Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын



бет47/76
Дата02.02.2022
өлшемі150,11 Kb.
#24709
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76
Байланысты:
синтаксис

39. Сөйлем мүшелері туралы.

Қазақ  тіл  білімінде  сөйлем  мүшелерін  үш  кезеңге  бөліп  қарастырған жөн сияқты. Сөйлем мүшелері туралы 193640 жылдар шамасында  жазылған  материалдар  назар  аударарлық.  Ол  кезде бұл тақырыптағы А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, І. Бəйтенов, Х. Басымов,  С.  Аманжолов,  Ə.  Ермеков,  М.  Балақаев  еңбектерін  атай аламыз. Оларда сөйлем мүшелері тек жасалу жағынан ғана сөз болып қойған жоқ, олардың қалыптасу, тұрақтану мəселесіне көбірек  назар  аударылды.  Мəселен, 1938 жылы  Х.  Басымов: «Осы күнге  шейін  қазақ  грамматикасындағы  аяғы  жерге  тимей  келген мəселенің бірі – осы сөйлем мүшелері болып келеді» деген пікір білдірді.Сөйлем  мүшелері  туралы  арнайы  тоқталған  ғалым – А.  Байтұрсынов.  Автордың 1924 жылы  Орынборда  басылып  шыққан «Тіл танытқыш» үшінші оқулығы синтаксис мəселесіне арналған. Онда сөйлем мүшелері бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш жəне пысықтауыш деп бергенін көруге болады. Қ. Жұбанов сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшелері  туралы  өзінен  бұрынғы  автор-ларды  сынай  келіп,  олардың  жүйелеулерінің  көбіне  мағыналық ерекшелікке  тоқталғанын  дұрыс  емес  деп  тауып,  сөйлем  мүшелерін топтастыруда тұлғалық принципті басшылыққа алады. Яғни сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшелері  деген  терминнің  орнына  орыс тіл  білімі  мамандарының  топтауы  негізіндегі  айқындауыш  деп атағанды жөн көреді. Бұдан əрі автор сөйлем мүшелерін топтауда  септік  жалғаулы  сөздердің  барлығын,  тіпті  ілік  жалғауды сөздерді  де,  толықтауышқа  қосып  жібергенін  байқауға  болады. Автор пысықтауыш болатын бүгін, кеше сияқты сөздерді пысықтауышқа  қосуының  негізгі  себебі,  олардың  мағыналық  жағын еске  алғандықтан  емес,  тек  тұлғалық,  яғни  анықтауыштық  тұлғалы сөздермен бір тұлғалас екендігін негізге алғандықтан болып отыр.  Оған  қоса  септік  жалғаулы  сөздерді  толықтауышқа  қосумен  бірге,  кейде  ілік,  кейде  басқа  септік  жалғаулы  сөздердің түсіріліп айтылуын толықтауыш деп біледі.Қазақ тілінің сөйлем мүшелерін топтастыру туралы С. Аманжолов  та  арнайы  тоқталды.  Автор  мақаласында  сөйлеммүшелерін ескі жəне жаңаша жіктеу деп бөле келіп, А. Байтұрсыновтың тұрлаулы жəне тұрлаусыз сөйлем мүшелері деген жіктеуін сынға алады. Қ. Жұбановтың жіктеуін қолдай келіп С. Аманжолов:  а) тұрлаусыз сөйлем мүшелері атының көптігіне, ə) анықтауыш, толықтауыш  жəне  пысықтауыштардың  сұраулары  мен  анықтамаларының араласып келуіне, б) оларды бірбірінен айыруда ғылыми негіздің жоқ екеніне байланысты дəйек айтып, сөйлем мүшелерін бастауыш, баяндауыш жəне анықтауыш деп үшке бөледі.Қ. Жұбанов пен С. Аманжоловтың сөйлем мүшесі туралы жіктеуі  ғылыми  жағынан  алғанда  бірізді.  Екеуі  де  бастауыш,  баяндауышты  негізгі  сөйлем  мүшелері  дейді  де,  тұрлаулы  сөйлем мүшелері деген терминді қолданудан шығарып тастайды. Қ. Жұбанов  сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшелерін  айқындауыш  деп  атаса, С. Аманжолов анықтауыш деп пайдаланғанын көреміз. Бірақ олардың  аттары  бөлек  болғанымен,  ішкі  ерекшеліктері  бірдей.  Екеуі де  тұрлаусыз  сөйлем  мүшелерін  толықтауыш  жəне  анықтауыш деп  топтастырып,  оларды  тек  тұлғалық  жағынан  қарастырумен шектелген. Өзге ғалымдар да (Х. Басымов, І. Бəйтенов, Ə. Ермеков, М. Балақаев) сөйлем мүшелері туралы бірнеше мақалалар мен оқулықтар  жазды.  Бірақ  бұл  ғалымдар  сөйлем  мүшелерінің  жіктелуіне назар  аудармайды.  Көбіне  олардың  жасалу  жолына  ғана  тоқталады.  Х.  Басымов  сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшелерін  қазіргіше анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп бөлген . І. Бəйтенов те өз еңбектерінде сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталсада  оның  жіктелуіне  көңіл  бөлмейді.  Көбіне  сөйлем  мүшесіне қойылатын  сұрақтар,  олардың  қай  сөйлем  мүшесіне  тəн,  тəн еместігі  туралы  айтады Сөйлем  мүшелері  туралы  біраз  мағлұматты М. Балақаев еңбектерінен ала аламыз. Автор сөйлем мүшелерін  тұрлаулы,  тұрлаусыз  деп  жіктеп,  əрқайсысына  жекежеке  мақалалар  жазды.  Оны  жоғары  оқу  орындарына  арналған оқулық  дəрежесіне  дейін  дамыта  білді.  Автордың  сөйлем  мүшелеріне  қатысты  ойлары  қазақ  тіл  білімінде  өзіндік  орын алды.  Сөйлем  мүшелері – қазақ  тіл  білімінде  белгілі  дəрежеде зерттелінді  дегенімізбен,  басқа  түркі  тілдерімен  салыстырғанда кенже  қалған  сала.  Өйткені  осы  күнге  дейін  қазақ  тіл  білімінде сөйлем мүшелерінің əр тобына немесе жеке салаларына сай бір-де бір  салиқалы  еңбек  жоқ.  Дей  тұрғанмен,  қазақ  тіл  білімінде сөйлем мүшелері туралы үш түрлі көзқарас бар.1) Кейбір тілші ғалымдар осы күнгі сөйлем мүшелерінің сақ-талу  принципін  айта  келіп,  оларды  жаңа  атаулармен  толықтырғысы  келеді; 2) Ғалымдардың  екінші  бір  тобы  жалпы  қазіргі   қолданып  келген  сөйлем  мүшелерінің  аттарын  жалпы  алып  тастап,  оның  орнына  жаңаша  атаулар  енгізуді  көздейді; 3) Ғалымдардың үшінші бір тобы сөйлемнің тұрлаулы мүшесін ғана сақтап, тұрлаусыз мүшелерді жалпы алып тастауды ұсынады.Жалпы,  тіл  білімінде  сөйлем мүшелерін  айқындауда  мына  принциптер  басшылыққа  алынады.  Біріншіден,  сөйлем  мүшесін  жалпы  мағыналық  жағынан  қарастырады.  Екіншіден,  сөйлем  мүшелерін  грамматикалық  жағынан, яғни əрбір сөйлем мүшесі белгілі бір сөз таптарынан жасалуын  негізге  алады.  Мысалы:  зат  есім  атау,  тəуелдік,  көптік жалғауларда бастауыш болады. Үшіншіден, синтаксистік жағынан, яғни  қай  сөйлем  мүшесі  қай  сөйлем  мүшесімен  анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста екендігі негізге алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет