Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис



бет12/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60
Байланысты:
Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тірк

12. Сөйлемге тән белгілер
Сөйлем – синтаксис зерттейтін басты тіл единицаларының бірі. Ол атқаратын қызметі (функциясы) тұрғысынан да, мазмұны жағынан да, грамматикалық белгілерін ескергенде де синтаксистік форма ретінде алынған сөзден, сөз тіркесінен түгелдей өзгеше категория болып саналады. Сөйлемге тән белгілер; предикативтілік,коммунативтілік, интонация.
Сөйлем – коммуникативтік единица, яғни пікір білдіру үшін, информация беру үшін жұмсалатын единица. Сөз, сөз тіркесі өз беттерімен бұл қызметті атқара алмайды.
Сөйлем сөйлеу практикасында түрлі- түрлі құрамда жұмсалады. Ол бір немесе екі сөзден, тіпті көптеген сөзден де құрала береді. Көлемі аз бұлақтың айналасына жиі қонған ауылдардың үйлері де, шұбыртқан малы да, адамдары да ыю- қию араласып жатқан сияқты.
Бірақ біз сөйлемге тән ең басты, ең қажетті грамматикалық формаларды, әрі ең бастапқы құралу схемасын ажыратып тану үшін осы мақсатымызға сай сөйлем таңдап алуымыз керек. Ондай сөйлем құрамы жағынан ең шағын, ең ықшам болғаны дұрыс. Малдары араласып жатыр. Біз түстік. Түн.
Осындай мысалды талдап сөйлемді құрайтын минимум белгілерді танимыз. Тілімізге тән және ең көп жұмсалатын сөйлемдер – бастауыш- баяндауыш құрамындағылары. Осы сөйлемдердің құрылысын ескергенде, сөйлемді құрау үшін ең аз болғанда екі мүше қатысуы керек – ойдың кім, не туралы екенін білдіретін мүше, яғни баяндауыш мүше қатысуға тиіс. Осы екі мүшенің грамматикалық қатынасы сөйлем құрауға негіз болады. Өйткені сөйлем пікірді, яғни болмыстағы заттардың өзара қатынасын білдіру үшін жұмсалады.
Бастауыш баяндауыштың қатынасы предикативтік қатынас деп аталады. Тілде бірнешеу және бәрі де көбіне баяндауыш мүшенің құрамынан орын алады. Бірі – шақтық форма. Бұл форма айтылған пікірдің болмысқа шақ, мезгіл жағынан қандай қатынаста тұрғанын білдіру үшін қызмет етеді.
Жолаушылар келеді (келе жатыр - келді).
-Екіншісі – рай формалары. Бұл форма айтылған пікірдің болмысқа, шындыққа жанасымдылығын білдіретін форма. Рай формалары- ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай болып бөлінетіні белгілі. Формалардың атаулары олардың пікірді болмысқа қатынастыру ерекшеліктерін танытады: айтты айт – айтайын – айтса. Айтты – ашық рай, бұл форма іс- қимылдың анық болғанын, болатынын білдіреді. Айт – бұйрық рай. Ол іске қосу, жұмсау талабын танытады.
Үшіншісі – жақтық форма. Пікір алысу әр уақыт үш жақтың қатысуын ескеріп құрылады және бұл үш жық субьектінің пікір алысу процесіне қатысу тұрғысынан белгіленеді. І жақ сөйлеуші (мен) және соның тобы (біз, біздер), ІІ жақ – тыңдаушы немесе сөздің адресаты (сен, сендер), ІІІ жақ пікір алысу процесінен сырттағы субьект (ол, кісі, қыз, ұл, инженер, тау т.б.)
Жақтық форма іс- қимылдың және оның субьектісінің сөйлеушіге қатынасын білдіреді: яғни субьект кім – сөйлеушінің өзі ме (мен), тыңдаушы ма (сен), сырттағы кісі ме (ол, олар) т.т.
Сонымен персонализация, яғни жаққа бөлу әр уақыт сөйлеуші субьект тұрғысынан жіктеледі. Шақ, рай, жақ формалары – сөйлем арқылы айтылған пікірдің болмысқа байланысын, қатысын білдіретін формалар. Баяндауыш мүше осы формаларды бойына жиып предикативтікті білдіретін мүше сапасына көтеріледі.
Предикативтік дегеніміз – пікірдің болмысқа қатысын білдіру. Сөйлемде бұл мағына баяндауыш мүше арқылы көрінетін болғандықтан баяндауышты предикат мүше деп атаймыз. Ал бастауыш пен баяндауыш өзара қатынасып сөйлем құрайтын болғандықтан, бұл екеуінің қатынасы предикативтік қатынас деп аталады.
Сөйлемнің бірлігі белгілі интонация арқылы да көрінеді.
Біз жоғарыда сөйлемнің негізгі белгілерін атадық. Сөйлемнің анықтамасы осы белгілері негізінде құралады. Сонымен, біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер тізбегін сөйлем дейміз.
Сөйлем пікірді болмысқа қатынасы тұрғысынан ғана айтып қоймайды. Ол пікірге сөйлеушінің қатысын, көзқарасын да қоса білдіреді. Сөйлеушінің пікірге қатынасы мына түрде көрінеді – пікірді реалды немесе ирреалды (шүбәлану, жорамал) көріп айту: келеді – келетін шығар, келетін сияқты. Сөйлеушінің пікірге осындай қатынасы сөйлемде түрлі амалдар, формалар арқылы көрінеді. Сөйлемнің мазмұнындағы бұл мағына модальдық мағына деп аталады да, бұл мағынаны білдіретін амалдар, формалар модальдық амалдар, модальдық формалар деп аталады.
Тіл білімінде модальдық деген терминді түрліше жұмсау бар. Біз терминнің тар мағынада жұмсалуын айттық. Мұнымен бірге, «модальдық» деген терминді кең мағынада, осы атауға сөйлемдегі пікірдің болмысқа да, сөйлеушіге де қатысын түгел сыйғызу да бар. Бірақ осылай жалпы атаған тілшілер де пікірдің қатынасын даралап таниды. Пікірдің болмысқа қатынасын білдіретін формалар – объективті (жалпы) модальдық формалары деп аталады.
Пікірге сөйлеушінің қатынасын білдіретін формалар – субъективтік модальдық формалары деп аталады.
Сөйлем коммуникативтік конструкция, яғни пікір алысу үшін жұмсалатын тілдік тұлға дедік. Сондықтан сөйлеу үстінде оның құрылысы, құрамы сөйлесу ситуациясына, контекстке бағынышты болады. Сөйлесу ситуациясы, контекст деген екі бөлек ұғым. Сөйлесу ситуациясы дегеніміз – пікір алысудың диалог, монолог түрінде болуына байланысты. Контекст – сөйлемнің ой айту үстінде басқа сөйлемдермен қатынасты болуы.
- Қайда бардың? – Заводқа.
Алдымен Әміре туралы. Онымен бірге жолаушылауды мен «Әннің сапары» дер едім.
Сөйлемдердің коммуникативтік тұлға болуына байланысты тағы бір жай бар. Сөйлемнің формасы тек предикативтікті білдіруге ғана бағынышты емес. Оның көптеген формалары сөздің (сөйлеудің) мақсатына да байланысты. Мысалы, хабарлау үшін, бұйыру үшін, сұрау үшін, жауап алу үшін құралатын сөйлемдердің әрқайсысына тән формалары бар.
Сөйлеудің мақсаты осы аталғандармен тынбайды. Сөйлеуші пікір айту үстінде тыңдаушысын пікір алысуға икемдейді (бұл үшін қаратпа сөз, түрлі қыстырма сөздер қатысады), пікірді өтініш, тілек ретінде айтады (бұл банядауыштық формаға әсер етеді), ойдың басты мәліметін ерекшелеп айтуды мақсат етеді, пікірді сөйлеуші жақтың сөзімен жалғастырып айтуды немесе өзінің ілгергі пікірімен ұштастырып айтуды мақсат етуі мүмкін. Осының бәрі сөйлемнің құрамы мен құрылысынан көрінеді.
Сөйлемдерді дұрыс тану үшін, біз оларды грамматикалық формаларына, құрылысына қарай топтаймыз. Топтау мына принциптерге сүйенеді:
1. Сөйлемдерді логикалық-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай топтау;
2. Сөйлемдерді сөйлеу мақсатына қарай топтау;
3. Сөйлемдерді негізгі құрамының көрінісіне қарап топтау;
4. Сөйлемдерді жақтық мағыналарының болу-болмауына қарап топтау;
5. Сөйлемдерді ақпараттық көлеміне, осыған сай құрамдық мөлшеріне қарай топтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет