Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын


Құрмаластың қалыптасу жолдпры, зерттелу жайы



бет48/76
Дата02.02.2022
өлшемі150,11 Kb.
#24709
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76
Байланысты:
синтаксис

40. Құрмаластың қалыптасу жолдпры, зерттелу жайы

Ең алдымен «құрмалас» деген термин сөздің өзін түсініп алайық. Бұл термин – «құра», «құрау» деген сөздерден туған туынды сөз, яғни мағынасы құранды, күрделі қосынды деген сөдердің мағынасымен синонимдес. Алғаш рет бұл сөзді қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынов қолданған. Ал проф. Қ.Жұбанов 30 жылдары ауыл мұғаліміне жазған хатында мұндай сөйлемдерді күрделі сөйлем деп жазған /Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, 230 б./ Ғалым Қ.Есенов Қ.Жұбановтың бұлайша атауын орыс тіліндегі «сложные предложение» деген атаудың бірден-бір баламасын алуынан деп түсіндіреді. Орыс тіл білімі тарихында да «сложное предложение» деген атаудың төңірегіндегі әр түрлі пікірдің болғандығы байқалады. А.М.Пешковский бұл сөйлемді «сложное целое» /күрделі бүтін/ деп атауды дұрыс көрген. Ондағы дәлелі – «бірнеше сөйлем бір-ақ сөйлем болып аталады, осыдан келіп қиындық туады. Сондықтан да тұтасқан, бүтін, күрделі, бір бүтін деп атау орынды» /Пешковский А.М.Руский синтаксис в научном освещении. Изд.7-ое, 1956, с.75/. Ал А.Погодин құрмалас сөйлемдерді «кіріккенсөйлемдер» - «слитное предложение» деп атаған. Оған дәлелі – «бірнеше жай сөйлем өзара кірігіп, бір-ақ сөйлем болады» деу / Погодин А. Основной курс общего языкознания, М., 1987/. Қазіргі қазақ тілінде «құрмалас» термині қазір әбден орныққан. Естеріңізде бар шығар, мектеп грамматикасында құрмалас сөйлемге мынандай анықтама берген: «Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз» / С.Аманжолов, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаев. Қазақ тілі грамматикасы». 2-бөлім, Синтаксис, 112 б./. Осы анықтамалардан көретініміз не? Олар: а) кемінде екі ой ә) күрделі ой 1) коммуникативтік қызмет 2) күрделі ойды білдіреді 3) кемінде екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралады 4) ол жай сөйлемдер мағыналық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты 5) ол жай сөйлемдер интонациялық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты.

1) «Құрмалас сөйлем құрамына негіз болатындар – тұрлаулы мүшелі жай сөйлемдер» (Н.Оралбаева. Ғ.Мадина. А.Әбілқаев. Қазақ тілі (практикалық курс А., 95, 294 б).

2) «Екі не одан да көп жай сөйлемдердің мағыналық және интонациялық тығыз бірігуі арқылы күрделі ойды білдіруге күрделі ойды білдіруге қызмет ететін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз» (Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабаев. Практикалық қазақ тілі. –А, 93, 234 б).

3). «Екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз» (С.И.Исаев. Қазақ тілі. –А, 1993, 141б.).

4). «Құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бір-біріне байланысты екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді айтамыз». (М.Балақаев,Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. –А, 1974, 194 б.).

5). «Құрамындағы екі, одан да көп сөйлемдердің предикаттық өатынастың негізінде тұлғалық, мағыналық және интонациялық жағынан өзара байланыса жұмсалып, күпрделі бір ойды білдіре айтылуын құрмалас сөйлем дейміз» (Қ.Есенов. Құрмалас сөйлем синтаксисі. – А, 1995, 5 б).

6). Ал ғалым Т.Р.Қордабаев «.....»... Абай да, Жұмабай да қызығып тыңдасты. Абай оларға асығыс амандаса бере, ар жағынан Құнанбайды іздеді.

Құрмаластың жігіндегі интонация тынбай, көтерңкі жағдайда айтылып, тиянақсыз,ұласпалы болады да, кідіріс уақытыонша созылмайды. Ал тиянақты интонация тек сөйлем аяқталғанда ғана, екінші /немесе 3,4 т.б. / компонент соңынан келеді. Яғни бұл сөйлемдерді бір бүтінге айналдырып тұрған әрі мағыналық, әрі интонациялық байланыс. Олардың бірінсіз бірінің күні жоқ. Әрине жай сөйлемді де, құрмалас сөйлемді де тек құрылымдық тұрғыдан құрастыруымыз бір жақты болар еді. Қазақ тіл білмінде кейінгі зерттеулердің нәтижесінде жалпы сөйлемге деген жаңа көзқарастың қалыптасуы сөйлемді функционалдық-коммуникативтік, логико-семантикалық тұрғыдан бірдей қарастыру ерек екендігін дәлелдеді. Ж.Жақыпов өзінің «Сөйлеу синтаксисінің сипаттары» деген еңбегінде «Тілдік қарым-қатынас үстіндегі адам әрқашан белгілі бір контекст ықпалында болады. Сондықтан сөйлем контекстен тыс бола алмайды. Контекстегі сөйлем-сөйлеудегі сөйлем. Контекст тілдің барлық деңгейіндегі / дыбыс, морфема, сөз синтаксема/ ықпал етеді. Бұл деген сөз – сөйлемдегі ой контекст арқылы ғана тиянақталады» / 147/ деп тілдік фактілермен дәлелденген орынды пікір ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет