Сыныбы: Күні: Тақырыбы: Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері



бет5/13
Дата31.10.2022
өлшемі242,78 Kb.
#46442
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
0008026a-4839a2e3

IV.Түсінік тексеру. Адам өміріне не қажет?
1. Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады
2. Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?
3. Тірі табиғатты ата.
VII. Жаңа сабақты бекіту. 1 - топ. Келешекте бірнеше жылдар өткен соң біздің қаламыздың табиғатын қалай елестетер едіңдер? ( суретін салу)
2 - топ. Табиғатты қорғау туралы маман болсаң не істер едіңдер?
Сыныпқа жалпы сұрақ.
«Туған жер табиғатын қорғау керек пе, әлде жоқ па?»
Оқушылардың пікірін талдау

Тексерілді____________


Сабақ № 8


Сыныбы:
Пәні: экологиялық проблемалар
Күні:
Тақырыбы: Табиғаттағы бөгде заттар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : тірі табиғат дүниесі туралы білім беру.
Дамытушылық: оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 
Тәрбиелік : оқушыларды адамгершілік тәрбиесіне тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ көрнекілігі: кестелер, экологиялық суреттер, тақта, бор.
I. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушыларды түгелдеу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
3. Оқушының ойлау белсенділігін арттыру
IV. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі. Жаңа сабақ тақырыбын тақтаға жазу. Сабақ мақсатын түсіндіру.
V. Жаңа сабақты түсіндіру. Әр түрлі оқ, ағаш, темір терсек, тіс, сүйек жарықшақтары, тіс протездері, инелер т.б. заттар өзімен бірге ауыз қуыс тканьдеріне, бет-жүз, мойын айналасына инфекция жұқтырып, енген жерде абсцесс және флегмона пайда болуына әкеп соғады. Уақыты жеткенде бөгде немесе бөтен заттар дәнекер тканьдермен қабатталуы мүмкін. Болмаса бөгде зат жатқан қуыс қасында тесік пайда болады. Ластаушы - қоршаған ортаға әсер ету мөлшері табиғи деңгейден жоғары субьектілер (физикалық агент, химиялық зат, биологиялық түр). Ластану кез-келген агентпен болуы мүмкін. Тіпті ең таза агент те ластаушы болуы мүмкін, яғни, ластаушы дегеніміз табиғаттың өз тепе-теңдігінен шығуына алып келетін фактор.
Жоғарыда айтылғандай, шығу тегі бойынша ластану табиғи және антропогенді (адамның қатысуымен) болып келеді. Табиғи ластану - табиғи, әдетте үлкен апаттар, зілзалалар (жанартау атқылауы, жер сілкіну) нәтижесінде пайда болады.Өкінішке орай, өнеркәсіптің дамуына байланысты қоршаған ортаның ластануы антропогендік ластану болып отыр. Оларды өз кезеғінде жергілікті және ғаламдық деп бөлуге болады. Жергілікті ластану өнеркәсіп аймақтарында немесе қала төңірегінде болуы мүмкін. Ғаламдық ластану үлкен қашықтықтарға тарап биосфералық процестерге, Жерге әсер етеді. Антропогендік ластану адам қатысуымен, олардын тікелей немесе жанама әсер етуінен пайда болады.Атмосфералық ауаны ластаушылар - механикалықхимиялықфизикалық, және биологиялық болып бөлінеді.
Механикалық ластаушылар - шаң, қоқыс. Олар органикалық отынды жақ қанда және құрылыс материалдарын дайындау процестері кезінде пайда болады. Мұндай ластану кезіндегі ең қауіптісі диаметрі 0,005 мм-ге дейінгі бөлшектер. Көптеген аурулар ауаның шаң болуымен байланысты: өкпе құрт ауруы (туберкулез), кеңірдектің аллергиялық аурулары және т.б. ауадағы шаңның жоғары конңентрациясы мұрынның шырышты қабығының жұмысын нашарлатады, мұрыннан қан кетеді. Химиялық ластаушылар - экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады.Атмосфераны қатты ластайтын улы заттарға: көміртегі қосылыстары (көмір қышқыл газы, көміртегі тотығы, альдегидтер, қышқылдар), күкірт қосылыстары (күкіртті ангидрид, күкірт қышқылы), азот тотықтары (NO және N02) жатады. Физикалық ластаушылар - Бұл биосфераға техногендік себептерден түсетін энергияның артық көздері. Мысалы, жылу (атмосфераға қызған газдардың бөлінуі); жарық (жасанды жарықтың әсерінен табиғи жарықтың нашарлауы); шуыл (шуылдың мүмкін деңгейден артуы); электромагнитті (электр желісі, радио, теледидар); радиоактивті(атмосфера радиоактивті заттардың бөлінуі); озон бұзғыш (фреондардың атмосфераға бөлінуі). Биологиялық ластаушылар - экожүйеде бұрын болмаған немесе мөлшері қалыпты жағдайдан аспаған организмдер түрлері. Микрорганизмдермен ластануды бактериологиялық ластану деп атайды. Әсіресе кейбір елдердің қарулы күштерінің лабораторияларында жасалатын арнайы немесе кездейсоқ ауру тудырғыш микроорганизмдердің штаммдарымен атмосферанын ластануы өте қауіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет