Синтаксистік парадигмалар


 Құрмалас сөйлемнің түрлері



Pdf көрінісі
бет178/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

3.5 Құрмалас сөйлемнің түрлері
3.5.1 Құрмалас сөйлемді топтастыруда қолданылатын ұстанымдар
Адам танымының кеңеюіне байланысты ойлау санаттары да, ойлау-
дың тікелей жемісі боп саналатын тіл де күрделену үрдісінен өтеді. Бұл 
сөйлем  құрылысының  күрделенуіне,  мазмұны  мен  мағыналық  қаты-
насының  тереңдеуіне  əкелетіні  сөзсіз.  Сөйлем  құрылысының  кеңейіп, 
мазмұнының күрделенуі тілдің абстрактілі таным процесінде, сондай-ақ 
оперативтік  есінің  кеңею  мүмкіншілігіне  де  əсер  ететіндігін  ғалымдар 
көрсетіп  жүр.  Осындай  үдерістер  нəтижесінде  қалыптасқан  полипре-
дикативті  құрылымдардың  негізі – жай  сөйлемдер.  Қазіргі  қазақ  əдеби 
тіліндегі құрмалас сөйлемдердің көпшілігі ауыз əдебиетінде де, ауызекі 
сөйлеу тілінде де қолданылып жүрген дəстүрлі құрылымдар ретінде та-
нылады.  Сонымен  қатар  ауызекі  сөйлеу  тіліне  тəн  құрылымдардың  өз-
геруі негізінде пайда болған құрмалас сөйлемдердің ерекше типтері де 
қалыптасқаны  байқалып  отыр.  Құрмалас  сөйлемдердің  көп  жылдық 
зерттелу тарихына қарамастан (С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, 
Т.Қордабаев, Қ.Есенов, Р.Əмір, Ұ.Сəлиева, О.Төлегенов, Қ.Мамытбеков 
жəне т.б.), тіл білімінің қазіргі даму жағдайында сөйлем құрылысы мен 
семантикасының  арақатынасы,  компоненттер  сипаты  мен  оның  құрма-
лас сөйлем сипатына тигізетін əсері синтаксистегі ең өзекті мəселелердің 
бірі болып отыр. 
Сонымен  қатар  өткен  ғасырдың  соңғы  ширегі  мен  жаңа  ғасырда 
тіл ғылымы соны серпіліспен дамып, жаңа салалармен толығып, тың 
тұжырымдар,  ағымдар  мен  бағыттар  қалыптаса  бастағанын  атап  өт-
кен жөн. Солардың бастылары синтаксис ғылымындағы семантикалық 
синтаксис, коммуникативтік синтаксис, мəтін синтаксисі, функционал-
ды  синтаксис  салаларына  қатысты  зерттеу  еңбектері  аталған  ғылым 
саласын  жан-жақты  сипаттап,  синтаксистің  дəстүрлі  грамматикада 
күңгірттеу  көрінетін  тұстарын  айқындай  түсетіндігі  сөзсіз.  Сонымен 
қатар жаңаның барлығы да алға шығып, прогрессивті сипатын сақтап 


202
203
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
қалған емес. Ғылымда тек озық жəне прогрессивті идеялар ғана қалып, 
қалғандары  уақыт  өте  ерте  ме,  кеш  пе  ұмытылып  жатады [51, 3 б.]. 
Сондықтан да құрмалас сөйлемдерді топтастыруда қазақ тіл ғылымы-
ның бай тəжірибесі мен жаңа бағыттардағы үстем идеяларды синтездеу 
қажет. Алдымен қазақ тіл білімінде жиі қолданылатын ұстанымдарды 
саралайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет