Және жалғаулығы да жалғаулығы сияқты жай сөйлемдерді құрмаластыру қызметінде жиі қолданылмайды, өте сирек, әлдеқалай ғана ұшырайды. Җәне жалғаулығы арқылы құрмаласатын компоненттер іс-әрекет, жай-күйді өсіңкі, үдетпелі, үстемелі мәнде білдіреді. Мысалы: Отырып әңгімелескендей үлкен жұмысым жоқ және ұзақ отырып сізбен кеңес құратын қазір уақыт та тар. (Х. Есенжанов.) Сіздің қолыңыз босай қоймас және босағанмен бұл жұмыс сізге ауыр тиер. (Ә. Әбішев.) Қашқын ұзап кетті және кертөбелге жетер мұнда ат та жоқ. (Ғ. Мұстафин
Әрі жалғаулығы арқылы жасалатын мезгілдес салалас сөйлем.
Бұл жалғаулық жай сөйлемдерді құрмаластыру қызметінде және жалғаулығынан гөрі де сирек
қолданылады. Мұның қолданылуы да жалғаулығы сияқты: бірде қайталанбай, екі компонент арасында ғана келсе, бірде қайталанып, әр компонент ішінде қолданылады. Бұл жалғаулық
арқылы жасалатын салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары және жалғаулығы арқылы жасалатын салалас сөйлемге өте ұқсас. Оны мына мысалдан байқауға болады: Бұл бізге істелуге тиісті істердің түрін тегіс айтуға мүмкіндік береді, әрі ол жұмысқа көпшіліктің ынтасын аударады. Қи өзге отыннан әрі қызу, әрі оның шоғы ұзақ уақыт сөнбейді.
Менде әрі документ жоқ, әрі бармақшы болған үйлердің адресі жоқ. (С. Мұқанов.)
Осы мысалдағы сөйлемдер және жалғаулығы арқылы жасалатын салалас сөйлемдерге өте жақын. Мұндағы кейбір сөйлемдердегі әрі жалғаулығының орнына және жалғаулығын қойып айтса да болғаны. Бұлардағы екінші компоненттегі іс-әрекет бірінші компоненттегі әрекеттерге үстеме, өсіңкі мән беріп, оны күшейте түсіп жүр. Қи өзге отындардан қызу және оның үстіне сол қасиетіне қосымша, оның шоғы ұзақ уакытқа дейін сөнбейді. Менде документ болмаудың үстіне бармақшы үйдің адресі тағы жоқ. Бұлардағы әрекет бірінің үстіне бірі үстемеленіп, қос қабаттасып жатады
Достарыңызбен бөлісу: |