Синтаксистік парадигмалар


Көріскенше күн жақсы! т.б.)



Pdf көрінісі
бет305/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Көріскенше күн жақсы! т.б.). Мысалы: - Ассалаумағалейкум! - Сізге 
тыныштықтық, амандық тілеймін! деген хабар мазмұны шықса, оған 
жауап  ретіндегі  Уалайкүміссəлем!  -  Өзіңізге  де  соны  тілеймін  деген 
мағынаны береді.
2. Мақұлдау/мақұлдамау, тыйып тастау, құптау коммуникемдері (Иə 
саған!; Жақсы!; Жарайды; Құп; Əлбетте!; Енді қалай деп ең!; Олай 
болмаса,  игі  етті!;  Шүбəсыз!;  Сөз  жоқ;  Сөзсіз!,  т.б.).  Мысалы:  -  Сен 
маған көмектесесің бе? - Иə, саған! («жоқ, сен көмектесуге тұрмайтын 
адамсың!» деген мағынада айтылған) - Сен Тəттімбеттің күйін орын-
дай аласың ба? - Сол да сөз бе! («иə, Тəттімбеттің күйін орындау мен 
үшін қиын емес» деген мағынада қолданылған).
3. Келісу/келіспеу мағынасындағы əртүрлі сөз таптарынан жасалған 
сөздер (қайдағы; айтпа) де белгілі бір ой-ақпарат жүгін көтеріп, мүше-
ленбейтін коммуникемдер қызметінде қолданыла алады. Мысалы: - Əже, 
балаларыңыз көмектесіп тұратын шығар? – Қайдағы. Өздері бізге ауыз 
ашады. – Айтпаңыз.  Жастарға  өмір  сүру  қиын  боп  барады.  Мұндағы 
«қайдағы» келіспеу, яғни «жоқ, көмектеспейді» сөйлеміне синтаксистік 
синонимдес болса, «айтпаңыз», керісінше, «иə, айтып тұрғаныңыз рас, 
жастарға өмір сүру қиын, олардың өмірі қиындап барады»» сөйлемімен 
теңдес болады. 
4. Эмоционалды-бағалау коммуникемдері (Қайткені несі?; Апырмай 
ə,  қарай  гөр!;  Көрермін  бəлем!;  О  несі  екен?;  Жетпегені  сол  еді!;  Қа-
рай гөр өзін!; Мына кереметті қара!; Ой, алла!; Құдайым-ай!; Ай, сор-
лы!;  Ай,  бишара-ай!;  Ақымақ!;  Жынды!;  Есалаң!;  Есерсоқ!;  Маубас!; 
Суайт!; Байғұс!; Ұятсыз!; Албасты!; Жалмауыз!; Мешкей!; Мыстан!, 
т.б.). Мысалы: - Оны қайтейін деп едің? - Қайткені несі? Бастық бас-
тықтығын  істесін  бізге.  Басқарусыз  бола  ма  екен.  «Сондай  да  сұрақ
бересің-ау, түсінбейсің бе?» деген мағынадағы коммуникем.
5. Мəтін түзуші коммуникемдері - бұлар сөйлеуді айту жосығына қа-
рай шартты түрде айтылған кесінділерге бөлетін құрылыстық-ұйымдас-
тырушылық  рөлі  бар,  сөйлеушінің  ойын  не  жалғастыру,  не  аяқтау  ни-
етінен хабар беретін коммуникемдер: (Сосын; Сонымен; Солай де, т.б.). 
Мысалы: - Жан-жағыма  қарауға  шамам  келмей  зыттым  ғой. - Сосын. 
«Əрі қарата не болды?» деген мағынадағы коммуникем.
6. Бейтараптық мағынадағы коммуникем (мейлі): Құрмалас сөйлем-
де  мейлі  шылауы  талғаулықты  жалғаулық  қызметін  атқарса,  диалогте 
жеке  тұрып,  мүшеленбейтін  сөйлем  қызметінде  жұмсалады  да,  басқа 
біреудің  іс-əрекетіне  бейтарап  қараушылық  мағынасында  қолданыла-
ды. Мысалы: - Ұялсаңшы, елдер қарап тұр емес пе? - Мейлі! («Жастар 
əлемі»). Мұндағы «мейлі» сөзінің беріп тұрған мағынасы – «қараса қа-
рай  берсін», «маған  бəрібір»,  яғни  немқұрайлылықты  білдіріп  тұрған 
коммуникем. 
7. Күдік-күмəн мəніндегі коммуникемдер: кім біледі, қайдам. Мыса-
лы: - Ер жетті ғой, ақылы кірген шығар, еркелігін қояр. - Əй, қайдам. 


378
379
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
«Соның ақылының кіргеніне, қолынан бірдеме келетіндігіне көзім жетіп 
тұрған жоқ, күмəнім бар» мағынасындағы коммуникем. 
8.  Сендіру,  көз  жеткізу  мəніндегі  міне  сілтеу  есімдігі  арқылы  жа-
салған коммуникем: - Құжаттарыңыз бар ма? - Міне. Бұл мысалдағы 
«міне»  сілтеу  есімдігі  арқылы  жасалып  тұрған  сөйлемдерінің  беріп 
тұрған мағыналары: «алыңыз, қараңыз», «көріңіз». 
9. Алғыс-қарғыс, тілек, жақсы көру мəнді фразеологизмді коммуни-
кемдер. - Емтихан...  Диплом  алдым  ғой... – деді.  -  Қайырлы  болсын! 
(Р.С.). «Дипломыңның  қызығын  көр,  жақсылық  көбейе  берсін»  деген 
тілек мəніндегі мүшеленбейтін сөйлем.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет