Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын


Баяндауыш   Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын



бет43/76
Дата02.02.2022
өлшемі150,11 Kb.
#24709
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76
Баяндауыш

 

Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше баяндауыш деп аталады. Баяндауыш қайтті, не істеді, не қылды? деген сұраққа жауап береді.



 

Баяндауыштың негізгі белгілері: 1) бастауыштың жай-күйін білдіреді;

2) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады; 3) кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады; 4) сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұрады; 5) қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.

 

Баяндауыш даракүрделі және үйірлі болып үшке бөлінеді.



 

Дара баяндауыш бір сөзден жасалады. Бұл сөзге бәрі жамырай күлдіДәмеш осы үйдің үлкеніЖолаушылар саны – отыздай.

 

Күрделі баяндауыш екі немесе одан да көп сөзден тұрады. Бұл сөзге бәрі жамырай күліп жібердіДәмеш осы үйдің үлкені еді.

 

Үйірлі баяндауыш Тілек бұл сөзге онша таңқалған жоқОның бар мақсаты – тезірек ер жету.

 

Баяндауыштың құрылысына қарай бөлінуі

 

Құрылысына

қарай бөлінуі

Мысалдар

Дара

Басты байлық – денсаулық. Саябақ – демалыс орны.

 


Күрделі

Әр ата-ана өз баласынан үміт күтеді.

 


Үйірлі

Бұл дүниенің бақыты – мұратқа қол жеткізу.

 


 

 

Баяндауыш негізінен етістіктен болады. Көп кешікпей күннің көзін қалың бұлт бүркей бастады.

 

Баяндауыш зат есімнен де болады. Машинадан түскеннің бірі – қарт майдангер Қуандық қария.



 

Баяндауыш сын есімнен де болады. Күз аспаны бұлыңғыр, бұлтты.

 

Баяндауыш сан есімнен де болады. Бұл үйдегі адам саны – жетеу.



 

Баяндауыш есімдіктен де болады. Жамал апайдың жастарға айтпағы – осы.

 

Баяндауыш болатын сөз таптарының кестесі

 


Сөз табы

Мысалдар

Етістіктер

Төреқұлдың әңгімесін бәрі ұйып тыңдады.

Сын есімдер

Бұл үйдің балалары бір-бірімен өте тату.

Зат есімдер

Бүгінгі жастар – бақытты жастар.

Сан есімдер

Төрт жерде төрт – он алты.

Есімдіктер

Мәдениет сарайы – анау.

Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз

Кенет әлдене тарс етті. Қуанғаннан жүзі күлмің-күлмің етеді.

 

 

Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына және интонация арқылы байланысуына қарай бастауыштан кейін төмендегі жағдайда сызықша қойылады.



 

1. Бастауыш пен баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Күреңтөбел мен Көкдауыл – аулымыздың аруағы.

2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – әр баланың міндеті.

3. Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Балалардың ортаншысы – Ақшолпан. Алты – жұп сан. Жорға Жұмабайдың мінгені – Құанабайдың торы аты.

4. Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болса немесе бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістіктен болса, араларына сызықша қойылады. Еңбек ету – басты парыз. Әр баланың міндеті – ата-анасын құрметтеу.

5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Үш жерде үш – тоғыз. Алты жерде алты – отыз алты.

6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай-ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышынан ажырату үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – адамның ерекше қабілетін танытадыКөрмес – түйені де көрмес.

7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін сызықша қойылады. Жүз – жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырма – беске бөлінеді.



36. Етістікті тіркестер

Етістікті сөз тіркестерінің грамматикалық арқауы етістік болады да, сол құрамда басқа сөздер етістіктің маңына топтанады. Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз тіркесін құрау қабілетінің молдығы байқалады. Етістіктермен тіркесетін сөздер де көп: олармен есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шылаулы есімдер тіркесе алады. Бұл сөздердің етістіктермен тіркесу дәрежесі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сол сияқты мағыналық қатынастары да әр түрлі болып отырады. Қазақ тіліндегі етістіктердің басқа сөздермен байланысуына қарай етістікті сөз тіркестерін: 1) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері; 2) меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері дейтін екі топқа бөлеміз. Етістікті сөз тіркестері демеулер мен көмекші есімдердің қатысуы арқылы да құралады. Бұларды меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркесінің құрамында қараймыз. Сөз тіркестерінің бұл көрсетілген топтары бұдан әрі де бірнешеге таратылып кетеді.



Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері

Етістіктермен қабыса байланысатын сөздер — олармен берік мағыналық байланыстағы, етістіктермен біте қайнасқан сөздер. Олар — үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, жалғаусыз зат есімдер. Сын, сан есімдер — жаратылысынан зат есімдерге тән сөздер. Сонда да олар етістіктерге қатысты болып, қабыса байланысқан сөз тіркестерінің құрамында кездеседі. Есімдердің ішінде тек сұрау есімдіктері ғана етістіктермен қабысу жолымен қалай оқиды? қанша сұрайды? қашан келеді? не алды? тәрізді сөз тіркестерінде айтылады. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңардың ыңғайына қарай:

1) үстеулі; 2) еліктеуіш сөзді; 3) көсем-шелі; 4) сын есімді; 5) сан есімді; 6) зат есімді сөз тіркестері деген алты топқа бөлінеді.

Үстеулер етістіктермен тіркесіп, қимылдың сапасын білдіреді. Етістікті сөз тіркестерінің бұл түрі көп таралған, өте өнімді. Үстеулер етістіктермен тіркесіп, пысықтауыштық қатыснаста мезгіл, мекен, себеп, мақсат т. б. мағыналарда жұмсалады.Үстеулер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері мынадай екі топқа бөлінеді: а) негізгі үстеулер қатысты сөз тіркестері, ә) туынды үйтеулер қатысты сөз тіркестері. Негізгі үстеулер қатысты сөз тіркестері. Негізгі үстеулер деп қа-зіргі кезде морфологиялық тұрғыдан бөліп жатуға келмейтін үстеу-лерді айтамыз (кеше, қазір, енді, жаңа, ертең). Бұл топқа, тарихи тұрғыдан қарағанда, екі сөздің бірігу жолымен құралған сөздер, мысалы, бүгін (<бұл күн), биыл (<бұл йыл), қосарлы, оқта-текте, жол-жөнекей, жалма-жан тәрізді үстеулер де жатқызылады. Негізгі үстеулер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері мынадай мағыналарда жұмсалады: Мысалы: кеше Маржан келін қымыз ішкен екен (Майлин) дегенде, кеше сөзі сөйлемнің басында тұр.

Еліктеуіш сөздерді өзіндік дербестігі бар сөз табының бірі деп танимыз. Еліктеуіш сөздер қазіргі қазақ тілінде көбінесе көмекші не негізгі етістіктермен бір тіркесте қолданылады, мыс.: (мылтық) тарс етті, (жарық) жылт етті: (арба) кілт тоқтады, (бала) жалт карады. бір буынды еліктеуіш сөздері бар тіркестер қимыл-әрекеттің шапшаңдық қарқынын меңзейді, мыс.: жалт бұрылу, тарс жабылу, кілт тоқтау, Ал, қосарланып айтылған еліктеуіш сөздері бар етістікті тіркестер қимыл-әрекеттің созылымдылығын көрсетеді, мыс.: жалт-жалт қарау, бұрқ-бұрқ қайнау, тарс-тарс соғу

Көсемшелер — синтаксистік қызметі жағынан етістіктің үстеуге ұқсас бір түрі. Олар жіктік жалғауларын қабылдап, көсемшелік қа-сиетін жойып ала береді, бірақ көсемше тұлғаларында оқшау тұрып, күрделі мүшенің, мысалы баяндауыштың құрамында, сонымен қатар толық мағыналы сөз ретінде етістікпен қабыса байланысып пысық-тауыш та болады.Олардың етістіктермен тіркескіштік қасиетін мынадан көруге болады; етістіктердің модальдық, шақтык; видтік т. б. мағыналарын түрлендіру үшін немесе әр түрлі пысықтауыштық қатынаста жұмсалу үшін етістіктер көсемше тұлғалары арқылы бірінің үстіне бірі жамалып, өз ара қат-қабаттала береді. Мысалы: 1. Жүгіріп кету, жүгіріп кетіп бара жатыр, жүгіріп кетіп бара жатыр еді; 2. Асықпай оқып отыр, асықпай оқып отыра берді. 3. Асығып оқып кетіп бара жатып, сүрініп кетіп, жыгылып қала жаздап еді. 

Сын есімдердің етістіктермен тіркесуі — сирек кездесетін құбылыс. Барлық сын есім етістікпен тіркесе бермейді, барлық етістікке сын есім бірдей қатысты бола бермейді. Сын есімдер етістіктермен тіркескенде, қимылға не күйге тән қасиетті, сапаны білдіреді. Сапалық сын есімдердің ішінде мынадай сөздер етістікті сөз тір-кестерінің бағыныңқы сыңары болады: жақсы, жаман, қатты, ұзын, қысқа, кең, оңай, қиын, ұзақ т. б.: жақсы түсінді, жаман жазды, оңай түсінді, ұзын кес, кең піш, майда тура. Бұлар етістікті сөз тіркестерінің құрамында пысықтауыштық қатынасты білдіреді. Қатыстық сын есімдердің ішінде етістікті сөз тіркесінің бағының-қы сыңары қызметінде -сыз\\-сіз, -дай\\дей тұлғалы сөздер көп жұмсалады: Абай түнді ү й қ ы с ы з ө т к і з д і (Әуезов). Е ң б е к-с і з т а п қ а н мал е с е п с і з к е т е д і (мақал). Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес, нәзік бел т а л ш ы б ы қ т а й бұраңдаган (Абай).

Сан есімдер заттың сандық сапасын білдіретін сөз ретінде есімді сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылатыны белгілі. Сан есімдер етістікті сөз тіркестері құрамында пысықтауыштық қатынаста қимыл процесін сандық сапа тұрғысынан пысықтайды. Бұл қызметте сан есімдер атау тұлғасында етістіктермен қатар тұрады. Сонымен қатар сан есімдер рет, есе, қабат тәрізді сөздермен қосарланып та жұмса-лады: үш рет келді, екі есе көбейді, үш қабат айтты т. б.



Зат есімдер сабақты етістіктермен қабыса тіркесу арқылы әрі мағыналық, әрі грамматикалық тығыз байланыстағы сөздер тобын құрайды. Сөз тіркестерінің бұл түрі тура объектілік қатынаста жұмсалады, Жалғаусыз табыс септіктегі зат есімге сабақты етістіктің қимылы ауысып түсіп, онымен біте қайнасқан байланыста тұрады, мыс.: жер жырту, киім тігу, бала оқыту, кітап оқу, мылтық ату, қымыз ішу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет