Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын


Жай сөйлемнің тұрлаулы мүшелелері



бет42/76
Дата02.02.2022
өлшемі150,11 Kb.
#24709
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76
Байланысты:
синтаксис

35. Жай сөйлемнің тұрлаулы мүшелелері

Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Сөйлем мүшесінің белгілері: 1) толық мағыналы сөз болуы керек; 2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек; 3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беруі керек. Мысалы: Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр. Жылы – қандай? – сындық ұғым атауы, желдің – ненің? – заттық ұғым атауы, әлсіз – қандай? – сындық ұғым атауы, ызыңы – несі? – заттық ұғым атауы, естіледі – қайтеді? – қимылдық ұғым атауы.

Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді. Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады. Мысалы: Аман жиналғандармен қысқа амандасты. Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.

Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады. Мысалы: Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді. Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаев – күрделі бастауыш, екі рет – күрделі пысықтауыш, Алтын Жұлдыз медалімен – күрделі толықтауыш, марапатталған еді – күрделі баяндауыш.

Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады. Мысалы: Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.

Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтан тұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштар өздігінен сөйлем құрай алмайды, тек берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұлар тұрлаусыз мүшелер деп аталады.

Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесі бастауыш деп аталады. Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер?

Бастауыш баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады. Мысалы: Сен оқыдың, білім алдың, ұстаз көрдің (ІІ жақ, жекеше). Біз надан өстік (І жақ, көпше).

Бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі

Құрылысына

қарай бөлінуі



Мысалдар

Дара бастауыш

Балалар (кімдер?) саяхаттан көңілді оралды.

 


Күрделі бастауыш

Ел көру, жер тану (не?) – ер жігітке лайық қасиет.

 


Үйірлі бастауыш

Жұмысы жоқтық (не?) аздырар адам баласын.

Анамның айтқаны (не?) әлі есімде сақтаулы.



 

Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі.

 

Сөз табы

Мысалдар

Зат есім

Жетімкөлге биыл аққулар (нелер?) оралмады.

Сын есім

Үлкендер (кімдер?) төрге, кішілер (кімдер?) есік жаққа жайғасты.

Сан есім

Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу (кім?) түгел болса, төбедегі келеді.

Есімдік

Кейбіреулер (кімдер?) бұл сұрақтан тосылып қалды.

Есімше тұлғалы етістік

Оқыған (кім?) жетер мұратқа, оқымаған (кім?) қалар ұятқа.

Тұйық етістік

Сыпайы сөйлеу (не?) – әдептіліктің белгісі.

Одағай

Әжемнің уһлі (несі?) көбейіп кетті.

Үстеу

Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес.

Еліктеу сөз

Дабыр-дүбір (не?) жақыннан естіле бастады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет