек.Жерді жырту алдында органикалық және минералды тыңайтқыштар себу қажет. Құмдауыт және қатпарлы болып келетін топыраққа қайта жырту алдында көң себу керек. Көктемде учаскені екі-үш рет тереңдігі 18-20 см етіп қайта өңдеп немесе күрекпен қайта қазып шыққан жөн, бұнымен қоса тамыр кеміргіш арамшөп- тердің тамырларын, зиянкестер жұмыртқаларын (саратан қоңыз, бұзаубастан және т.б.) мұқият теріп шығады. Көкөніс дақылдарын өсіру барысында жақсы тұқым себудің маңызы зор, бұл көп жағдайда өнім көлемін ғана анықтап қоймайды, оның тұтыну құндылығын да білдіреді. Тұқым алуды кейінге ысырып, соңына қалдыра бермей, ерте бастан ойлау керек. Оның негізі ретінде әрбір дақылдарға жоспарланған жер көлемін алу қажет. Тұқымдарды көп мөлшерде сатып алмаған жөн, өйткені (қиярды қоспағанда) барлық дақылдарды жаңа ұрықтардан өсірген жөн. Алынған ұрықты жылы жерде, кеміргіштер зиян келтіре алмайтын жерде сақтаған керек.
Ағаш түрлері.Үйеңкі - қатты әрі тығыз ағаш. Сүрегі біртекті ақ сарғыш түсті болып келеді. Домбыраны үйеңкіден тұтас шауып немесе құрап әзірлеуге де болады. Үйеңкі - музыкааспаптарын әзірлеуге өте қолайлы ағаш.
Емен - өте қатты, тығыз, берік ағаш. Ағаш сүрегінің түсі сарғыш қоңыр болып келеді. Емен ағашынан бұйымдар жасағанда өте абай болу керек. Себебі емен өте жарылғыш келеді, сақтықпен кептірмесе, өзегін қуалай шытынап, жарылып кетеді. Еменнен жасалған музыка аспабы өте әдемі болады, ұстала келе табиғи өрнектері ашылып, жылтырай береді.Қайың - сүрегі біркелкі ақ түсті, қатты ағаш. Қайыңның безінен жасалған бұйым әдемділігімен, беріктігімен ұтымды. Ол күнге қаңсымайды, ыстық-суыққа төзімді болады. Қайыңның тозын музыка аспаптарына қап жасау үшін қолданады.Терек - сүрегі ақ түсті, жұмсақ ағаш. Бабымен кепкен терек көп жарылмайды, кепкен сайын киізденіп қатая түседі. Теркеті зімпарамен өңдессе түгі шығып тұрады. Сондықтан шеберлер теректен бұйым жасағанда өткір сайманмен өңдеп қана қояды.Тал - иілгіш, сүрегі ақ түсті, жұмсақ ағаш. Кебе келе қатайып кетеді, кепкен тал өте жеңіл болады, Домбыра құрап жасағанда талды домбыраның иін болып келетін жерлеріне қолданады. Сонымен қатар түрлі бұйымдар жасауға жеміс ағаштары да пайдаланылады. Олар: алма, алмұрт, шие, жиде, алхоры, долана, өрік, т.б. Барлық жеміс ағаштарына тән қасиет: олар қатты, тығыз, жылтыр болып келеді.