Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис


Ысы, ісі қосымшалы етістіктің көмектес жалғаулы түрінен болады: Қонақтар үйге кіріп отырысымен



бет55/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тірк

9. Ысы, ісі қосымшалы етістіктің көмектес жалғаулы түрінен болады: Қонақтар үйге кіріп отырысымен, Абай Әбіштің жүзіне үңілді. Жүргіншілер ауыл иелерімен сәлемдесіп болысымен, бір бір жылпос жігіт аттарды ұстай алысты.
Мезгiлдiк мәннiң берiлуiне қарай олар бiр мезгiлдес және әр мезгiлдес сабақтастар болып бөлiнедi.
Бiр мезгiлдес сабақтастардың компоненттерiнде айтылған ой бiр мезгiлде, бiрiнен соң бiрi орындалып жатады. Мысалы: Шай iшiлiп болған кезде, бала да оралып келiп қалды(С.Мұқанов). Түйілген саусақ сандыққа тигенде, қақпағы сарт ашылды. (Б.Майлин) Бүгін өзі ұйықтап жатқанда, қалтасынан кілтін ұрлап алыпты. (С.Дөнентаев)
Әр мезгiлдес сабақтастарда компоненттерiндегi оқиғалардың орындалу мерзiмi әр түрлi дәрежеде болып (бағыныңқыда айтылған ой басыңқыдан бұрын не басыңқыда айтылған ой бағыныңқыдан бұрын ) орындалады. Мысалы: Абай Семейге кеше келгенде, Михаилов оган орыс классиктерінің еңбектерін көрсетті /М.Әуезов/. Айбарша Қабандыдағы орта мектепке аттанарда, Дәметкен бір қойын сойып той жасады. (С.Мұқанов)


55. Себеп сабақтас
Бағыныңқы компоненті басыңқы компонеттегі іс әрекеттің болу болмауының себебін білдіріп, басыңқы компонеті сол себептен туған нәтижені, салдарды білдіретін сабақтас құрмалас сөйлем себеп бағыныңқылы сабақтас деп аталады.


Жасалу жолдары:
1. Бағыныңқы компонент -дықтан , -діктен қосымшалы өткен шақтық есімшеге аяқталады. Бұл есімшелер бағыныңқы компонентке дербес баяндауыш болуы да , баяндауыш болып тұрған сөзге көмекші болуы да мүмкін : Үлес жөнінде әлі ойын ашпаған Абай болғандықтан , Тәкежан енді бұның өзінен iшiндегi ниетін сұрады . Ол бірге туған ағаңыз істеген қиянат , жыртқыштық болғандықтан , сіз оған ұяласыз да қиналасыз . Бар жігіт түгел болмағандықтан , Базаралының белгісіз ісі әлі аз күн аял күтіе, іркіліп тұрғанды. . Онда жаңағы бүгілмеген аяғынының жарасы бітпегендіктен, шалғыға жарамай, ол да бізбен бірге машина айдады.
2. Бағыныңқы компонент соң шылаулы өткен шактык есімшеге аяқталады : Тымырсық ыстыққа тыныс тарылған соң , өзіңді сабалап жел іздейсің . Сенгені жыл құсындай көріне бастаған соң , Олжабектің ойына үміт дүниесі келіп қонды ( Ғ . Мұстафин ) . Қасқыр енді мұның айғайын елемейтін болған соң , Иса басқа бір тәсілге көшті ( М. Әуезов )
3. Бағыныңқы компонент -ып , -iп , -п, -а , -е , -й жұрнақты көсемше етістіктерге аяқталады : Ол мезгілді уақытында келе алмай , біз біраз кешігіп қалдық . Махмут Тоқашты іздеп , ертеңіне екеуі ревкомға барды ( 3. Шашкин ) . Түнде жылқышы ұйықтап қап , қалың жылқы егіс ке түсіп кетті ( М. Әуезов ). Араларына түсетін арашашы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады.
4. Деп етістігі арқылы құрмаласу: Ер Төстік жалмауыздың қолында қалды деп, елі мүлде күдер үзіп қояды. Соны Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет