Синтаксистік парадигмалар


Бастауыш. Бастауыштың өзіне тəн белгілері



Pdf көрінісі
бет56/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Бастауыш. Бастауыштың өзіне тəн белгілері
Бастауыш – екі  негізді  сөйлемдегі  бас  мүшенің  бірі.  Сөйлемде  ай-
тылған ойға негіз болатын, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не 
басқа сапаның иесі болатын мүшені бастауыш дейміз. 
Сөйлемнің  құрылымдық-семантикалық  компоненті  ретіндегі  баста-
уышқа тəн белгілер мыналар: 
1) сөйлемдегі бас мүше;
2) құрылымдық жағынан басқа мүшелерге тəуелсіз; 
3) сөйлемде атау септігі тұлғасында қолданылады; 
4) сөйлемдегі орны – баяндауыштың алды; 
5) айтылған ойдың, қимылдың субъектісі (иесі); 
6) сөйлемге «тема» ретінде қатысады. 
Əр түрлі оқу құралдарында бастауышқа тəн белгілердің бірі ретінде 
оның  сұрақтары  да  көрсетіледі.  Бірақ  бастауыштың  негізгі  сұрақтары 
ретінде  саналатын  кім?  не?  сөйлемде  басқа  мүшелерге  де  қойылады. 
Мысалы: Інім – оқушы. Кім оқушы? Інім кім? Сөйлемнің бастауышының 
да, баяндауышының да сұрағы - кім? Гүлнұр гүл екті. Гүлнұр не екті? Не 
сұрағы  сөйлемдегі  толықтауыш  мүшеге  қойылады.  Сөйлемде  кім?  не? 
сұрағына жауап беретін сөзді бастауыш деп тану үшін бастауышқа тəн 
негізгі белгілерді ескеріп отыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет