Меңгеріле байланысатын етісті сөз тіркестері
Меңгерілетін сөздер — есімдер. Олардың белгілі жалғауда жұмса-луының екі жағы бар: біріншіден, олар етістіктермен сабақтаса, орайласа байланысса, екіншіден, сол байланыс нәтижесінде грамматикалық қосымша мағынаға ие болады. Мысалы, Нұржан Меруертке ажырая қарады дегендегі меңгеріле байланысқан сөз тіркесі — Меруертке қарады.
Меңгеріле байланысатын етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сөз-дің тұлғасына қарай былай бөлінеді:
1) табыс жалғаулы. сөз тіркес-тері; Ол Жақыпты ертіп үйге кірді (Мұстафин). Жұмагұл Абайды тани берді (Әуезов).
2) барыс жалғаулы сөз тіркестері; Барыс жалғауының мағынасы, әдетте, шығыс жалғауына қарсы болады, мыс.: үйге кірді, үйден шықты; Есеннен алды, Ерболға берді
3) шығыс жалғаулы сөз тір-кестері; Өнер білім бар жұрттар Т а с т ан сарай с а л ғ ы з д ы (Алтынсарин).
4) жатыс жалғаулы сөз тіркестері; Оның бұл қылықтары Гүлнарға алғашқы кезде ұнамады (Мұқанов). Олар Омбы қаласына іңір қараңғысында келіп кірді (Мүсірепов)
5) көмектес жалғаулы сөз тіркестері. Мысалы: отпен ойнау, сумен жуу, іспен жауап беру, білгіштігімен аты шығу.
Достарыңызбен бөлісу: |