Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын



бет53/76
Дата02.02.2022
өлшемі150,11 Kb.
#24709
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76
44.Қарсылықты салалас.

Қарсылықты салалас сөйлемге компоненттерінің мағыналары бір-біріне қайшы келетін сөйлемдер жатады. Салалас құрмалас сөйлемнің бұл түрі бірақ, дегенмен, әйтсе де, өйткенмен, сөйтсе де, сөйткенмен, сонда да, солай бола тұрса да, солай болғанмен жалғаулықтары және жалғаулық мәнді сөз тіркестері арқылы жасалады. Мысалы:Онша үлкен төрелігім жоқ. әйтсе де айтып көріңіз. (Б. Майлин.) Алыстан әлдекімдердің күбірлеген даусының жаңғырығы естілген сияқтанды, бірақ қай жақтан естілгенін шамалай алмаймын. (С. Мұқанов.) Мен, әрине, олардай улкен адам емеспін, алайда менің айналамда да өзіме лайық адамдарым болу керек қой. (Х. Есенжанов.) Менде ондай талант бар деп ойламаймын, дегенмен Мақан мен Қайыздың алдында «Алпамышты» өз өнерім жеткенше айтып беремін. (С. Мұқанов.) Көп уақыт өткен сияқты болды, әйткенмен мағынасыз өткізген сағаттарға Хакім өкінген жоқ. (Х. Есенжанов.)

Қарсы мағынаны білдіретін жалғаулықтардың тіліміздегі басқа жалғаулықтардан негізгі бір өзгешелігі - бұлардың басым көпшілігінің толық мағыналы сөздік қасиеттерінен әлі де болса айрыла қоймағандықтарында, контекске қарай, кейде негізгі мағыналы сөз, сөйлем мүшесі қызметінде де қолданылатындықтарында. Жай сөйлемдерді кұрмаластыру функциясында қолданылғанда қарсылық мәнді жалғаулықтардың бір-бірінен ешқандай мағыналық өзгешеліктері жоқ, бірінің орнына бірі қолданыла береді. Мысалы: Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де естіді, бірақ бұл сөзді ол кек тұтқан жоқ. (Х. Есенжанов.) Осы сөйлемдегі бірақ жалғаулығының орнына жоғарыда көрсетілген қарсылык жалғаулықтарының кез келгенін келтіріп айтуға болады, одан сөйлемнің мағыналық жағына да, стильдік жағына да ешқандай нұқсан келмейді. Бұл жағынан алғанда, қарсылық мәнді жалғаулықтар мезгілдес, я болмаса себептес мәнді жалғаулықтар сияқты емес, мағыналары біркелкі біртектес болып келеді.

Мағыналары бір-біріне қайшы келетін жай сөйлемдер кейде ал жалғаулығы арқылы да құрмаласады. Мысалы: Ондай студенттер көп кездеседі, ал ана доктор бақытты кісіге ғана кездеседі. (Х. Есенжанов.) Бұл малдарды әкемнің тез жинап алғысы келеді, ал қарызға алғандардың көпшілігінде қолма-қол қайтарып берерлік күш жоқ. (С. Мұқанов.)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет