Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис



бет52/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60
52. Шартты сабақтас.
Бағыныңқы комонентi басыңқы компоненттегi iс-әрекеттiң шартын бiлдiретiн сабақтасты шартты бағыныңқылы сабақтас деймiз.


А.Байтұрсынұлы: Шартты бағыныңқы
Көсеу ұзын болса, қол күймейді. Мұнда бағыңқы сөйлем — «қол күймейді», бағыныңқы сөйлем — «көсеу ұзын болса». Қалай етсе (не етсе) қол күймейді? көсеу ұзын болса; қол күймеудің шарты - көсеу ұзын болуында. Ішінде шарты болғандықтан, бағыныңқы сөйлемдер шартты бағыныңқы деліп аталады.
Шартты бағыныңқының белгісі сұрауында емес, ішінде шарт болуында. Сондықтан шартты бағыныңқыны сұраумен емес, шарт барлығынан табамыз.
Мысалы: 1) «Тоқпағы зор болса, киіз қазық жерге кірер». Мұнда киіз қазық жерге кіруіне тоқпағы зор болу шарт (шарт тоқпақтың зор болуында). Сондықтан «тоқпақ зор болса» деген сөйлем шартты бағыныңқы болады.
2) Берсең, аларсың. Мұнда алудың шарты беруде (сен берсең саған басқалар да береді). [1,167]
Жасалу жолдары:
-Шартты бағыныңұылы сабақтас сөйлем жасаудың ең негізгі және өнімді тәсілі бағыныңқылы компонеті шартты райға аяқталатын түрі. Шартты рай тұлғасы(-са/-се): Соған бекінген тәуекелің рас болса, сарапқа салар күнім туды. Домбырамды қолға ласам, ағылған күй мен жыр көрем. Өміріме көз салсам, жайнаған жарқын нұр көрем. (Ж.Жабаев)
- көсемше тұлғасының болымсыз түрi(-ма+й) Жан қиналмай, іс бітпес. Саусақ бірікпей, ине ілікпес. (мақал)
- көсемше тұлғасының болымсыз түрi(-ма+йынша) Бастық оңбайынша, колхоз шаруасы оңбайды.
- есiмше тұлғасы(-ғанда/ -генде) Егер дін шырмап қалмағанда, үлкен ғалым болаты түрі бар екен. Мен тастан қорған соқпағанда, айдаһар бәріңді де жұтып қоятын еді.
Шартты бағыныңқыны мағыналық жақтан бiрде үш түрге (реалды, ирреалды, болжалды) ажыратылса, ендi бiрде екiге бөлiнедi(реалды, ирреалды) қарастырылады.
Реалды шарт бағыныңқы сөйлемдерде хабарланған оқиғаның мазмұнынан iс-әрекеттiң орындалғаны не орындалатыны белгiлi болып тұрады. Шартқа негiзделген оқиғаға нәтиженiң болмысы қайшы келмейдi. Мысалы: Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей(Абай).
Ирреалды шарт бағыныңқыда шартқа негiзделген оқиғаның нәтижесi iс жүзiнде жүзеге аспайды. Мысалы: Егер көңiлдi кiрбең ой баспаса, бүгiн Әбiш атқа мiнiп ап, ағындап шапқылар едi (М.Әуезов).
Болжалды шарт бағыныңқыда шарттың көрiнiсi реалды берiледi де, оның орындалу не орындалмау нәтижесi ықтимал, болжал түрiнде берiледi. Мысалы:Егер мен шақырсам, ақының бiздiң үйге келер ме… (С. Ерубаев).


Қосымша: «АБАЙ ЖОЛЫ» роман-эпопеясынан сабақтас құрмалас сөйлемдерге мысал:
Шартты бағыныңқылы сабақтас: Ырғызбаймен салысса, Жігітекте де қоныс аз, өріс тар. Басыңқы сыңарының баяндауышы аз, тар бірыңғай сапалық сын есімдері арқылы жасалған. Ірі қара дегенде сиыр болса, ол кесел қойдан да жаман екен. Басыңқы сыңарының баяндауышы жаман сапалық сын есімі мен көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған. Жалғыздық пен осы қаралылық иықтан баспаса, өмірдің мұны мойытар өзге күші жоқтай. Басыңқы сыңарының баяндауышы жоқтай қатыстық сын есімі арқылы жасалып тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет