Сыныбы: Күні: Тақырыбы: Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері



бет3/13
Дата31.10.2022
өлшемі242,78 Kb.
#46442
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
0008026a-4839a2e3

Түсінік тексеру.

 Сұрақтар
1) Жаратылыстану ғылымы нені зерттейді?
2) Табиғат дегеніміз не?
3) Қандай ғылымдармен байланысты?



  1. Жаңа сабақты бекіту.

1) «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінеміз?
2) Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
3) Табиғат құбылыстарын ата?
4) Күннің тұтылуын түсіндіру
5) Табиғат туралы қандай ғылымдарды білесіңдер?
6) Айдың тұтылуын қалай түсіндіруге болады?
7) Физиканың негізгі мақсаты неде?
8) Физика заңдары қалай ашылады?
9) Физикалық терминдер, ұғымдар дегеніміз не?
10) Материя, дене, зат ұғымдары дегеніміз не?
11). Әл - Фараби «Екінші Ұстаз» аталуының басты себебі не?

Тексерілді___________


Сабақ № 6
Пәні:
Сыныбы:
Күні:
Тақырыбы: Ауаның сапасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : тірі табиғат дүниесі туралы білім беру.
Дамытушылық: оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 
Тәрбиелік : оқушыларды адамгершілік тәрбиесіне тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ көрнекілігі: кестелер, экологиялық суреттер.
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. - оқушының ойлау белсенділігін арттыру
IV.Жаңа сабаққа дайындық кезеңі. Жаңа сабақ тақырыбын тақтаға жазу. Сабақ мақсатын түсіндіру.
V.Жаңа сабақты түсіндіру.
Ауа – жер атмосферасын құрайтын табиғи газдар қоспасы: азот (78,09%), оттек (20,95%), инертті газдар (0,94%), көмірқышқыл газ (0,03%). Тығызд. 1,2928 г/л, суда ерігіштігі 29,18 см3/л; Ауа – адамның, жануар мен өсімдіктер әлемінің тіршілік ететін ортасы.[1]; аздап басқа инертті газдардың, сутектің, азот оксидтерінің, көміртек оксидтерінің, аммиактың, метанның, күкіртті газдың және тағы да басқалары мөлшері бар. Жердің ендігіне байланысты ауадағы су буының орташа мөлшері 0,2-ден 2,6%-ға дейін барады, Ауа массасының 4/5-іне жуығы тропосферада шоғырланады; атмосфераның жоғары қабаттарында гелий мен сутек басым болады. Ауаның құрамында оттегі бар екендігін 1774 жылы француз ғалымы А. Лавузье анықтаған.

Ауаның сапалық құрамын анықтау үшін мынадай тәжірибе жасайық. Кристалдандырғышқа су құйып алып, судың бетінде қалқып жүретін пенопластка жіңішке шырақ (парафиннен жасалған) орнатып, оны жағып суға саламыз да, шырақты сыртында 5 бөлікке бөлінген белгісі бар, цилиндрмен жабамыз. Біраздан кейін су цилиндр бойымен оның көлемінің 1/5 бөлігіне көтерілгенін байқаймыз. Бұдан шығатын қорытынды - ауаның көлемі бойынша 20%-ы оттегі, ол шырақтың жануына жұмсалды (13- сурет).
Ауада оттегіден басқа жануды қолдамайтын азот ~78%, ~1 % бекзат газдар (неон, гелий, аргон, т. б.) және ~ 1% басқа айнымалы ластаушы газдар бар. Мr(O2) = 32 г/моль, Mr(N2) = 28 г/моль болса, Мауа= 32 • 22% + 28 • 78% ≈ 29.
Ауадағы оттегінің мөлшері техногендік факторлардың әсерінен азайып отырады, ол механикалық және химиялық жолмен жүреді.
Механикалық әсерлер: газ, шаң күйіндегі химиялық заттар. Химиялық өндіріс орындары шоғырланған аймақтарда (Өскемен, Тараз, Шымкент, Қарағанды, Хромтау, Текелі, Павлодар, т.б.) экологиялық мәселелер ушығып отыр, ал үлкен қалаларда бұл мәселе автокөліктер әсерінен шиеленісуде.
Жергілікті жерлерде өндірістік әсерлердің, әр түрлі болғандығынан ластаушы газдардың құрамы әр түрлі болады (жылу электр стансалары (ЖЭС), зауыттардың, автокөліктердің газдары). Олардың шамасы біразға дейін қоршаған ортаға зиян тигізе қоймайды, заттардың осы мөлшері зиянсыз шамасының шегі (ЗШШ) деп аталады.
Ауа райы бұзылар алдындағы белгілер:
Будақ бұлттар кешке қарай тарап кетпей, қайта көбейіп, қалыңдай түседі.
Ертеңгі және кешкі күн шапағы қызғылт түсті болады.
Түнгі және күндізгі температураның айырмасы азаяды.
Кешке қарай жел тынбайды, қайта күшейеді.
Шық және қырау түспейді.
Күн немесе Ай қораланады.
Ауа қысымы төмендейді.
Ауа райының түрлері
Дауыл - циклон және тайфун ретінде белгілі осы үлкен құйындататын борандар ғимараттарды қиратып,жоларды бұзады.
Күннің күркіреуі - жылы ауа жоғарыға қарай көтеріліп салқындаса,үлкен бұлттар жоғарыға қарай өсе бастайды.Осындайда боран болуы мүмкін және қатты жаңбыр жауады.
Су тасқыны - төтенше ауа райынан туындайтын кез келген басқа сұрапыл апатты құбылыстармен салыстырғанда , су тасқыны көптеген зардаптарға әкеледі.
Бұршақ - жаңбырлы бұлттарың арасында пайда болып, боран кезінде жауауды.Әдетте олардың өлшемі жасыл бұршақтың көлеміндей болады.
Торнадо - жер бетімен қозғалатын және жолында барлығын қирататын әуе құйыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет