Коммуникемдер дегеніміз - грамматика тұрғысынан мүшелен- бейтін, белгілі бір атауыштық мағынасы жоқ немесе сондай мағы- насынан айырылған, тілде экспрессивтік қызмет атқаратын сөз немесе сөздердің тіркесуі арқылы жасалған, сөйлемдік қасиеті бар синтаксистің коммуникативтік бірлігі. Олардың басты белгілері
мыналар:
а) алғашқы мағынасынан бөлек жаңа мағыналық сипат алады; ə) бастауыш/баяндауышқа сараланбаса да, тұтас ақпараттық жүк арқалайды; б) құрамы жағынан бір сөзден де, сөз тіркесінен де жасалады; в) əртүрлі сөз таптары мен ішінара фразеологизмдерден жасалады; г) ешқандай құрылымдық схемаға бағынбайды; ғ) эмоционалды-экспрессивтік мағынасы жағынан ерекшеленеді де, айрықша интонациямен айтылады; д) көбінесе иə/жоқ тəрізді мүшеленбейтін сөйлемдердің мағынасына сай жұмсалады; е) ең бастысы – мағынасы контексте ғана ашылады. Коммуникемдер функционалды-семантикалық жақтан былайша топ-
тастырылады:
1. Этикетті коммуникемдер (Ассалаумағалейкум! Қош бол!