Сыныбы: Күні: Тақырыбы: Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері



бет2/13
Дата31.10.2022
өлшемі242,78 Kb.
#46442
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
0008026a-4839a2e3

Түсінік тексеру.

  1. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері нешеге бөлінеді?

  2. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері туралы не білдіңіздер?

  1. Жаңа сабақты бекіту.Оқушылар кесте толтырады

Экология ғылымының қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар

I кезең

II кезең

III кезең











Тексерілді____________

Сабақ № 5


Пәні: Экологиялық проблемалар
Сыныбы:
Күні:
Тақырыбы: Адам және табиғат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : тірі табиғат дүниесі туралы білім беру.
Дамытушылық: оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 
Тәрбиелік : оқушыларды адамгершілік тәрбиесіне тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ көрнекілігі: кестелер, экологиялық суреттер.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
    2. - оқушының ойлау белсенділігін арттыру

  2. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі. Жаңа сабақ тақырыбын тақтаға жазу. Сабақ мақсатын түсіндіру.

  3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Бізді қоршаған ортаны табиғат дейміз. Бұған сумен ауа, дыбыс, жарық пен радиотолқындар, жұлдыздар мен кометалар, планета мен галактика т. б. жатады.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болады.
Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстары делінеді.
Физиканың «бірінші ұстазы» атанған грек ғалымы Аристотель. «екінші ұстазы» ұлы бабамыз - Әбу Насыр әл - Фараби. «Физика» деген сөзді орыс тіліне енгізген ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов. «Физика» деген грекше фюзис – табиғат дегенді білдіреді.
Мақсаты - табиғатта болып жатқан құбылыстарды зерттейді, олардың өзара байланыстыратын заңдарын ашады. Мысалы Жердің Күнді айнала эллипс бойымен қозғалатынын түсіндіру. Т. б. Терминдер - жол, жылдамдық, күш. Физикалық ұғымдар – материя, дене, зат. Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Белгілі пішіні, нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады. Дененің шығу табиғатын, сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрін зат деп атаймыз. Біздің заманымыздың өзіне тән екі ерекшелігі бар. Біріншіден, ғылым мен техника үлкен қарқынмен дамыды. Екіншіден, ашылған ғылыми жаңалықтар адамзат игілігіне айналды. өнеркәсіп пен тұрмысқа енгізіліп отырды. Техниканың негізі – физика. ХХ ғасырдың физика мен техникаға байланысты төрт кереметі бар. 1. Атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты. 2. Ғарышқа көтерілді. Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі Байқоңыр ғарыш айлағынан 1957 жылы ұшырылды. Орыс азаматы Ю. А. Гагарин 1961 жылы алғаш рет Байқоңырдан ұшты. Біздің отандастарымыз – Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаевтар күрделі ғарыштық техниканы басқарып ерлік біліктіліктерін көрсетті. 3. 60 - жылдардың басында лазер өмірге келді. Осы жаңалықты ашқан Ресейдің физик ғалымдары Н. Г. Басов, А. М. Прохоров және АҚШ - тың физигі Ч. Таунске Нобель сыйлықтары берілді. 4. Кибернетика өмірге келді оған байланысты электрондық есептеуіш техникасы. ХХ ғасырдың ең негізгі төрт ғылыми – техникалық ғажайыптары осындай.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет