Сынып жетекшісі: Сынып


мақсаты: Сынып сағатының



бет5/44
Дата15.12.2022
өлшемі245,05 Kb.
#57503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
тәрбие сағаттары жаңа

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

- ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- ана тіліне деген құштарлықты арттыру;
- ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;

Бағалау критерийлері:

Туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйені айта алатын, еркін сөйлейтін тұлға қалыптастыру

Сынып сағатының түрі:

-эссе

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Тіл туралы жазылған нақыл сөздер, кітап көрмесі, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би суреттері.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Мұғалім:  Бүгін біздің осылай мерекелі кешке жиналып отырғанымыз-Алланың бізге берген ұлы бақытының арқасы. Ол бақыт-бейбітшілік, ол бақыт-тәуелсіздік. Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер басты қаруымыз-туған тіл. Ананың бал сүті мен бойға сіңіріп, асыл әлдиімен жанға дарыған тілімізді қадірлейік, мәртебесін асырайық,- деп өткізгелі отырған «Тілім менің-тірлігімнің айғағы” атты эссе жазу күні.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен, мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады және мына өлеңді бірге айтуды ұсынады:
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.
Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім...
1989ж. Алғаш рет Тіл туралы заң қабылданғаннан кейін халқымыздың арасында және өзге ұлт өкілдері арасында ана тілімізге деген құрмет артты. Иә, қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Оны мойындап, мәртебесін көтеру-бізге міндет, ұрпаққа парыз!
Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.Олар өз тілдерінде сөйлеп, өз мәдениеттері мен салт-дәстүрлерін сақтай білген. 


1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады)
2. Жақсы сөз -... (жарым ырыс)
3. Тіл қылыштан... (өткір)
4. Басқа пәле... (тілден)
5. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ)
6. Жақсы байқап сөйлер, жаман.. (шайқап сөйлер)
7. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты... (сөз бұзар)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет