Бірінші сыңары. Матаса байланысатын сөздер - негізінде, зат есімдер. Солай болған соң зат есім мағынасында не зат есім орнына жұмсалатын сөздердің бәрі сол тіркестін бірінші не екінші сыңары бола алады. Досболдың табысы, сенің уәдең, қойдың жүні, екінің бірі, жақсының шарапаты, жалқаудың кесірі. Мұндай сөз тіркестері анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Анықтауыштық қатынастағы ілік жалғаулы сөздердің әр түрлі кұрамда айтылуына қарай матаса байланысқан сөз тіркестері әр түрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Ілік жалғауы меншік иесі бола алатын сөзге жалғанып, меншіктілік қатынасты білдіреді. Ол дара және қоғамдық меншіктілік болуы мүмкін. Менің киімім, Колхоздың жері. Оқушының кітабы. Мемлекеттің мүлкі.
2. Ілік жалғаулы сөздер туған-туысқандық, дос-жарндық ұғымдағы сөздермен тіркесіп, семьялық, туысқандық, т. б. қатынасты білдіреді. Менің қарындасым. Асқардың баласы. Ажардың апасы Төлеудің қызы.
3. Ілік жалғаулы зат есімдер сол заттарға қатысы бар басқа зат есімдермен тіркесіп, зат пен заттың табиғи байланысын білдіреді. Ағаштың бұтағы. Ешкінің сүті. Кайдың жүні. Түйенің терісі.
4. Ілік жалғаулы сөз тәуелдеулі сан есім, есептік ұғымы бар зат есім және сын есімдермен тіркесіп, бөлшектеу, талғау мағыналарында да жұмсалады: a) бөлшектеу: оқушылардың бірі, егіздің сыңары, жиылыстағылардың көпшілігі,
ә) талғау: адамның ақылдысы, аттың жүйрігі, қызылдың қызылы. Изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінің бірінші сынары жалғаусыз айтылған анықтауыш болғанда, олар өзара әрі кабыса, әрі тәуелдене байланысады. Ондайда ілік септеуі зат пен заттың жоғарғыдай меншіктілік, туыстық, табиғи қатынасын білдірмейді, тек заттың заттық сапасы ретінде, тәуелдік қатынаста жұмсалады: колхоздың малы, колхоз малы сияқты екі түрлі формада айтылатын аныңтауыштар.
Екінші сыңары:Сөйлеуші бір затты не өзіне, не өзгеге, не басқаға меншіктеп айтқысы келгенде, меншікті сөзге - нікі,- дікі,- тікі жұрнағы жалғанады.
Түрлері:
Зат есім тәуелденіп, ілік жалғаулы сөзбен матаса байланысқанда, меншіктілік және табиғи қатынасты білддіреді: менің жолдасым, үйдің есігі, ағаштың жапырағы.
Сын есім изафеттік тіркестің екінші сыңары болғанда, мынадай мағынада айтылады:
a) субстантивтенген зат есім орнында тәндік мағынада жұмсалады: менің тентегім (менің балам д м.) колхоздың шұбары (колхоздың шұбар аты д. м.).
Ә) сын есімнің таңдаулы шырай мағынасында: Бұл - таудың биігі, Ақмоншақ -аттың жүйрігі. Сан есім изафеттік тіркестің екінші сынары болып ілік жалғаулы зат есіммен, сан есіммен матаса байланысқанда бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалады: балалардың бесеуі, оқушылардың екеуі, майдың он бесі, төрттің бірі, онның жартысы…
Есімшелер жоғарғыдай тіркесте тәндік қатынаста, әрі заттық, әрі қимылдық сапа мағынасын- да жұмсалады. Менің айтқаным, сенің жазғаның, оның көрген-білгені, сенің айтарың, оның айтарайтпасы. Меншіктілік тәндік ұғымның мендік, сендік не бөгделік болуына сәйкестеніп, тәуелдік жалғаулы сөздер үш жақта жұмсалады. і - жак (менің) сағатым, (біздің) сағатымыз. 2 - жақ (сенің) сағатың, (сіздің) сағатыңыз. 3 - жак (оның) сағаты.
Тәуелдік жалғаудағы сөздер кейде жекеше, кейде көпше тұлғада жұмсалады. Оның негізгі ережелері мынаған тіреледі: меншіктелуші зат бір затқа меншіктелгенде, тәуелдік жалғауы жекеше түрдегі зат есімге жалғанып, ілік жалғауындағы сөз де жекеше қалыпта тұрады: Менің атым. Кітаптың мұқабасы. Сенің атың. Үйдің есігі.