Синтаксис терминінің мағынасын анықтап, оның салалары мен зерттеу мәселелерін баяндаңыз


Жалғаулы және жалғаусыз (мағыналық) қиысуды анықтап, мысалмен түсіндіріңіз



бет14/38
Дата26.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#143617
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Байланысты:
Емтихан сұрақтары Синтаксис-1

31.Жалғаулы және жалғаусыз (мағыналық) қиысуды анықтап, мысалмен түсіндіріңіз
Бастауыш пен баяндауыш екі жолмен қиысады: 1) жалғаулы; 2) жалғаусыз. Жалғаулы қиысу I, II жақтарда болады (Мұның мысалын жіктеуден көруге болады). Ал енді баяндауыш ашық райлы етістіктен болғанда, бастауыш пен баяндауыш III жақта да қиысады. Мысалы: Ол болады. Асқар болыпты. Жалғаусыз қиысу баяндауыштар есім сөздерден болғанда, III жақта байқалады. Мысалы: Ол – адам. Көз – көңілдің көрінісі. Сандық қиысу көптік мағынадағы әр түрлі жалғаулар арқылы жүзеге асады: - 1–жақта бастауышты баяндауышпен көпше трде –мыз, (-быз, -біз, -пыз, -піз); - қ,(к); лық (-лік); -дық(-дық, -дік, - тік) сияқты жақтық жалғаулар байланыстырады (әр қайсына мысал келтіріп үйреніңіз – автор); - 2-жақта бастауыш пен баяндауышты қиыстыратын – көптік жалғаулары (-дар, - дер, -лар, -лер, -тар, -тер). – 3-жақта сандық қиысудың көрісі болмайды. Бұл жақта сандық қиысу болу үшін баяндауыш бастауыштың сандық, көптік жайын ашу керек, ал баяндауыш бастауыштың спасын білдіріп бастауыш пен баяндауыштың арасында тұлғаның өзгелік болады, «Олар – ақылдылар» десек, үйлесіп сандық, жақтық тұрғыдан үйлесу болады.
32.Сандық және ауытпалы үшінші жақтық қиысуды анықтап, мысалмен түсіндіріңіз
33.Қыстырма сөз, қыстырма сөйлемдер, олардың тыныс белгілері
Қыстырма сөйлем – басқа сөйлем ішіне енген, бірақ ол сөйлемнің ешбір мүшесімен грамматикалық жағынан байланыспайтын сөйлем.
Сөйлеушінің түрлі көзқарасына байланысты қолданылатын сөздер не сөз тіркестері қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады:

  1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгенде, т.б.

  2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасындағы қыстырма сөздер: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, т.б.

  3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, демек, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғанда, т.б.

  4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп, т.б.

  5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, т.б.

Қыстырма сөздің тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз:
– сөйлем басында келсе, одан кейін;
– сөйлем ортасында келсе, екі жағынан;
– сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады.
Мысалы, Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Қорыққандықтан ба, әйтеуір, екі аяғы дірілдеп кетті. Менің айтқандарымды ұмытып кеттің-ау, сірә.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет