Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис



бет7/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
Тұрақты сөз тіркесі


Білдіретін мағынасы

Ағаш атқа мінгізді (қайтті?) Ағаштан түйін түйген (қандай?)


Әліпті таяқ деп білмейді (қайтпейді?)


Сөз қылды, келеке қылды.


Аса шебер, өте өнерлі




Тұрақты тіркестер өз алдына сөз тіркесі бола алмайды, тек сөз тіркесінің бір сыңары болады Мысалы әкесіне тіл тигізу – не істеу? деген бір сұраққа жауап береді, бір ғана ұғым атауы болады.
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздің екінші басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік болса, ол есімді сөз тіркесі деп аталады, басыңқы сыңары етістік болса, етістікті сөз тіркесі болады.




Есімді сөз тіркесі


Етістікті сөз тіркесі

Тұрғын үй, орындалған арман, балаға мейірімді, көп қабатты үй, жүгіріп келген бала, өнегелі өмір.


Үйге келу, жиналысқа қатысу, телефон арқылы сөйлесу, ерінбей еңбектену, ауланы тазалау, т.б.




6. Баяндауыш жасалу түрлері
Бастауыш арқылы аталған заттың қимыл, белгі – сапасын айқындап, онымен бір тұлғада тұратын бас мүшені баяндауыш дейді. Мысалы: Аспанды бұлт торлады
(іс-әрекет). Аспан ашық (сапа белгі)
Екі бас мүше сөйлемде баяндауыштың қызметі қатар қойғында ғана айқын болады.
Баяндауыштар етістік және есім баяндауыштар болып бөлінеді.
Етістік баяндауыш. Дара етістік жеке өзі бір құрамды сөйлем жасай береді. Мысалы:
келдім, көрдім, жеңдім. Рай, шақ формасы баяндауыш жасайды. Мысалы: Етіс баяндауыш жасайды: Ауру астан тыйылды.
Есімше баяндауыш жасайды: Ол екі күннен бері келмеген. Мен келмегенмін.Сен келмегенсің.
Көсемшелер жіктелу арқылы баяндауыш жасайды. Мен білмеппін.
Құрамына қарай баяндауыштар күрделі есім баяндауыштар, күрделі етістік баяндауыштар, күрделі етістік баяндауыштар, құрама баяндауыштар деп бөлінеді.
Етістіктен болған күрделі баяндауыштар
1. Негізгі және көмекші етістіктер арқылы жасалады, жақтық, шақтық форманы көмекші қабылдайды. Мысалы: Бабалар жазып кеткен.
Есім баяндауыштар
Есімдер жіктік, тәуелдік, септік формада тұрып баяндауыш болады.
Есім 1,2 жақта тұрса, бастауыш қатыспайды да, ал 3 жақта бастауыш міндетті. 3 жақта бастауыш міндетті. 3 жақта интонация арқылы ажыратылады:
Ол адам мынау. Ол- адам.
Жіктік жалғауда есімдер заттың (субьектінің) сапасын белгісін, мөлшерін білдіреді, тәуелдікте меншіктік, септікте қалып-күй мағынасын білдіреді.
Есімдіктер қай сөз табының орнына қолданылса, соған лайық синтаксистік қызметке ие болады. Баяндауыш болатыны, көбіне, сілтеу, жіктік, сұрау есімдіктері.
Бар, жоқ сөздерінің баяндауыш болуы
Бар, жоқ сөздері баяндауыш қызметінде жұмсалғанда бастауыштағы заттық ұғымның барлығының жақ, шақтығының сапа көрсеткіші болады: Бүгін сабақта -------- ов жоқ. Аудиторияда барлық студенттер бар.
Бұлар да бастауышпен жақ бойынша қиысады. Есімшемен тіркескенде қүрделі баяндауыш құрамына кіреді. Мысалы: Ол келген жоқ. Есім күрделі баяндауыштар
1. Есім күрделі баяндауыштар екі не одан көп есімдер тіркесіп бір ұғымда жұмсалып күрделі баяндауыш болады. Мысалы: Біздің отанымыз – Қазақстан Республикасы.
2. Күрделі сын есім, сан есіммен жасалады. Мысалы: Ажар ұзын бойлы, ақ құба. Аудан екі жүз жиырма шақырым.
3. Изафетті тіркестен тұратын есімдер тобынан жасалады. Мысалы: Өлең –сөз сарасы.
4. Негізгі есім мен көмекші есім тіркесінен жасалады. Мысалы: Келген жеріміз – жайла маңы.
Құрама баяндауыштар. Құрама баяндауыштар бұлар есім сөздер мен етістіктің араласынан жасалады: Жарқын қып-қызыл болып кетті. «қып-қызыл» бастауыштың куй қалпы, етістік – жақтық шақтық мағынаға ие. Құрама баяндауыштың негізгі сөздері зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, еліктеуіштен болады. Көмекші сөздері – көмекші етістіктер (бол,кел, көр т.б.), модаль сөздер (тиіс,сияқты,шығар, болар, көрінді т.с.с.) болып келеді.
Мысалы:
Мен – мен едім, мен едім
Мен ұстаз болуға тиіспін.
Құрамы жағынан қарасақ есім мен етістік болған тұрақты тіркес те құрама баяндауышқа жататын сияқты. Мысалы: Әкем көзіме оттай басылды.
Бір есімге көмекші етістіктің модаль сөздің бірнешеуі тіркеіп құрама баяндауыш бола береді: Ол арқылды болып көрініп тұрған сияқты.
Баяндауыштың белгілі бір жақтық мағынада айтылып, сол тұлғада тұруын бастауыштың жақтық мағынасы билейді. Мен, сен, сіз, біз, сендер, сіздер есімдіктері I, II жақтың бастауышы болады, қалғандары III жақтың бастауыштары.
Қиысуға ықпалы бар басқа сөздер де бар. Айталық,өздік есімдігі тәуелдік жалғауының қай жағында тұрса, жіктік есімдігінен болған бастауышпен теңесіп, баяндауышпен солайша қиысады. Мысалы:
Өзім қазақпын. Өзіміз қазақпыз.
Өзің қазақсын. Өздерің қазақсыздар.
Өзіңіз қазақсыз. Өздеріңіз қазақсыздар
Өзі қазақ. Өздері қазақ
1.Бастауыш пен баяндауыштың арасында сызықша мынадай жағдайда қойылады: 1) Бастауыш тәуелдік жалғауда, баяндауыш атау тұлғада тұрса (қимын мамандықтың бірі - ұстаздық);
2. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы есім сөздерден болса (Абай- ұлы ақын); 3. Атау тұлғалы ьастауышқа деген көмекші етістігі тіркесіп, баяндауыш атау тұлғада тұрса (Ән деген – қиын өнер);
4. Бастауыш атау тұлғада тәуелдік жалғауда, баяндауыш тұйық етістік формасының өзінде атау тұлғада тұрса (Менің кәсібім – бал оқыту. Ең сенімді жол – қайта құру.); 5. Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш атау тұлғадағы есім сөзден болса (Халықа қызмет ету – ардақты борышымыз.);
6. Бастауыш пен баяндауыш тәуелдік тұлғада тұрса (Оның досы –мменің досым;
Білетінім -білмейтінім);
7.Бастауыш тәуелдік тұлғадағы сандық, реттік мағына беретін есім сөзден, баяндауыш атау не тәуелдік тұлғадағы есім сөзден болса (Келгеннің бірі - Әйтен, екіншісі – менің ағам);
8. Бастауыш есім сөзден, субстантивтенген сөздерден, баяндауыш атау тұлғадағы сілтеу есімдігінен болса (Оның айтқаны - сол);
9.Сілтеу есімдігінен болған бастауыш өзінен кейінгі сөздің анықтауышы болып кетпеу үшін, одан соң сызықша қойылады (Бұл – спектакль басталған кез еді);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет