Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын



бет74/76
Дата02.02.2022
өлшемі150,11 Kb.
#24709
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
синтаксис

Қалың иегі дірілдеп, жылаған аузынан бір-екі алтын тістері ашылды. Оның қазір өңі күреңітіп, демі ыстық тартыпбойына асығыс қызу жинағандай. Соңғы машиналар қ и н а л ы п, тракторлар сүйреп зорға өткізген жерлер болыпты (Әуезов). Бану сөзі тәбесіне суық су қүйып жібергенмен б а р а б а р б о п, Жақыпбек шошынған адамша орнынан ұшып тұрды. Тебіренген сайын жазып отырған хаты өзіне сондай бір жексұрын к ө р і н і п, оны да лақтырып тастады (Иманжанов).

п формантты көсемше амал бағыныңқы баяндауышының арнау-лы грамматикалық көрсеткіші бола тұрса да, кейде ол басқа бағыныңқылы сөйлемдерді де (мезгіл, себеп) жасауға қатынаса алады. Бұл осы тұлғаның да көп мәнділігінен болса керек, алайда бұдан -п формантының амал бағыныңқының арнаулы көрсеткіші бола алудағы қызметі ешбір солғындамайды. Ал, оның басқа бағыныңқылардың құрамында қолданылуы бұл форманың жанама қызметімен байланысып жатады.

ә) -а, -е (-ма) -й т ұ л ғ а л ы көсемше. -й тұлғасына біткен көсемше етістіктің болымсыз түрінде тұрып, амал бағыныңқылы са-бақтас сөйлемді де жасай алады. Қалжыңы, күлкісі араласа, шай өте көңілді ішілді (Мұқанов). Есептің арғы жағы а й т ы л м а й, отырғандар күлісіп кетті (Сланов). Жайнаған туың ж ы ғ ы л- м а й, ...Жақсы өліпсің, япырмай (Абай). Қысқа жіп күрмеуге к е л-мей, бір ту биеңді сойып алдым (Мүсірепов). Бірақ аспалы қолжу-ғышқа үйренген қыз құманды жөндеп ұ с т а й а л м а й, сыңар уысында су тұрмай берекесі кетті (Ахтанов).

2. Есімше арқылы құрмаласу. Бұл ретте -ған формантты есімше -дай жұрнағымен қосыла айтылады.

Талайдан бір а й ы з ы қ а н ғ а н д а й, құшырлана түсіп әңгі-месін айтады (Әуезов). Кең бөлме б о с қалғандай, ой үясы қаңғырап тұр. Бар ыстық менің қойныма т ы ғ ы л ғ а н д а й, шоқпыт қомшаның екі қолтығы қыж-қыж қайнайды, (Мүсірепов). Әр өңешке бір өгізше кіріп бара жатқандай, әркімнің аузына қадалады (Мұстафин). Осы қуаныш қуатын а р т т ы р а т ү с к е н д е й, Сырбай кетпенін жылдамырақ сілтеді (Мұқанов). Таңертең отаудың ішінде болған жайсыз ыю-қиюдың, күні бойғы кикілжіңнің бәрі ұмыт болғандай, қатпары мол Нұрша ерекше бір, шабытпен сілтеп жатыр (Әлімқұлов).

Кейде осындай бағыныңқы сөйлем баяндауышынан кейін «бо-лып» көмекші етістігі қабаттаса келеді.


Нұғыманның баяндамасы талай жараның аузын жұлғандай б о п, елеуреп қызараңдағандар көп болды (Майлин). Әуелі аспан , ақырын шымырлап қайнай бастағандай б о л ы п, лезде құйып келе жатқандай гуілдеп кетті (Мүсірепов).

3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы деп етістігімен аяқталып тұрады.


Жақсылық киім мен мал, көрікте д е п, өлшемей ой мен сырды жаза баспа (Дөнентаев). Оған Абай енді қайтып ырық б е р е д і д е п, Тәкежан да, Шұбар да үміт қыла алмайды (Әуезов).

Мұндай жолмен жасалған бағыныңқы сөйлемдер мағыналық жақтан кейде себеп, мақсат сабақтастарға да тән болып тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет