4.Бастауыш (жасалу жолдары, түрлері) Сөйлемде айтылған ойдың, оқиғаның, сапаның иесі болып тұратын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз. Ол атау тұлғасында тұрыа кім? не? Қайсы? нешеуі? қаншасы? т.б. сұрақтарға жауап береді. Бұл сұрақтар оның көптік, тәуелдік жалғауларында тұруына сәйкес өзгеріп отырады: кімдер?, нем? т.с.с.
Бастауыштар барлық сөз табынан жасала береді. Әйтсе де бастауыш болуға ыңғайлы сөз таптары – зат есім мен есімдіктер. Мысалы: Тәуелсіздік – тәу етер киең. Ұстаз ұлылыққа бастайды. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Мен өмірге ғашықпын (С.Е.) Аталған екі сөз табынан басқа сөздер бастауыш болу үшін заттануы (заттық мағынаға ие болуы) қажет, сөйлемде зат есімнің сұрауына жауап беріп тұруы керек.
Сан есім:Жиырма бесқайта айналып келмес маған (халық әнінен) (не келмес? – жиырма бес). Бес үшке бөлінеді. (бұл жерде «бес» сөзі «сан» деген заттық ұғымды қамтып тұр: «5» саны).
Етістік:Үйренгенің- өзіне жақсы. (есімше нең? деген сұраққа жауап береді). Жүргізуденсулыққа пайдалы. (тұйық етістік не? Сұрағына жауап береді) «Көрдім» - көп сөз, «көрмедім» бір сөз (асты сызылған сөздер не? деген) сұраққа жауап береді.
Үстеу:Еріншектің «ертеңі» бітпейді. (айрықшаланған сөз несі? сұрағына жауап береді).
Одағай:Еріншектің «ертеңі» бітпейді. (айрықшалаған сөз несі? сұрағына жауап береді).
Еліктеуіш:Білмеген адамның бұл – талаңы бірден байқалады. (Газеттен). Сатыр – сұтыр көбейіп кетті ғой (Ү.Ш.)асты сызылған сөздер несі? не? сұрақтарына жауап береді. Шылау: «Соң» - кейде шылау, кейде есім ретінде қолданыла алады («соң» сөзі не? сұрағына жауап береді).
Кейде жеке дыбыстар да заттанып бастауыш болады. Мысалы: и,у – жартылай дауысты дыбыстар дыбыстар (А.Б.)
Құрамына қарай бастауыштар дара, күрделі, үйірлі болып бөлінеді. Дара бастауыштар бір ғана сөз тұлғасынан тұрады. Оған жағарыда келтірген сөйлемдер мысал бола алады.