Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис



бет8/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
8. Толықтауыш
Толықтауыш – зат есімдерден не заттық мәндегі басқа сөз таптарынан жасалып қимылдың, күй-қалыптың нысанын білдіріп тұратын тұрлаусыз мүше. Өзінің мазмұнына байланысты ол сөйлемде баяндауышқа байланысты айтылады (???). Баяндауышпен табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының бірінде байланысады. Отынды шапқанға жаққыз, малды тапқанға баққыз. Сөйлемде 4 толықтауыш бар. Бұлардың баяндауышпен байланыстары әр түрлі: алғашқы 2-еуі табыс септігінде, соңғы 2- уі барыс септігінде жұмсалған. Осыған орай олардың мәндері де бірдей емес. Осыған орай толықтауыш 2-ге бөлінеді: тура және жанама толықтауыштар.


Тура толықтауыш. Табыс септік пішінінде сабақты етістіктен болған мүшенің нысаны болып, оның қимылдық мағынасын толықтырып тұратын толықтауыш. Мен жазбайиын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды ертегіні термек үшін. Тура толықтауыш өзі толықтайтын сөзіне мағыналық жағынан да, пішін жағынан да орайлас тәуелді болады, бірінен-бірі ұғылып тұрады. Қимылдың мағынасы толықталған сөзбен ғана ашылып, соған орай белгіленіп тұрады. Тура толықтауыштар құрама баяндауыштарды да толықтайды. Мысалы: Қонақ қарсы алдық. Тура толықтауыш кейде жалғаумен, кейде жалғаусыз айтылады. Мұның функционалдық мәні бар екенін айту. Тура толықтауыштың жалғаулы болуы: 1. өзі қатысты сөзбен алшақ тұрса; 2. құрама баяндауышты толықтап ортақ меңгерілгенде (?); 3. экспрессивті мәндегі күрделі баяндауышты толықтырса (Ол бір аяқ сорпаны жұтып-жұтып жіберді); 4. іргелес тұрса да, оған логикалық екпін түсіріліп айтылса; 5. бір сөйлемде бір сөз табынан болған екі мүшенің синтаксистік қызметін айқын ету үшін (Жұмысты жұмыс деп қарау керек); 6. қайталама қос сөзден жасалса (Бұрыш-бұрышты, түкпір-түкпірді түгел қарап шықтық); 7. Бірыңғай тура толықтауыштардың жалғаулық арқылы айтылғанының соңғысы (Овощ пен жемісті қыста өсіру әдісін совхоз жолға қойған) ???? 8. Кісі аттарынан және жіктеу есмідігінен болған тура толықтауыш... Өйткені кісі аттары мен жіктеу есімдігі – бастауыш болатын сөздер. Олар іс-әрекет, қимыл иесі болатындықтан, тура толықтауыш болып тұрғанын жалғау айқындайды. 9. Сын, сан есімдер, есімшелер, сілтеу, жалпылау, белгісіздік есімдіктері.... Өйткені бұлар басқа синтаксистік қызметке тән сөздер. Толықтауыш болуы үшін заттануы қажет, заттануының көрсеткіші – табыс септігін қабылдауы. 10. Тәуелдік жалғауда тұрса 11. алдында сілтеу есімдігінен, мезгілдік және –ғы, -гі жұрнақтары арқылы жасалған анықтауыштары бар тура толықтауыш... Өйткені олар тура толықтауыш сөзді басқадан даралап, ерекшелігін білдіріп тұрады. Сондықтан тура толықтауышқа логикалық екпін түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет