Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис


-сұрақ Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері



бет15/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60
Байланысты:
Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тірк

15-сұрақ

Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері

Сөз тіркестерінің басыңқы сынарлары есімді, етістікті бағыныңқы сөздердің байланысу формасына, тұлғасына қарап бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі - меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері.

Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде жұмсалады да, басыңқылары көбінесе баяндауыш қызметіндегі есімдер болады. Мысалы: (Жерім) малға бай, (Ол) сөзге шорқақ. (Досан) комиссияға мүше.

Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері онша көп кездеспейді және барлық есімдер бірдей ондай сөз тіркесінің меңгеруші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбінесе бастауыштың күйін , халін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесіңің басыңқы сыңары болып жиі жұмсалады. Олар мынандай есімдер:

1. Сын есімдер. Негізінде, сөз тіркесінің бағынынқы сыңары болатын сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, есімді сөз тіркесінің басыңкы сыңары болып та айтылады. Бірақ олардың бәрі бірдей сөз тіркесін құрай алмайды: мысалы, заттын түсін білдіретін сын есімдер тек қардан ақ, қаннан қызыл, сияқты тіркес құрамында келеді, ал заттың ішкі - сыртқы сапасын білдіретін сын есімдер ондай құрамда әлдеқайда көп кездеседі, мысалы: өзіңе жақсы, маған түсінікті, ақшаға сараң, жусаннан биік. Барыс, шығыс, көмектес, кейде жатыс септіктерінде айтылып, сын есіммен тіркесетін сөздер толықтауыштық қатынаста жұмсалады: Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы. Жақсы - ісімен жақсы (Мақал).

2. Зат есімдер. Зат есімдердің ішінде ағаш, тас, көмір сияқты атаулардан гөрі күш, мейрам сияқты абстракт зат есімдер баяндауыш қызметінде сөз тіркесінің меңгеруші (басыңқы) бөлшегі болып көп жұмсалады: Елім менің жерге бай, Айдынды шалқар көлге бай (Жамбыл).



3. Заттын күйін білдіретін есімдер. Бар, жоқ, көп, аз, мәлім, бәрібір, мүмкін тәрізді заттын әр алуан күйін білдіретін есімдер сөз тіркесінің құрамында басыңқы болып көбірек айтылады: Астында семіз сары жорға аты бар (М. Әуезов). Сақтықта қорлық жоқ (Мақал). Сан есімдер мен есімдіктер жанағындай есімді сөз тіркесінің меңгерушісі болып өте аз кездеседі: Басқада құлақ екеу болса, секретарьда төртеу. (Ғ. Мүсірепов).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет